1769 ж. өлкеге жасалған алғашқы ғылыми экспедициясының бірін П.С.Паллас басқарды. Оның жол-сапары Симбирск, Орынбор, Илецк, Орск, Жайық қалашығы – Гурьев, Орынбор, Уфа арқылы өтті. Бұл экспедицияның нәтижесі П.С.Палластың “Ресей империясының әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат” деген үш бөлімнен тұратын еңбегі болды.1769-1772 жж. Н.Рычков әскерлер құрамында Қара Торғай, Терісаққан, Есіл аймағында, Усть-Уйск, Крутояр, Троицк бекіністері төңірегінде мәліметтер жинастыру жұмысын жүргізді. Кейінірек оның “Капитан Н.Рычковтың 1771ж. қырғыз-қайсақ даласына саяхатының күнделік жазбалары” деген еңбегі жарық көрді.
Достарыңызбен бөлісу: |