Байланысты: ЖОО мен ЖОБМ физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:Педагогикалық технологиялар.Дамыта оқыту технологияларының ерекшеліктері
16 - дәріс. Тақырыбы: ЖОО-ғы оқу жұмысын ұйымдастыру формалары
Мақсаты: ЖОО-ғы оқыту жүйесін талдау
ЖОО-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының жарғысына сәйкес алқалы басқару қағидаттарында жүзеге асырылады.
ӘАОО басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, ӘАОО қызметінің қағидаларына және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
ЖОО-ның білім беру қызметі
1. ЖОО-ның білім беру қызметі академиялық саясат негізінде жүзеге асырылады, ол білім беру қызметін жоспарлау мен басқару және студентке бағдарланған оқытуды іске асыруға және білім сапасын арттыруға бағытталған оқу процесін тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар, қағидалар және рәсімдер жүйесін білдіреді.
2. Академиялық саясат ЖОО-ның алдында тұрған басымдықтар мен міндеттерді ескере отырып, білім саласындағы қолданыстағы заңнама негізінде әзірленеді.
Академиялық саясаттың құрылымы мен бағыттарын ЖОО дербес айқындайды.
3. ЖОО-ға білім алушыларды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
ӘАОО-ға білім алушыларды қабылдау тиісті деңгейдің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдаудың қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
4. ЖОО-да жоғары білімі бар кадрлар даярлау мазмұны мен оқыту мерзімдері бойынша әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша оқытудың күндізгі, кешкі, сырттай, қашықтықтан оқыту нысандарында және экстернат нысанында жүзеге асырылады.
5. ЖОО-да жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлау мазмұны мен оқыту мерзімдері бойынша әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі нысанда жүзеге асырылады.
6. ЖОО-да оқу жылы 1 қыркүйектен басталады және академиялық күнтізбеге сәйкес аяқталады. ӘАОО-дағы оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайды.
7. ЖОО-ның оқу-әдістемелік жұмысы білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады.
ӘАОО-ның оқу-әдістемелік жұмысы тиісті уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Әскери, арнаулы оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады.
8. ЖОО-ның білім беру қызметі оқыту нәтижесі мен құзыреттілік негізгі рөл ойнайтын және білім алушылар үшін білім беру процесінің басты қорытындысы болып табылатын студентке бағытталған тәсілдің негізінде кредиттік оқыту технологиясы бойынша жүзеге асырылады.
ӘАОО-ның білім беру қызметі тиісті уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әскери, арнаулы оқу орындары қызметінің қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
1. Корпоративтік басқару қағидаттары ӘАОО қоспағанда, ЖОО-да байқау немесе қамқоршылық кеңестерін, немесе директорлар кеңесін құру арқылы іске асырылады.
Алқалы басқару қағидаттары ЖОО-да ғылыми, оқу-әдістемелік, ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестер құру арқылы іске асырылады. Корпоративтік және алқалық басқару органдарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және (немесе) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының ішкі ережелерімен регламенттеледі.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған ЖОО-да заңнамада айқындалатын тәртіппен байқау кеңестері құрылады.
2. ЖОО қызметін тиімді басқарудың негізгі құралы стратегиялық жоспарлау болып табылады.
3. ЖОО ұйымдастыру-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарай заңнамаға сәйкес өздерінің даму стратегияларын және (немесе) даму бағдарламаларын және (немесе) даму жоспарларын әзірлейді.
4. ЖОО-ның қызметін тікелей басқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын (сайланатын) және қызметтен босатылатын ЖОО ректоры (басшысы) жүзеге асырады.