Қазiргi кезде республикамыздың егемендiгi мен бейбiтшiлiгiн сақтауда тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән берiлiп отырғандығы Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы “Бiлiм туралы“ Заңында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм“ бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң республика халқына жолдауларында, Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамаларында, “Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясында“, “Бала құқығы туралы декларацияда“ және үкiметтiң құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ағымдағы басылым беттерiнде айқын аңғарылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм” бағдарламасында тәрбие жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты - “қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi сапалық қасиетiн қалыптастыру” – деп бүгiнгi ХХI жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделiп отыр.
Еліміздің алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттердің қатарынан көрінуі, экономикалық еркiн аймаққа мүше болуға ұмтылысы, бiздiң алдымызға үлкен маңызды мiндеттердi жүктейдi. Бүгінгі жаһандану үрдісінде патриотизм ұғымы тек мемлекеттiк тұрғыда ғана емес, әлемдiк деңгейде бейбiтшiлiк пен тыныштықты сақтау мәселесi тұрғысынан қарастырылады. Қазақстандық патриотизмді әлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры деп айтуға болады.
Сурет 1 –
Тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастырудың теориялық-тұжырымдамалық негіздері
«Қазақстандық патриотизм - Қазақстанды мекендейтiн барлық ұлт пен ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекетi әлемдiк биiктен көрiну жолында бiлiм, мәдениет, экономика, әлеуметтік тұрғыда
дамуына жағдай жасай отырып, елiмiздегi бейбiтшiлiкті, бiрлiк пен тәуелсiздiктi сақтау үшiн барлық күш - жiгерiн жұмсау»,- деп тұжырым жасадық.
Бүгiнгi жаһандану үрдiсiнде, патриотизм ұғымы халықтар мен ұлттардың өз Отанына, мемлекетiне деген сүйiспеншiлiгiмен қатар, әлемдiк дамудың тыныштығы мен бейбiтшiлiгiн сақтау үшiн барлық күш жiгерiн жұмсау, яғни жалпыадамзаттық патриотизм тұрғысынан қарастырылады.
Патриоттық құндылық дегенiмiз - елi мен туған жерiн, Отанын сүю, мемлекеттiң тәуелсiздiгi мен бейбiтшiлiгiн, әлемдік тыныштықты сақтау үшiн күресу, өзінің ана тілін, дінін, салт дәстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы iзгiлiк қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейрiмдiлiктi, ұлтаралық мәдениеттi дамыту.
Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың негізгі көзі – отбасы, әулет, әлеуметтік орта, аймақ, мемлекет, әлемдік кеңістік болса, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық - қазақ патриотизмі, ұлттық патриотизм, Қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық патриотизм арқылы көрініс бере отырып, тұлғаның бойында құндылықтың жоғары көрсеткіштері -мемлекет және ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық сана, және ұлттық тарихқа, салт-дәстүрге деген сүйіспеншіліктері қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |