Су объектілерінің органолептикалық қасиеттерін анықтау Органолептикалық қасиеттер



бет4/12
Дата25.02.2022
өлшемі51,58 Kb.
#133369
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
stud.kz-20202
Документsssd, Презентация, методические указания по Педагогике, Документ (5)
Иістің қарқындылығы

Иіс білінуінің сипаты

Балл



















1.6 Кесте - Иістің қасиетін анықтау



Табиғи шығу тегі

Жасанды шығу тегі

Анық емес (немесе жоқ)

Анық емес (немесе жоқ)

Топырақты

Мұнай өнімді

Шіріген

Хлорлы

Көгерген

Сіркелі

Жертезекті

Фенолды

Шөптесін

Күкіртсутекті

Басқа (қандай екенін көрсетіңіз)

Басқа (қандай екенін көрсетіңіз)

Судың иісін, ауада бөгде иісі жоқ жерде зерттеу қажет. Иістің интенсивтілігін және қасиетін бірнеше зерттеушілер анықтаса дұрыс болар еді.


Иісті анықтау барысында 1,7 және 1,8 кестелерді нұсқау етіп қолданыңыз.

1.7 Кесте - Иістің қарқындылығы



Иістің қарқындылығы

Иіс білінуінің сипаты

Балл

Жоқ

Иіс сезілмейді

0

Өте әлсіз

Иісі сәл ғана білінеді

1

Әлсіз

Егер көңіл аударса, иіс білінеді

2

Айқын

Иіс оңай білінеді

3

Анық

Иісі көңіл аудартады, ішуге келмейді

4

Өте қатты

Иісі соншама қатты, ішуге мүлдем келмейді

5

1.8 Кесте - Иістің сипаты



Символ

Иістің сипаты

Иістің жуық түрі

Х

Хош иісті

Қиярлы, гүлді

Бат

Батпақты

Тұнбалы, балдырлы

Шір

Шіріген

Фекальды, ақаба

А

Ағашты

Ылғалды жоңқаның, ағаштың иісі

Т

Топырақты

Жаңа жыртылған жердің бозданған иісі

Бал

Балықты

Балық, балық майы

К

Күкіртсутекті

Шіріген жұмыртқа

Шөп

Шөпті

Жаңа шабылған шөп, пішеннің иісі

Бел

Белгісіз

Шығу тегі табиғи иіс

Бақылау нәтижесі бойынша 1.5 және 1.9 кестелерді толтырыңыз


1.9 Кесте - Иістің қарқындылығын бағалау



Пробирканың (колбаның) №

Баллмен бағалау

Иіс

1







2







3







және т.с.









Құрал-жабдықтар:_1)_калибрленген_термометр;_2)_үлгіні_іріктегіш_(судың_тереңдігін_өлшеу_үшін)._Жұмыс_барысы'>2-тәжірибе. Судың температурасын анықтау.
Құрал-жабдықтар:
1) калибрленген термометр;
2) үлгіні іріктегіш (судың тереңдігін өлшеу үшін).
Жұмыс барысы:
Термометрді үштен бір бөлігіндей ғана етіп, 5 минутқа суға
батырыңыз;
- термометрді судан алмай, көрсеткішін санап шығарыңыз(минималды бөлудің жартысына дейінгі дәлдікпен);
- жылулық ластануды зерттегенде, бір-бірінен 100 м қашықтықта суаттағы бірнеше орындардың су температурасын анықтаңыз. Температуралардың айырмашылығын есептеңіз.


3-тәжірибе. Судың түстілігін анықтау.
Түстілік – темір қосылыстардың кешенді және гуминді заттардың болуымен негізделген табиғи сулардың кәдімгі қасиеті. Судың түсі суат түбінің құрылымына және қасиетіне, су өсімдіктерінің сипаты және суатқа жақын келген топырақтарға, бассейндегі шалшық және жертезектерге, т. б. тәуелді болуы мүмкін.
Пробиркалардың биіктігі 10-12 см-дей су түсінің сипатын сапалы түрде анықтауға болады. Судың түсін немесе түстілігін анықтау, ақаба сулардың анализі немесе табиғи сулардың бояу сапалығының бағалануы бойынша ғана өзекті. Ауыз судың түсі болмайтынын білеміз.
Су бағанасының сәйкес биіктігі аспауы тиіс: шаруашылық-ауыз су суаттарының сулары үшін тағайындалады– 20 см; мәдени-тұрмыстық – 10 см.
Құрал-жабдықтар:
1) Биіктігі 15-20 см шыны пробирка;
2) ақ қағаздың бір беті (фон ретінде)
Жұмыс барысы:
- пробирканы 10-12 см-ге дейін сумен толтырыңыз;
- жеткілікті жарықпен (күндізгі, жасанды) ақ фонда пробирканы қарап, судың түстілігін анықтаңыз.
Төменде келтірілген 1.10 кесте бойынша сіздің жағдайыңызға сәйкес түстің астын сызыңыз немесе бос жолды толтырыңыз.

Кесте 1.10 - Судың түстілігі



Судың түстілігі

Әлсіз-сары

Ашық-сары

Сары

Интенсивті-сары

Қоңырлау

Қызыл-қоңыр

Басқа (қандай екенін көрсетіңіз)



4-тәжірибе. Судың лайлылығын (мөлдірлілігін) анықтау.
Судың лайлылығы шығу тегі әртүрлі ерімейтін немесе коллоидты бөлшектердің, судағы өлшенген ұсақ дисперсті қоспаларға негізделген. Судың лайлылығы кейде басқа сипаттарымен негізделеді:
- Тұнбаның болуы, ол едәуір көзге көрінетін, үлкен, өте үлкен немесе болмауы да мүмкін (мм);
- ірі дисперсті қоспалардың немесе өлшенген заттар санының болуы (1л суға қоспа массасының 1мг өлшенеді);
- мөлдірлілік су бағанасының биіктігін өлшегендей болады, одан қараған кезде, ақ қағаздағы стандартты мөрлі шрифт көріну керек.
Биіктігі 10-12 см лайөлшегіш пробиркадағы бағанның лайлану дәрежесі бойынша, лайлылықты анықтау үшін визуальді әдісті қолданады. Пробирканың лайлылығын келесі сапа бойынша анықтайды: мөлдір; әлсіз опалесцирентті (минералдың атауы – қараңғы фонда жақсы бақыланатын, бүйір жарық барысында коллоидты ерітінділердің жарықтану құбылысы); опалесцирентті; әлсіз лайлы, лайлы, өте лайлы. Көрсетілген кәдімгі әдісті біз лабораториялық, дала жағдайлары үшін ұсынамыз.
Құрал-жабдықтар және реактивтер:
1) пробиркалар;
2) модельді ерітінділер.
Жұмыс барысы:
- Биіктігі 4 см стандартты шрифтің үстінен, суы жақсы араластырылып құйылған цилиндрді қою қажет;
- шрифті әлі оқуға болатын, бағанның биіктігін тауып, цилиндрге суды құйып немесе одан төгіп, шрифтті су бағанының үстінен қарайды;
- зерттеуді жарығы түзу түспейтін, жақсы жарықтанған жерде жүргізеді;
- өлшеуді 2-3 рет қайталап, нәтижесінде орташа мәнді алады. Бақылау нәтижесі бойынша 1.11 кестені толтырыңыз.

Кесте 1.11 – Су үлгісінің лайлану дәрежесі



Лайлану дәрежесі

Пробирканың нөмірі

Лайлылығы жоқ




Әлсіз опалесцирентті




Опалесцирентті




Әлсіз лайлы




Өте лайлы






5-тәжірибе. Судың дәмін және татымын анықтау.
Табиғи ауыз суының ластануына күмәндық тумаған жағдайда судың дәмін бағалау жүргізіледі. 4 дәмді ажыратады: тұзды, қышқыл, ащы, тәтті. Қалған дәм сезінулерін татымдар деп есептейді (хлорлы, тұзды және т. б.). Санитарлы жағынан күдік туғызатын көздер және ашық суаттардан басқа, дәм және татымды шикі (қайнатылмаған су) суда анықтайды.
Дәм және татымның интенсивтілігін бесбаллдық шкала бойынша бағалайды. Зерттелген судың дәмін және татымын анықтағанда, стақаннан суды ұртып, ауызда жұтпай 3-5 секунд ұстайды.
Құрал-жабдықтар және реактивтер:
1) қасық, 200 мл стақандар – 5 дана;
2) тұз;
3) қышы;
4) қант;
5) лимон;
6) қайнатылған су.
Жұмыс барысы:
1 нұсқа:
- пробирканы жартылай сумен толтырыңыз;
- пробиркадан 10-15 мл сұйықтықты алып, бірнеше секунд аузыңызда ұстаңыз да, оның дәмін және татымын анықтаңыз. Сұйықтықты жұтпаңыз. Су дәмі мен татымның қарқындылығын анықтап, 1.12- кестені толтырыңыз.

1.12 Кесте - Дәм және татымның сипаты мен қарқындылығын анықтау



Дәм және татымның қарқындылығы

Дәм және татымның пайда болуының сипаты

Дәм және татымның
қарқындылығын бағалау



2 нұсқа:
1) бес стақанға 100 мл қайнатылған судан құйыңыз;
2) суда ерітіңіз:
- 1-стақанда 1 қасық қантты (үлгі № 1);
- 2-стақанда 1 қасық тұзды (үлгі № 2);
- 3-стақанда 1 қасық қышыны (үлгі № 3)
- 4- стақанда 1 қасық лимон шырынын (үлгі № 4);
- 5-стақанда тек қайнатылған су (үлгі № 5).
2) әр стақаннан кейін қасықты құрғақ сүртіп, сұйықтықты жақсылап араластырыңыз;
3) әр стақаннан 10-15 мл сұйықтықты ұртып, ауызда бірнеше секунд ұстап оның дәмін және татымын анықтаңыз. Бір ретте екі үлгіні ғана зерттеп, 5 минут үзіліс жасаңыз;
4) үлгі үшін сумен араластырып, әртүрлі концентрациялы ерітінділерді жасаңыз;
5) әр стақанға 2 есе, үстінен 100 мл су қосып, дайындаған ерітінділердің дәмі мен татымның интенсивтілігін анықтаңыз. Дәм және татымды бағалау үшін 1.13 кестені қолданыңыз.

1.13 Кесте - Дәм және татымның қарқындылығы



Дәм және татымның қарқындылығы

Дәм және татымның пайда болуының сипаты

Дәм және татымның
қарқындылығын бағалау

Жоқ

Сезілмейді

0

Өте әлсіз

Бірден сезілмейді, бірақ ұқыпты дәл бағалауда анықталады

1

Әлсіз

Егер көңіл аударса, білінеді

2

Көрінетін

Оңай білінеді, және жақсы
сипатталмайды

3

Анық

Көңіл аударарлық, ішуге келмейді

4

Өте қатты

Өте қатты, су ішуге жарамсыз келеді

5

Бақылау нәтижесі бойынша 1.14 кестені толтырыңыз


1.14 Кесте - Дәм және татымның қарқындылығының сипаты



Үлгі (ерітінді)

Дәм және татымдар

1




2




3




4




5





Судың химиялық құрамын анықтау


Сабақтың мақсаты: студенттерге судың химиялық құрамы туралы ұғым беріп, әдістермен және принциптермен таныстыру.
Тапсырма – судың химиялық құрамын анықтау. Карбонат және гидрокарбонат аниондарын анықтау. Нитрат анионын анықтау. Судағы бос көмірқышқылын анықтау. Судың жалпы кермектілігін анықтау.
1-тәжірибе. Карбонат және гидрокарбонат аниондарын анықтау
Жұмыстың мақсаты: Карбонат және гидрокарбонат аниондарын судың кәдімгі компоненттері ретінде қарастырып, оларға сандық әдісті қолданып анықтау.
Карбонат және гидрокарбонат аниондарын анықтау химия тұрғысынан алғанда, ең қызықты құбылыстардың бірі болып табылады. Анықтау титриметриялық болып келеді және индикатор түрінде метилоранж пен фенолфталеиннің барысында аниондардың сутек иондарымен реакциясына негізделген. Осы екі индикаторды қолданып, эквиваленттің екі нүктесін бақылауға мүмкіндік беріледі: бірінші нүктеде рН 8,0-8,2 фенолфталеиннің барысында карбонат – аниондардың, екінші нүктеде рН 4,1-4,5 – гидрокарбонат – аниондардың титрленуі толығымен аяқталады. Судың үлкен және жалпы сілтілігін, қышқылдың (гидроксо – карбонат – және гидрокарбонат – аниондар), тұтынуын қамтамасыз етіп, титрлеудің нәтижесінде зерттелген ерітіндіде негізгі иондардың концентрациясын анықтауға болады. Себебі, олар гидроксо – карбонат – және гидрокарбонат аниондарының құрамынан стехиометриялық тәуелділікте болады. Титрлеу үшін концентрациясы – 0,05 г-экв/л немесе 0,1 г-экв/л дәл мәні белгілі тұз қышқылының титрленген ерітінділері қолданылады.
Карбонат аниондарды анықтау мына реакцияға негізделген:
Н+ + СО32- = НСО3-
рН көрсеткіші 8,0-8,2 суларда ғана, аналитикалық тұрғыда анықталатын концентрацияларда карбонат аниондарын анықтау барысында, зерттелген суда гидроксо – аниондарының болуы бейтарап реакцияны береді:
Н+ + ОН- = Н2О
Гидрокарбонат– аниондарын анықтау мына реакцияға негізделген:
Н+ + НСО3- = СО2 + Н2О
Сөйтіп, фенолфталеин бойынша титрлеуде реакцияда қышқылмен ОН- және СО32- - аниондары, ал метилоранж бойынша титрлеуде – ОН-, СО32-, және НСО32- - аниондары қатысады.
Құрал-жабдықтар және реактивтер:
1) метилоранж индикаторының сулы ерітіндісі (0,1пайыз);
2) фенолфталеин индикаторының ерітіндісі;
3) титрленген (0,05 г-экв/л) тұз қышқылының ерітіндісі;
4) алмұрт тәрізді рәзеңкемен жалғастыратын түтік және 2 мл немесе 5 мл тамызғыш;
5) тамызғыш (капельница);
6) 10 мл белгісі бар ыдыс.
Жұмыс барысы:
А) Карбонат анионын титрлеу.

- Ыдысқа 10 мл белгісіне дейін суды құю;
- тамызғышпен 3-4 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосу. Ерітіндінің түсі әлсіз немесе мүлдем болмаған жағдайда, үлгіде карбонат– иондары жоқ деп есептеледі;
- біртіндеп ұштығы бар өлшеуіш шприц немесе өлшеуіш тамызғыш арқылы 0,05 н тұз қышқылының ерітіндісімен әлсіз-қызғылт түске дейін титрлейді және фенолфталеин бойынша титрлегенде, кеткен, тұз қышқылының ерітіндісінің көлемін анықтаңыз;
- карбонат- аниондардың массалық концентрациясын төмендегі (2) формула бойынша шығарады:
Ск = Vк • 300 (2)
мұндағы Ск – карбонат- ионның массалық концентрациясы, мг/л;
Vк – титрлеуге кеткен тұз қышқылы ерітіндісінің көлемі, мл.
Ерітіндіні карбонат анионын титрлегеннен кейін келесі гидрокарбонат- анионынның массалық концентрациясын анықтау үшін қалдырыңыз.
Б) Гидрокарбонат анионын титрлеу.
- Колбаға 10 мл белгіге дейін суды құйыңыз;
- 1-2 тамшы метилоранж ерітіндісін қосыңыз;
тұз қышқылының 0,05 н ерітіндісін сары түстен қызғылт түске дейін титрлейді және метилоранж бойынша титрлеуге кеткен тұз қышқылы ерітіндісінің көлемін анықтаңыз;
- гидрокарбонат- анионның массалық концентрациясын келесі (3) формула бойынша есептейді:
Сгк = Vгк • 305 (3)
мұндағы Сгк – гидрокарбонат анионның массалық концентрациясы, мг/л;
Vгк – титрлеуге кеткен ерітіндінің көлемі, мл.

  1. карбонаттың қаттылығын келесі (4) формула бойынша есептеңіз:

Қк = Ск • 0,0333 + Сгк • 0,0164 (4)
мұндағы Ск – карбонат- ионның массалық концентрациясы, мг/л;
Сгк – гидрокарбонат- анионның массалық концентрациясы, мг/л;
0,0333 және 0, 0164 – осы аниондардың кері эквивалентті массалық өлшемдеріне тең коэффиценттер.


