Syllabus «жоо мен жобм физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы»


Өздік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек



бет25/63
Дата07.02.2022
өлшемі232,54 Kb.
#87027
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
Байланысты:
ЖОО мен ЖОБМ физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы

Өздік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:
- өздік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс; - өздік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек; - әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.
Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
- мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
- жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
- мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігі; олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
- оған әсер ететін мотивтер.
Өздік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:
а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену).
ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар).
Өздік жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері:
1. Түрлі құралдар арқылы оқушылар білім, іскерліктерін дамыту жиілігі байқалады.
2. Үлгермеушілерді анықтау және іріктеу.
3. Олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау арқылы меңгеру.
4.Оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себебін зерттеу, анықтау.
5.Оқу материалын меңгеру заңдылықтары. Оқушы кез келген оқу үдерісіне дайын болуы.
Cтуденттің өздік жұмысын ұйымдастырудың жолдарын қарастырған әдіскер М.И. Қожамбердиева студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу технологиясы мынадай элементтерден тұратынын атап көрсетеді:
- студенттердің өздік жұмыстарын жоспарлау,
- әдістемелік қамтамасыз ету,
- бақылау және орындалу бағасы,
- талдау және жетілдіру.
Демек әдістеме ғылымында өздік жұмысты арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырып, өзіндік пікірлері мен көзқарастарын ұсынған ғалымдар аз емес. Студенттердің білімін өз бетімен толықтыруда өздік жұмыстардың маңызының ерекше екендігін С.И. Архангельский, С.И. Зиновьев, В.А. Сластенин, Р.А. Низамов, Х.Сүлейменов, Ж.Е. Сәрсекеева, С.Г. Тәжібаева, Р.Шаханова, Т. Ахметова т. б. ғалымдар да атап көрсетті. Болашақ маманға жоғарғы оқу орны теориялық білім берумен қоса, өз бетімен ізденісі мен зерттеушілік әрекеттерін дамытып, алған білімді ғылыммен, кәсіби әрекеттермен байланыстыра білу дағдысын қалыптастыруды көздейді. Оқу орнынан алған дағдысы бойынша маман өмір бойы ізденеді, білімін толықтырады, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы нәтижеге қол жеткізеді. Осындай қабілеттілікке жетелейтін қажетті құрал өздік жұмыс екені ақиқат. Өздік жұмыс білім алушыларды өздігінен ізденуге, мамандығына қажетті ақпаратты өз бетінше табуға үйретеді және соның жолында еңбектенуге, күш-жігердің арқасында нәтижеге жетуге құлшындырады. Бұл турасында әдіскер ғалымдар сөз қозғап, өздік жұмыстың тиімділігі жөнінде дәлелдерін ортаға салып жүр. В.А. Сластенин: «Өздік жұмыс студент өзіне қажетті білімді игеретін, білім, білік дағдыларын меңгеретін жүйелі жұмыс істейтін, дербес ойлай алатын, өзіндік ақыл-ой стилін қалыптастыратын оқыту формасы болып табылады»,- десе, Т.Ахметова: «...мамандардың танымдық әрекетін қалыптастырып, оларды дербес шешім қабылдай алуға үйретеді. Қоғамдық өмірге белсенді қатысып, өз бетінше іс-әрекет жасай білу қабілетін дамытуға мүмкіндік жасайды»,- деп көрсетеді. Студенттің өздік жұмысы – оқытушының көмегінсіз, аудиториядан тыс оқу материалын тереңірек зерттеп, өзіндік талдауы, жинақтауы, қорытындылауы, нәтижесін практикада қолдана алуы. Осы межеге жету жолында ғылыми әдебиеттерді, зерттеу еңбектерді, мақалалар, сөздіктер, көркем әдебиеттер, ақпараттық басылымдар, интернет жүйелерін т.б. пайдалану арқылы өз бетімен ізденеді. Студенттің орындаған жұмыстары әсіресе, пікір, түйіні кең көлемдегі конспект, тезис түріндегі конспект, баяндама, реферат, мақала, көлемді ғылыми мәтіндерден глоссарий түзу, шағын сөздіктер құрау, кестелер түзу, т.б өз бетімен шешімін тапса, онда ол студенттің шығармашылығы болып саналады. Осындай шығармашылыққа білім алушыны алып келу үшін өздік жұмысты ұйымдастыруда нақтыланған тапсырмалар жүйесі құрылуы қажет. Өздік жұмысты жүйелі құрып, нақты тапсырмаларға бағыттау үшін тиімді әдістердің бірі – «Жобалау» әдісін қолдану тиімділігін танытты. Жобалау әдісі –XX ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап әдістеме ғылымында қолданыста бар әдіс. Студенттің танымдық қызығушылығының тұрақты болып, оның үздіксіз даму үрдісінде шығармашылықпен жұмыс істей отырып білім алуын қамтамасыз ете алатын, жаңа заман талабына сай жаңғыртып қолдануға лайықты әдістердің бірі деп санауға болады. Бұл туралы ғалым Е.С. Полат былай дейді: « Жобалау әдісінің негізі “жоба”(проект) сөзінің мазмұнына құрылған идеядан туындаған. Оның мақсаты тәжірибелік немесе теориялық маңызы бар мәселелерді шешуде алынатын нәтижеге бағытталады. Бұл нәтижені көруге, пайымдауға немесе нақты тәжірибелік әрекетке қолдануға болады. Мұндай нәтижеге жету үшін студенттердің өз бетінше ойлануға; жобаны орындау үшін білімнің әртүрлі саласын қамтуға; нәтижеге жету үшін оны шешудің әртүрлі жолдарынан келетін зардаптарды алдын-ала болжауға; бір-біріне көмектесіп, жұмыла жұмыс істеуге үйретеді». Жоба бойынша әр студент белгілі тақырып аясында өз бетінше ізденеді. Ол үшін алдымен алынған тақырып бойынша жоба жасалынады. Жобаны берілетін білімнің пәндік-мазмұндық белгілеріне қарай, әрекет түріне қарай, студенттер санына қарай және жобаның жүру мерзіміне қарай бірнеше түрлерге бөлуге болады. Атап айтқанда: шағын жобалар, пәнаралық жобалар, ізденушілік жобалар, шығармашылық жоба, ақпараттық жоба, рөлдік ойындар түріндегі жобалар, тәжірибеге арналған жобалар,т.б. Топтағы студенттердің санына қарай жеке, топтап, жұптап беруге болады. Жобаның түрін анықтау берілер білімнің мазмұнына байланысты оқытушының таңдауы бойынша ұйымдастырылады. Білім беру үрдісінде аталған жобалардың бәрін бірлікте пайдалану тиімділігі айқындалады. Яғни, бір жоба аясында білім алушылардың ізденушілік, ақпараттық, зерттеушілік, шығармашылық жұмыстармен шыңдалатыны айқын. Сонымен бірге оларды белсенді танымдық әрекетке жұмылдырып, бірлесіп, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыландырады. Бірін-бірі тыңдай білуге, сыни тұрғыдан ойлауға, өз пікірлерін еркін айта білуге үйрететін дамытушылық маңызы да басым тұрады. Жобаны жұптық немесе топтық формада ұйымдастыру үшін студенттердің психологиялық жағынан сәйкестігін ескерген жөн. Жоба тақырыбы әр топ үшін бірдей болғанымен, әр мүшесінің тапсырмасы әртүрлі болуы шарт. Әр студент өзінің тапсырмасына жауапкершілікпен қарап, өз бетімен жұмыс істеуге мәжбүр болады. Олардың тиянақтылығы мен өзіндік іскерліктерінің биік деңгейде болуы жобаның нәтижесін көрсетеді. Жұмыс неғұрлым ізденімпаздықпен, шығармашылықпен орындалған жағдайда жобаның сәтті аяқталуына негіз бола алады. Жобалау әдісі арқылы тапсырмаларды орындау барысында білім алушылар жоба бойынша міндеттерді шешуге алдын ала болжам жасай білуге, өз әрекетін өз бетінше жоспарлауға,алынған мәліметтерді өз бетінше талдай алуға, пікір айтуға, сөздіктермен, анықтағыштармен, интернет жүйелерімен, кітапхана жүйесімен жұмыс істей білуге де үйренеді. Өздік жұмыс түрлі тапсырмалар жүйесінде беріледі. Мәселен, реферат, баяндама, конспект, сөздіктермен жұмыс, курстық жұмыс, коллоквиум, ғылыми мақала, мәлімдеме, жеке сұхбаттасу, бейнетүсірілім, дипломдық жұмыс, т.б. Мұндай тапсырмаларды орындау өзінің пән бойынша жинақтаған теориялық білім, білігін практикада дәлелдей алуына негізделеді. Студент пәннің аясынан кеңірек шығу арқылы ғылыми тұрғыда, проблемалық жағдаяттарға өзінше көзқараспен шешім шығару арқылы, білімнің өзіне қажетті деңгейін саралап, екшеп ала алатындай дәрежеге жетуі тиіс. Сондықтан жобалау әдісі студенттерді жан-жақты дамытуда озық әдістердің бірі саналып, әлемнің көптеген елдерінде тәжірибеде қолдау тапты. Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыруда ғалым В.П. Беспальконың ұсынған тапсырмалар жүйесін негізге алудың өзіндік қолайлылығы бар. Репродуктивтік, вариативтік тапсырмалар жүйесінде шығармашылық әрекетке алғашқы қадамдар жасалады. Бұрын қалыптасқан білім қорын жетілдіре түсу үшін, оны терең дамыту жолында ғалым ұсынған ізденімдік және шығармашылық тапсырмаларды орындау маңызды. Студентке оқытушы тарапынан шығармашылық тапсырмаларды ұсыну кезінде оған қойылатын талаптардың орындалуы шарт. Шығармашылық тапсырма студентті белгілі бір шығармашылық жұмысқа бейімдейтіндей, ғылыми көзқарасының қалыптасуына әсер ететіндей, проблемалық жағдай туғызып, оны студенттің өзі шешудің жолын іздеуге мәжбүрлейтіндей деңгейде болуы қадағаланады. Осындай деңгейдегі өзіндік жұмыстар ғана білім алушының ойлау қабілетінің барлық мүмкіндіктерін іске қосады. Өзіндік шешім қабылдай алу шеңберіне дейін жеткізе алады. Студенттің бойына мұндай қасиеттер жинақталған уақытта оның ғылымға келуіне де мүмкіндік туады. Талдау, жинақтау, жүйелеу, салыстыру, дәлелдеу, тұжырымдау біліктерін меңгерген студент өз шығармашылығын дамытады, өзінің алған теориялық білімін оқу және кәсіби жағдайда қолдана аларлықтай біліктілігі жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет