«Свободный орта мектебі» мм модульдік технология бойынша оқыту



бет1/10
Дата23.08.2017
өлшемі1,03 Mb.
#25372
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Свободный орта мектебі» ММ Модульдік технология бойынша оқыту


Жүсіпова Тілектес Хамитқызы қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі.

Модульдік технология бойынша оқыту 2015

«Свободный орта мектебі» ММ

Ақмола облысы

Есіл ауданы



Свободный ауылы



Мазмұны.






Мазмұны


3




Жаңа оқыту технологиялары


5-6




Модульдік технология туралы
Оқу модулінің кіріспе бөлімі
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі
Оқу модулінің қорытынды бөлімі
5 сынып 8 модуль
Тірек сызбалар, суреттер
Мақал – мәтелдер, өлеңдер
Тапсырмалар
«Еңбек.Мамандықтар» сабақ жоспары


7
8-9
9-14
14-15
16-17
18-22
23-26
27-32
33-38




«Оқу орындары» сабақ жоспары

39-45












































«Сабақ – бұл өмір анасы және өмірдің өзі.

Оның ұлы қызметін кім суреттей алады?

Жер бетіндегі білімді өз жүрегінде кім

Қорыта алады, шәкірттерін оятып,

Оны биік шыңдарға кім жетелей алады?»



46

3



4




Қатаркөл ауылшылық колледжі

СЕРТИФИКАТ
Свободный орта мектебінің
9 сынып оқушысы
Қабылдау

Комиссиясының мүшелері:

  1. Жүсіпова Т.Х.

  2. Ильгундинова М.Н.

  3. Сулейменова М.Ш.



45

0қққ



44



Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгерумен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның

орнына жаңасы келуде.

Бүгінгі таңда педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

Қазақстан Республикасының он екі жылдық орта жалпы білім беру концепциясында келесі білім беру мақсаты бекітілген: өз талаптарын сондай-ақ динамикалық максималды түрде жүзеге асыратын, дамып келе жатқан ортада өмір сүре алатын, білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.

«Жеке тұлға тәрбиелеу – бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:

  • адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;

  • өзіне және өзімен, өзінің дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;

  • іс жүзіне асырылып жүрген әлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі, мінез –құлық әрекеттерінің жиынтығы;

  • шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;

  • сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы және т.б.» ( Г.К.Селевко)

Әлемдегі білім берудің дамуының стратегиялық бағытының бірі – оқытудың дәстүрлі репродуктивтік стилінен өтіп, білім берудің жаңа дамып келе жатқан, оқушылардың таным белсендігін, өз бетімен ойлау қабілетін жетілдіретін моделіне көшу, оқу–тәрбие үрдісінің ұйымдастыру мен мазмұнына өзгеріс енгізуіне лайық жол табу, жаңа технологияларды қолдану. Осы міндеттерді шешуге оқыту технологияларды қолдану. Қазіргі уақытта П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (УДЕ) технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амоношвилидің ізгілікті – тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген.

Оқыту технологиясының нұсқасының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеру ғана емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: яғни, жадының

алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.), ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін –өзі өзектендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға: белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша) дамытуға бағытталуы.

М.Жанпейісованың модульдік технологиясына сүйене отырып, модульдік сипаттау (Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі)

(С.И.Ожегов).

Модульдік технологияның маңызды шарты – оқушыларды, оқу құралдарын пайдалануына болатындығы, сондай-ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы.

Қайта жаңғыртылатын оқу циклі ретінде оқу модулі үш

құрымдылық бөлімнен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.


Кіріпе бөлімі

(модульге, тақырыпқа енгізу)

Сөйлесу бөлімі

(оқушылардың танымдық қызметін өзара

сөйлесу негізінде ұйымдастыру)

Қорытынды бөлім

(бақылау)


Әрбір оқу модулінде сағат саны әртүрлі.

Оқу мазмұнына «өсу» бағытымен - қарапайымнан күрделіге, репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық ізденіске қарай бірнеше мәрте қайта оралу әрбір оқушының оқу материалын қарапайым білім деңгейінен «білімді бағалау» деңгейіне дейін меңгеруіне мүмкіндік береді.

Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс негізінен сыныпты шағын топтарға бөлу арқылы оқушылардың өзара әрекеті негізінде, осы бөлімге түрлі ойын технологияларын енгізе отырып құрылады. Мұғалім негізінен кеңесші және оқушылардың танымдық процесін ұйымдастырушы рөлінде болады.
Оқу модулінің кіріспе бөлімі

Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды (тақырыпты) оқып – үйрену үш негізгі кезеңнен: кіріспе – қызықтырушылық, операционалдық – танымдық және рефлексиялық – бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс (Л.М.Фридман)

Аталмыш модульде кіріспе – қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады.

Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге және не үшін оқып –үйренулері керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түсінуі қажет.

Психологтар дәлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсатты түсінуі (мақсаттың қозғаушы, қызықтырушы күш болуы) аса маңызды.

Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.

Сөйтіп, оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:

1.Оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады

2.Оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе, бұл мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушының «қабылдауына», түсінуіне ерекше көңіл бөледі.

3.Тірек сызбаларға (белгілік үлгілерге) сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша (15 – 20 минут ішінде) түсіндіреді.
Оқу модульдің сөйлесу бөлімі


Оқу модулінің сөйлесу бөлімін даярлағанда, оқушылар

оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетінін есепке алу керек, бұл бөліктерде қысқаша, сиымды түрде тұтас тараудың (тақырыптың) мазмұны беріледі.

Пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш күрделік деңгеінде (қарапайым, орташа дәреже, күрделі)

дайындалады. Үш деңгейдің қайсысын таңдайтынын әр оқушының өзі шешеді.

Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда оқушылардың өзара сөйлесуінің арқауы және құралы болады.

Сөйтіп, мұғалімнің сөйлесу бөлімін дайындаудағы 5 әрекет –қадамнан тұратын даярлық құрылымы қалыптасады
Сөйлесу бөлімін құру қағидалары.
Сөйлесу бөлімінің жұмысы төмендегідей негізгі қағидаларды есепке ала отырып құрылады:

Оқу материалын бір тұтас беру қағидасы.

  • «Өсу» бағытымен оқып – үйрену қағидасы (басында шағын түрде, соңынан – мазмұнын біртіндеп аша отырып, көлемін арттырып, қосымша толықтырулар мен фактілер енгізу арқылы). Бұл оқушының оқу материалын бөлек-бөлек емес, кешенді түрде, тұтас тарау (тақырып) бойынша пысықтауын білдіреді.

  • Сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқу модулінің тақырыбына «қайта оралып отыру» қағидасы (оны қайталаумен шатастыруға болмайды) . Іс жүзінде тақырыпқа оқу материалының көлемі жағынан да «өсу» бағытымен қайта оралып отыру меңгерілген білімді бекіту үшін қажет.

Мұғалім тұлғаны дамытатын кез келген қызмет емес, тек орындау барысында жағымды эмоциялар тудыратын қызмет қана екеніне көңіл аударуы тиіс. Оқушыға оқу, танымдық қызметпен айналысу ұнап, ол ақыл – ой жұмысынан қанағаттануы тиіс.

Кейбір қатысушыларға өз қызметінің нәтижелеріне қол жеткізу маңызды болса, енді біреулеріне – өзіндік ойлау қызметі маңыздырақ.

Міне, сондықтан да ұсынылған оқу модулінің сөйлесу бөлімінде мұғалім әрбір оқушыға үш деңгейлік тапсырмалар әзірлейді.

I деңгей тапсырмалары оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған. II және III деңгей тапсырмалары оқушылардың бағдарлама материалдарын мемлекеттік білім стандарты деңгейінде игеруін көздейді.

Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формаларына қарай тапсырмаларды карточкаларға – яғни, өзінше бір «бағыттаушы парақтарға» жазуға болады, мұнда не істеу керек және қалай тексеруге болатыны (дайын жауап үлгілері бойынша бірін-бірі және өзін-өзі тексеру арқылы) көрсетіледі.


Егер сабақ формасы – ойын (кез келген түрі) болса, онда тапсырмалар тақтаға жазылуы немесе жазбаша түрде берілуі мүмкін.

Ұжымдық және топтық жұмыс формаларында тұтас сыныпқа бірдей жоғары күрделілік деңгейінде беруге болатынын атап өту қажет.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің бірнеше ерекшеліктері бар, оларға назар аудару керек.

1.Бұл бөлімде оқыту және оқу:

а) дамытушы болады, соған байланысты мұғалімнің оқушылар мүддесіне бейімделуі қажет. Бұдан шығатыны: оқу процесін әрбір оқушының қисынды ойлау қабілетін, ауызша және жазбаша тілін, қабілеттіктерін, танымдық қызметке қызығушылығын дамытуға бағыттап, жағдай туғызу керек.

ә) даярлаушы болады, яғни, модульдің қорытынды (бақылау) бөліміне шығуға даярлайды.

Оқыту және дамыту – өзара күрделі қатынастағы процестер.

Жоғарыда атап өткеніміздей, баланың көптеген тұлғалық психикалық қасиеттері, психологтардың пікірінше, жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып, қалыптасады. Егер оқушының жеке өзіндік қызметі, оның үстіне, жоғарыда айтылғандай, қиындықты жеңіп, жаңалық ашып, жақсы нәтижеге жетуінен және ең бастысы, танымдық қызметтің өзінен жағымды эмоциялар алатындай қызметі ұйымдастырылмаса, онда мұғалімнің баланы танымға «жетелеп енгізбек » болған әрекеті күтілген нәтиже бермейді (яғни, тұлғаны дамытпайды).

К.Роджерстің пікірінше, мұғалім ондай жағдайды жасай алады, тек ол үшін келесі қағидаларды басшылыққа алуы тиіс:

1.Балаларға әрқашан сенім көрсетуі;

2.Оқушыларға оқытудың мақсаттары мен міндеттерін белгілеп, нақтылауға көмектесуі;

3.Оқушылардың оқуға деген ішкі қызығушылығына мән беруі;

4.Әртүрлі тәжірибенің қайнар көзі ретінде, оқушы қиындыққа кездескенде әрқашан кеңес алуға болатын тұлға ретінде тұруы;

5.Мұғалім әрбір оқушы үшін осындай рөлде болуы;

6.Топтың көңіл – күйін сезіну және оны қабылдау қабілетін дамытуы;

7.Топтық өзара әрекетке белсенді түрде қатысуы;

8.Топта өз сезімін ашық білдіруі;

9.Әрбір оқушының сезімі мен көңіл толқуларын түсінуге мүмкіндік беретін эмпатиялық дәрежеге ұмтылуы;

10.Өз – өзін жақсы білуі тиіс.

Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын дамытудың маңызды факторы болып табылды.

С.Ф.Занько, Ю.С.Тюнникова және С.М.Тюнниковалардың пікірінше, оқу және дидактикалық ойындардың айырмашылығы мынада: оқу ойындары формасы бойынша ойын, мазмұны бойынша – оқу, ал дидактикалық ойын мектептегі оқуды ұйымдастырудың қалыптасқан түрін тек толықтыру болып табылады.

Оқу ойыны – бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру күнделікті сабақ барысында, 4 – 11 сынып оқушыларын оқытуда оқу ойындарын қолданудың жоғары тиімділігін көрсетті.

Ойындарды оқу модулінің сөйлесу бөлімінде қолдануға баса назар аударсақ, мұнда негізінен оқыта үйрету ойындары пайдаланылады, өйткені олардың мазмұны баланың оқудағы еңбегі болып табылады.

Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.

Оқу модулінің қорытынды (бақылау) бөлімі

тест
сынақ
диктант
бақылау жұмысы
семинар
оқу конференция

Бұл бөлім тарауды немесе тақырыпты оқытудың тұтас циклін аяқтайтын соңғы бөлімі (рефлексиялық – бағалау кезеңі).

Нақ осы бөлімде оқушылар өз қызметін талдайды, яғни, бағалай алады. Оқу модулінің қорытынды бөліміне:

Біріншісі – міндетті тестілеу.

Екіншісі - мұғалімнің өз таңдауы бойынша (пәннің, тақырыптың, тараудың өзіндік ерекшелігіне орай) – сынақ, бақылау жұмысы, диктант.

Екі немесе одан да көп бақылау түрлерін қолдануға болады, өйткені оқу материалын игеру дәрежесін бір ғана тестілеу арқылы анықтау мүмкін емес.

Қорыта келе, тестілеуді – бақылаудың қажетті түрі, бірақ ол бақылаудың басқа түрін қайталап қолдануды керек етеді деп есептейміз.

Оның мақсаты:

а) білім деңгейін әділ бағалау

ә) бағасын жақсартуға (жоғарырақ ұпай алуға) мүмкіндік беру.

Модульдік технологияны тиімді түрде қолдану оқушылардың білім деңгейінің сатысын көтереді, түрлі интеллектуалды сайыстарда, турнирларда білім көрсеткішін жоғарылатады. Модульдік технологияда оқыту нәтижесінде сабақтарда оқушылар өз бетімен сабақ мақсатына шыға алады, танымдық әрекетке белсене араласады.

ИМОТ(интерактивтік модульдік оқыту технологиясы) сабақтың әр кезегіндегі оқушылардың өз бетімен жасаған іс-әрекетін қолдану тәжірибесін талдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өздік жұмыс кезіндегі оқушы мен ұстаздың іс – әрекетінің алгоритімін құруға мүмкіндік береді немесе сабақтың әр кезеңінде өз бетінше жұмыс жасауды ұйымдастыру технологиясын істеуге жағдай жасайды. Сонымен қатар өздік жұмыс жасау кезіндегі кездесетін мәселелерді шешуге, ұсыныстарды құруға, тақырыптарды дамытуға мүмкіндік береді.

Модульдік технологияны өз тәжірибемде біраз жылдары

қолданамын.

Бесінші сыныпта қазақ тілі пәніне берілген 170 сағатты тоғыз молульге бөлдім.

Әр модульді бастар алдында оқушыларды сол модульге салынған тақырыптармен, модульдің үш бөлімімен, тірек сызбалармен интерактивті тақта арқылы таныстырып өтемін.

Енді 8 – модульдің өтілу барысымен таныстырамын.
Лексикалық тақырып: Еңбек. Мамандық.

Грамматикалық тақырып: Етістіктің шақтары.

Нені үйрену қажет?

Жаңа сөздерді, сөз тіркестерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрену.



- Етістіктердің шақтарын айырып, жасалуын дұрыс қолдана үйрену.

Нені білу тиіс?

- Тақырып бойынша сөйлей білу.

- Осы тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білу.

- Етістіктің жұрнақтарын қолдана білу.

Сөздікпен жұмыс:

Жан, болғым келеді, аулау, болғанды ұнату, емдеу, жалқау, қалағаныңды таңдай біл,түсу, жырту, керек, тасу, егінші, диқан,шашылу, қызығу, қай жақтан, диірмен, ұн, қастерлеу, қарап тұру, тарту, жан-жақтан, өсіру, арғы тегім, жеп көру, байқау, көсілу, тұрғызу, жарқырату, не білдіңдер, сақ тұру, көз ілмей, ат мініп, үстіңдегі, бұл жайлы, самғау, айдын, шарлау, жағу, шекара, білгенің, өріс,шыдау, қой жаю, тауып келу, ғарыш,зулату, тілу,мұхит, мүлдем мазасыз, қойма, сұрамайтыны жоқ,мата тоқитын фабрика,мақташы, ескі, жетім, ақсақ құмырысқа, мұрат, көзі түсу,құлау, тынбай талпыну.

Кім болғым келеді?

... болғым келеді.
МЕН ... болуды армандаймын.

... болғанды ұнатамын.
мұғалім дәрігер наубайшы

егінші жүргізуші
шаштараз сатушы
аспаз әнші
биші сауыншы
кітапханашы құрылысшы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет