Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысын (БОӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі функциялар ескеріледі: - бірінші – оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы берген ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді;
- екінші - оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық жұмыстарды және т.б. орындауын көздейді.
Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп талап етіледі;
- Білім алушының үшінші функциясы – өздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау.
Білім алушы шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды;
- Білім алушының төртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, консультация алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді.
11. Емтихан сұрақтары. № 1 модуль бойынша сұрақтар: Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері пәні, оның маңызы.
Дене мәдениеті, оның бөлімдері.
Дене мәдениетінің қызметтері.
«Дене тәрбиесі», «дене қуаты дайындығы » дегеніміз не?
«Спорт» дегеніміз не ? Ол қандай бөлімдерге бөлінеді?
«Дене дамуы », «Дене қуатын жетілдіру» деген ұғымдарға жауап беріңіз ?
Дене мәдениеті жүйесі, оның мақсаты, міндеттері.
Дене мәдениеті жүйелерінің негіздері.
«Президенттік сынама» - адамдардың дене қуаты деңгейін анықтайтын негізгі сынақтар жиынтығы.
Дене тәрбиесінің негізгі және қосымша амалдары.
Дене тәрбиесі жаттығулары.
Жаттығулардың техникасы, орындау кезеңдері.
Қозғалыс техникасының сипаттамасы.
Жаттығуларды топтау.
Табиғаттың табиғи күші – дене тәрбиесінің қосымша амалы.
Гигиеналық себептер \факторлар\ - дене тәрбиесінің қосымша амалы.
«Әдістемелік тәсіл», «Әдіс», «әдістеме» дегеніміз не?