Материализм - материяның алғашқылығы туралы
философиялық дүниеге көзқарас.
Идеализм идеяның алғашқылығы туралы философиялық дүниегекөзқарас.
Объективті идеализм– адам санасынан тәуелсіз идея.
Субъективті идеализм - адам санасымен байланысты идея.
Монизм – дүниенің алғашқы бастамасы бір субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас. Дуализм- дүниенің бастамасы екі субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас.
Плюрализм - дүниенің бастамасы бірнеше субстанциядан тұрады деп есептейтін философиялық көзқарас.
Философия дүниеге көзқарастың теориялық негізі болып табылады. Дүниеге көзқарастң түрлері мен әртүрлі класикалық формалары бар. Кең тарағаны - тарихи түрі. Оған келесі дүниеге көзқарастың түрлері жатады: мифологиялық, діни және философиялық. Негізгі мифологиялық дүниеге көзқарас қияли ойлар мен елестету болып табылады. Діни дүниеге көзқарастың негізі – сенім. Философиялық көзқарастың негізі –сана.