2-тәжірибе. Судағы сульфаттарды анықтау
Жұмыстың мақсаты: сульфаттарды судың кәдімгі компоненттері ретінде қарастырып, оларға сандық әдісті қолданып анықтау.
Сульфат анионның массалық концентрациясын анықтау әдісі, реакция бойынша барий сульфаты ерімейтін суспензиясының пайда болуымен, барий катиондармен сульфат аниондарының реакциясына негізделген


Ba2+ + SO42- = BaSO4
Сульфат иондардың концентрациясы, барий сульфаты суспензиясының саны бойынша бағаланады және ол турбидиметриялық әдіспен анықталады. Турбидиметриялық әдістің ұсынылған қарапайым нұсқалардың бірі, тұнықтылығы бойынша суспензия баған биіктігінің өзгеруіне негізделген және 30 мг/л артық емес сульфат аниондардың концентрациясы барысында қолданылады.
Анализді тұнық суда орындайды (қажеттілік туған жағдайда суды фильтрлейді). Суда, ауыз су шаруашылық суаттарда сульфаттардың ШРК-сы 500 мг/л құрайды, зиянның шекті көрсеткіші – органолептикалық.
Құрал-жабдықтар және реактивтер:
1) Барий нитратының (қаныққан) ерітіндісі;
2) тұз қышқылының (20 пайыздық) ерітіндісі;
3) лайөлшегіш, алмұрт тәрізді рәзеңкемен (медициналық шприцпен) жалғастыратын түтік және 2 мл немесе 5 мл тамызғыш;
4) тамызғыш (капельница);
5) түбінде нүктелі суреті бар лайөлшегіш рәзеңкелі фиксатор-сақинасы бар пробиркалар;
6) тығын (лайөлшегіш пробиркаға арналған).
Анализге дайындық:
Лайөлшегіш экранды тірегішке 450 жуық бұрыш жасап орнатады. Жұмысты сиретілген жарықта (200-500 лк) жүргізеді.
Лайөлшегіштің әр саңлауына резеңке сақина кигізілген лайөлшегіш пробирканы, оның төменгі бөлігі 1 см қашықтыққа жуық лайөлшегіштің ойығына шыққандай етіп орналастыру қажет (пробирканың түбі экраннан 2 см-ге жуық қажетті қашықтықта орналасады).
Анализді орындау:
1) түбінде суреті бар 2 пробирканы лайөлшегіштің саңлауына орнатыңыз;
2) пробирканың біреуіне 100 мм (20-30 мл) биіктікке дейін суды құйыңыз;
3) пробирканың құрамына тамызғышпен тұз қышқылы ерітіндісінің 2 тамшысын және барий нитраты ерітіндісінің 14-15 тамшысын қосыңыз; Абай болыңыз: барий нитраты уытты!
4) құрамын араластыру үшін, пробирканы тығынмен дұрыстап жауып, шайқаңыз;
5) ақ тұнба (суспензия) түзілу үшін ерітіндісі бар пробирканы 5-7 мин қалдырыңыз;
6) құрамын араластыру үшін, жабық пробирканы тағы шайқаңыз;
7) бірінші пробирканың түбінде нүктесі көрінгенше, тамызғышпен пайда болған суспензияны екінші (бос) пробиркаға ауыстырады. Бірінші пробиркадағы суспензия бағанның биіктігін өлшеңіз (һ1 мм). Бақылауды суретте көрсетілгендей 450 бұрышта орнатылған, жарықты айналмалы лайөлшегіш экранға бағыттап, жүргізеді;
8) суреті көрінбейінше, суспензияны ауыстыруды жалғастыра бересіз;
9) екінші пробиркадағы суспензия бағанның биіктігін өлшеңіз (һ2 мм);
10) суспензия бағанның биіктігін орташа арифметикалық өлшеумен мына (5) формула бойынша есептеңіз

h1 + h2(5)


11) 1.15 Кесте бойынша сульфат-анионның мг/л концентрациясын анықтаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет