2. Студенттің психологиялық дамуындағы –іс-әрекеттің мәні.
Қазіргі жағдайда мамандарды кәсіби даярлаудың белгілі бір деңгейіндегі сапасы мен бағыты еңбек нарығында оның бәсекеге түсу қаблетінің негізгі шарты болып табылады. Кәсіби даярлық процесінде жоспарлау, білім алу,өзінің жоғары жеке қабілеті мен қажеттігіне жауап беру мүмкіндігі бар студент еңбек нарығында елеулі орын алуы заңдылық болып табылады. Осыған орай, маманды даярлау сапасы тек қана даму көрсеткіші және оқу орынын тәмәмдау факторы ретінде шешуші ролге ие болып қана қоймай, негізгі өмірлік табысы болып табылады.
Сондықтан жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды білім нәрімен сусындату, өз бетімен білім алуын, өзін-өзі тәрбиелеуін үнемі жетілдіріп отыру қажет.
Кәсіби педагогикалық әрекеттердің ғылыми ортақ категориясы тәрбие. Тәрбие сөзінің мағынасы – дүниеге келген қорғауды қажет ететін, өмірге қалыптаспаған жас баланың алғашқы тамақтануынан, қадам басуынан басталады. Тәрбие- жеке тұлғаны қалыптастыру жолында мақсатты және ұйымдасқан түрде жүзеге асырылатын процесс. Аға ұрпақ өзінің жинақталып, сараланған тәжірибесін кейінгі ұрпаққа беруі тәрбиенің кең әлеуметтік мәні болып табылады. Жас кезінде қалыптасқан әдет, дағды т.б. қасиеттер бала болашағының негізі. Егер жас күнінде есі, жадысы қалыптасып келе жатқан кезден бастап дұрыс тәрбиеге жүгінген бала тағдырының болашағы жарқын болмақ. Жас баланың жеке тұлғаға жетем дегенге шейін қаншама тәрбиелік ортаны, қарым-қатынас пен адамдар ықпалын бастан кешіреді. Сондықтанда бала өмірінде, тәрбиесінде үлкен маңызға ие балабақша, мектеп, университет сияқты орталарды дұрыс таңдау қажет. Осы аталғандармен қатар, бала әрдайым өзіндік тәрбие үстінде болады. Өзіндік тәрбие негізін өз бетімен білім алу, өзін-өзі жетілдіру, туа біткен талант немесе дарынын аңғарып өз бетінше дамыту, өзіндік дайындық т.б. жатады. Дегенмен өзіндік тәрбие өзгелердің көмегімен немесе ықпалымен, әсерімен болады. Кейбір жағдайларда біреуге еліктеу, табыну немесе құрмет тұтудан да өзін басқаша өзіндік тәрбиелеу пайда болуы әбден мүмкін. Тұлғаның қалыптасуы педагогикалық құбылыстың бірі болып табылады. Өзіндік тәрбиенің мәні субъектінің тәрбиеге араласу нұсқауларындағы әлеуметтік-мәдени үлгі ретінде тәрбиеленушінің өзі ғана бола алады.. Тәрбие процесі мен таным әрекетінің қалыптасып дамуын іске асыруда ортақ мақсат, өзіндік тәрбие мен өзіндік білім алудың ролі ерекше.
Өзін- өзі тәрбиелеу деп- адамның белгілі мақсатқа бағытталған, өз сапасын жетілдіру арқылы, кемшіліктерінен арылу әрекеті.
Сондықтан тұлғаның білімге ұмтылысы үнемі құпталып, жол көрсетіліп отырылуы тиіс. Осыдан кейін оқуға деген ынтасы, оған итермелейтін түрткісі, икемдейтін ерік қайраты пайда болады. Егер білімді меңгеруге оқуға өзі талпынбаса, ұмтылмайынша, өзіндік дара сапасын қалыптастырмайынша, білімге деген ізденісін тудырмайынша, оның адамгершілік,дүниетанымының қалыптасуы мүмкін емес.
Әр адамның іштей рухани қалыптасуы ең алдыменен өзінің ішкі сезімдерінің жұмысы бола тұрса да,оны тәрбие жұмыстары арқылы қанаттандырып, қолдап бағыт- бағдар беріп отыруға да байланысты - деген С.Л.Рубинштейн.
Өзін- өзі тәрбиелеу, өзін-өзі білімдендіру,қайта тәрбиелеу болашақ
маман тұлғасын қалыптастыруда ерекше орынға ие.