Жұмыс түрі |
Бір тапсырмаға қойылатын баға (max балл)
|
Тапсырма саны
|
Жиынтық баға
|
Рейтинг 1
|
1
|
Жеке тапсырмалар
|
10
|
10
|
100
|
2
|
Зертханалық жұмысты орындау және қорғау
|
10
|
10
|
100
|
…
|
Бақылау жұмыстары және коллоквиумдар
|
10
|
10
|
100
|
Барлығы
|
100
|
Рейтинг 2
|
1
|
Конспект, слайд
|
5
|
7
|
35
|
2
|
Зертханалық жұмысты орындау және қорғау
|
3
|
10
|
30
|
…
|
Онлайн лекция және практикалық сабақтарға қатысса
|
5
|
7
|
35
|
Барлығы
|
100
|
Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы академиялық кезең бойынша алынған барлық ағымдық және аралық бақылаулар бағасы қосындысының орташа арифметикалық мәні болып табылады:
ЖР = (АБ1 + АБ2 + АБ3 +…. +АБn + АрБ1 + АрБ2) / (n+2),
мұндағы ЖБ –емтиханға жіберу рейтингісі; АБ – ағымдық бақылау; АрБ – аралық бақылау; n – ағымдық бақылаулар саны; 2 – аралық бақылаулар саны.
Пән бойынша қорытынды бақылауға пән бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (барлық практикалық (семинарлық, зертханалық) жұмыстарды және БОӨЖ, БӨЖ бойынша тапсырмаларды орындаған және тапсырған), емтиханға жіберу рейтингісін (50 баллдан кем емес) жинаған білім алушы жіберіледі. Пән бойынша емтиханға жіберу рейтингісі оң баға болмаса (50 баллдан кем емес) білім алушы емтиханға жіберілмейді.
Пән бойынша қорытынды баға автоматты түрде төмендегі формула бойынша есептеледі:
Қ = (Р1+Р2)/2*0,6+емтихан бағасы*0,4,
мұндағы Р1 – бірінші аралық бақылау бағасы; Р2 – екінші аралық бақылау бағасы.
Пән бойынша қорытынды баға білім алушы тек емтиханға жіберу рейтингісі бойынша да, қорытынды бақылау бойынша да оң баға (50 баллдан кем емес) алған жағдайда есептеледі. Қандай да бір дәлелді немесе дәлелсіз себептермен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда «Емтихан бағасы» бағанасына «0» (нөл) қойылады. Пән бойынша аралық аттестация нәтижелері білім алушыға сол күні хабарланады.
Достарыңызбен бөлісу: |