Т. Л. Яндулова жаратылыстану əдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата18.02.2020
өлшемі0,88 Mb.
#58301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
phphAOCpn Zharatylystanu Metodika 4 Kaz-4


Рефлексивтік-
түзетушілік 
Педагог қорытынды жасайды. 
Рефлексия:  адамның  түрлі  көңіл 
күйін 
білдіретін 
бейнелер 
салынған  кеспеқағаздарды,  көңіл 
күйді 
түспен 
білдіру, 
эмоционалдық  көркем  безендіру 
(картина, 
музыка 
үзіндісі) 
Сабақты 
қорытындылауға 
қатысады. 
Рефлексия  аясында  өзінің  табыстылық 
деңгейін анықтайды.  

30 
 
пайдаланады. 
 
 
Күтілетін нəтиже:  
айта алады:  саңырауқұлақтың бірнеше түрін ажыратып, атайды; 
түсінеді: саңырауқұлақтарды неліктен жеуге жарамды жəне жарамсыз деп атайтынын; 
қолданады:  дидактикалық ойын шеңберінде саңырауқұлақтарды ажырата алу дағдыларын. 
 
№ 6 ҰОҚ 
 
Білім салалары: Таным, Əлеумет 
Бөлім: Жаратылыстану 
Тақырып:Ағаштар мен бұталар.  
Мақсат:  табиғаттың  жанды  нысандары  туралы  түсініктерін  жүйелеу.  Балабақша  аумағындағы 
жəне жақын маңайдағы өсімдіктерді (ағаштар мен бұталар) ажырату жəне атай білу дағдыларын 
дамыту. Өсімдіктер əлеміне қызығушылығын тəрбиелеу. 
Алдын  ала  жүргізілетін  жұмыстар:  қолынан  келетін  еңбек  əрекеті;  иллюстрацияларды, 
фотоларды  қарастыру;  бейнетүсірілімдерді,  таныстырылымдарды  қарау;  аудиожазба  тыңдау, 
жұмбақтар шешу, қарапайым тəжірибе жұмысы, зерттеу серуендері, өлең жаттау.  
Жабдықтар  мен  материалдар:  ағаштардың,  жапырақтардың  иллюстрациялары,  ағаштар  мен 
бұталардың суреттері, планшет (фотоаппарат). 
Сөздік жұмыс:ағаш, бұта, шөп, тамыр, дің, сабақ, бұтақ, жапырақ. 
Билингвалды компонент:  ағаш – дерево 
 
 
Жұмыс 
кезеңдері 
Педагогтің басқарушылық 
қызметі  
(Əдістер, тəсілдер) 
Балалардың іс-əрекеті 
 
Ынталандыру-
қызығушы-
лықтарын ояту 
Педагог  жұмбақ  жасыру  арқылы 
оқу қызметіне жағымды көңіл күй  
қалыптастырады.  
 
Өлең оқиды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жұмбақ шешу 
Күн жылынса киінді, 
Суытса шешті киімді. 
                            (Ағаш) 
 
Бақшамызда көп ағаш, 
Өскен жақсы əр ағаш. 
Ең əдемі, меніңше, 
Құс ұясы бар ағаш. 
 
Аппақ қайың, қарағай –  
Қосылыпты табысып. 
Сұлу терек, жасыл желек, 
Құшақтасып қабысып. 
Қарағайым, жұпар майың 
Жібек желмен аңқиды. 
 
Егістікті көлемді 
Қоршай ектік еменді. 
Ескен желден егінді. 
Қорғап тұрар ол енді. 

31 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бұрыннан бар білімдерін қайталау. 
Балабақша  ауласында  өсіп  тұрған 
ағаштардың  атауларын  кімнің 
білетінін  анықтайды.  Табиғатта 
үлкен  бір  патшалық – өсімдіктер 
патшалығы 
бар 
екенін 
хабарлайды. 
Өсімдіктер 
патшалығында  үш  қала  бар. 
Бірінші  қала – ағаштар.  Екінші 
қала – бұталар.  Үшінші  қала – 
шөптер.  
Балаларға  балабақша  ауласына 
саяхатқа шығуды ұсынады.  
Көше бойы аралас 
Қаптап өскен қара ағаш. 
Жемісі жоқ болса да, 
Саясы көп дара ағаш. 
 
Гүлзар бақта мекені 
Көрген кезде жөкені 
Елтіп жұпар иісіне, 
Ара қаптап кетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Педагогтің 
ағаштар 
мен 
бұталарды 
зерттеуге шақыруын қабыл алады. 
 
 
Ізденістік-
ұйымдасты-
рушылық 
 
 
 
 
 
Өзекті  сұрақ:  Қайсысы  ағаш, 
қайсысы 
бұта? 
Олардың 
ұқсастығы мен ерекшелігі неде?  
Педагог  қорытынды  жасайды: 
ағаштар – ең  үлкен  өсімдіктер. 
Олар  көп  жыл  өмір  сүреді. 
Ағаштардың 
діңі 
болады. 
Бұталардың 
бойы 
ағаштардан 
төмен  болады.  Олардың  бірнеше 
жіңішке  сабақтары  болады.  Діңі 
болмайды. 
Ең 
кішкентай 
өсімдіктер – шөптер.  Олардың 
сабақтары жіңішке. Олар ұзақ өмір 
сүрмейді.  
 
Педагог  балаларға  ойын  ұсынады: 
«Оның ... бар, бұл не?»: нысанның 
бөліктерін атайды. 
 
Педагог 
балаларды 
қайыңға 
əкеліп,  оны  зерттеуді  ұсынады 
(дəл  осы  жоспар  бойынша  кез 
келген  басқа  ағашты  зерттеуге 
болады). 
 
Жерге 
түскен 
қайың 
жапырақтарын 
көтеріп, 
оның 
жерде  жатып,  солып  қалғанын 
анықтауды ұсынады.  
Балалар  ағаштарда  тамыр,  бір  дің  жəне 
жапырақтар 
бар 
екенін 
анықтап, 
дəлелдейді.  Бұталарда  тамырлар,  көп 
сабақтар жəне жапырақтар бар.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
П: Оның тамыры бар, бұл не?  
Б: Шөп, ағаш, гүл, бұта. 
 
Ағаштарды, 
шөптерді, 
бұталарды 
көрсетеді.  
 
 
Мұның  қандай  ағаш  екенін  анықтайды, 
қайыңның  діңін  көрсетеді,  оның  жуан 
немесе  жіңішке  екенін  анықтап,  айтады. 
Бұтақтарын көрсетеді. Олар қандай – жуан 
ба,  жіңішке  ме?  Түсі  қандай?  Қайыңның 

32 
 
Жылдың  қай  мезгілі?  Ағаштарға 
күзде  не  болады? (Ол  ұйықтайды, 
қысқа дайындалады). 
 
 
 
 
 
Ағаштар 
мен 
бұталардың 
атауларымен танысу.  
Педагогтің  хабарламасы:  Ағаштар 
–  көптеген  жануарлар  үшін  тұрақ, 
пана.  Ағаштан  жиһаз,  қағаз,  ағаш 
ойыншықтар, 
ыдыс, 
музыка 
аспаптарын  жасайды.  Ағаштар  біз 
тыныс  алатын  ауаны  зиянды 
заттардан 
тазартады, 
олар 
сонысымен  пайдалы.  Бұтақтарды 
сындырып,  жапырақтарды  жұлуға 
болмайды.  Ағаштарды  қорғап, 
жаңасын егу қажет.  
 
Жан-жағына  қарап,  балабақшада 
ағаштан жасалған заттарды атауды 
сұрайды.  
 
 
Сергіту сəті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Əліппе-дəптердегі 
тапсырманы 
орындауды ұсынады. 
діңін сипайды, ол қандай (Жұмыр, майда). 
Түсі  қандай? (Мұндай  ақ-қара  дің  тек 
қайыңда  ғана  болатынын  түсіндіру). 
Қайыңда 
қандай 
өзгерістер 
болған? 
Ағаштың  жапырақтары  қайда  кеткен? 
Олар  көп  пе,  аз  ба?  Жапырақтар  қайда 
жатыр? Оларды кім жұлды?  
 
Ағаштың  немесе  бұталардың  атауларын 
қайталайды,  оларға  тəн  ерекшеліктерді 
айтады: 
биіктігі, 
діңінің 
жуандығы, 
жапырақтарының түсі. 
Кіре 
беріс 
қалқалар, 
əткеншек, 
орындықтар,  құм  алаңының  қоршауы  мен 
шатыры т.б. ағаштан жасалғанын айтады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ағаштар, міне, 
Мұныңда үні – ш-ш-ш. 
Кейде жұмсақ, кейде шу, шу (2 рет) 
Кейде дауыл – гу де гу. 
 
Ал, балалар, тұрайық. 
Алақанды ұрайық. 
Оңға қарай иiлiп, 
Солға қарай иiлiп, 
Бiр отырып, бiр тұрып, 
Бойымызды созайық. 
Белiмiздiжазайық. 
Оңға-оңға, түзу тұр, 
Солға-солға, түзу тұр, 
Жоғары-төмен қарайық, 
Қолымызды созайық, 
Бойымызға күш жинап, 
Бiр шынығып алайық. 
 
Ағаштар  мен  бұталардың  бөліктерін 
көрсетіп, атайды.  
Ағаштан  жасалған  заттарды  қоршап 
сызады.  

33 
 
Ағаш немесе бұтаның суретін салады.  
Рефлексивтік-
түзетушілік 
Педагог қорытынды жасайды. 
Рефлексия: 
рефлексиянің 
əдістерінің бір тəсілін қолданады: 
Балалардың  ҰОҚ-да  қаншалықты 
өсіп жетілгендерін көру:  
  отырып, тұрып, созылып. 
  Ым-ишарамен  көрсету:  Міне, 
тамаша! 
  Қол 
шапалақтаңдар! 
Аяқтарыңмен топылдатыңдар! 
 
Балалар ҰОҚ-да алған əсерлерін бөліседі.   
Күтілетін нəтиже:  
айта  алады:  жергілікті  жерде  өсетін  ағаштар  мен  бұталардың  атауларын,  ағаштар  мен 
бұталардың ортақ негізгі белгілерін (тамыр, жапырақ); 
түсінеді: ағаштар мен бұталардың айырмашылықтарын (ағаштың діңі жалғыз, бұтада көп 
сабақ), нысанның бөліктерін; 
қолданады: ағаш немесе бұта туралы əңгіме құрастыру дағдыларын. 
 
 
 
№ 7 ҰОҚ 
 
Білім салалары: Таным, Əлеумет 
Бөлім: Жаратылыстану 
Тақырыбы: Алтын жапырақ төккен күз 
Мақсаты:  күз  мезгіліндегі  табиғат  құбылыстарын  (жапырақтардың  түсуі)  бақылау,  бақылау 
нəтижелерін  табиғат  күнтізбесіне  түсіре  білу  дағдыларын  қалыптастыру.  Табиғат 
құбылыстарына  танымдық  қызығушылықтарын  ояту.  Достық  қарым-қатынастарын, 
табиғатқа деген қамқор көзқарасын тəрбиелеу. 
Алдын  ала  жүргізілетін  жұмыстар:  тақырып  бойынша  əңгімелесу,  көркем  шығармаларды  оқу, 
ересектердің еңбегін бақылау, жұмбақтар шешу, тəжірибелік іс-əрекет, дидактикалық (үстел үсті-
баспа) ойындар, балабақша шегінен тыс экскурсиялар. 
Жабдықтар мен материалдар: тақырып бойынша иллюстрациялық материалдар, əліппе-дəптер, 
бояу  қарындаштар,  ағаштан  түскен  күзгі  жапырақтар,  үлкейткіш  шыны,  интерактивті  құрал-
жабдық. 
Сөздік жұмыс:жапырақтардың түсуі, сары, қызыл, əр алуан.
 
Билингвалды компонент:  күз – осень  
 
Жұмыс 
кезеңдері 
Педагогтің басқарушылық 
қызметі  
(Əдістер, тəсілдер) 
Балалардың іс-əрекеті 
 
Ынталандыру-
қызығушы-
лықтарын ояту 
Педагог өлең оқып, оқу қызметіне 
жағымды 
көңіл 
күй  
қалыптастырады. 
 
 
 
 Сары жапырақтар жауғанда 
  
Күзде жауын. Бұлт. Тұман, 
Сары жапырақ жауады: 
Сары құйын ұйтқыған 
Сапырады ауаны. 

34 
 
 
 
 
 
 
Бұрыннан 
бар 
білімді 
еске 
түсіреді.  
Жұмбақ шешуді ұсынады: 
 
Ағаш толған сары шымшық, 
Сілкіп  көрсең,  түседі  ұшып. 
(Жапырақ) 
 
Ешкім де жемейді, 
Тəтті екен демейді.  
Сарғайып піседі, 
Үзіліп түседі.   (Жапырақ) 
Қыста киімін тастайды, 
Көктемде киіне бастайды. 
                              (Ағаш) 
Ағайынды бəрі: 
Шықса – көк,  
Түссе – сары. 
                         (Жапырақтар) 
 
Балалардың  назарын  ауа  райына 
аударады:  жел  соғып  тұр  ма,  күн 
шығып  тұр  ма  əлде  бұлттың 
артына жасырынды ма?  
Аулада  қандай  ағаштар  өсіп 
тұрғанын,  оларда  қандай  өзгеріс 
болғанын еске түсіруді ұсынады.  
 
Тапталады табанға 
Судыр-судыр жапырақ. 
Қызыл, сары бояуға 
Малынғандай атырап. 
                              Мұзафар Əлімбаев  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Танымдық  іс-əрекетке  белсене  қатысады. 
Күз  белгілерін  атайды.  Табиғатта  не 
өзгергенін айтады.  
 
Əліппе-дəптерге ауа райын белгілейді.  
 
Эмоцияларымен бөліседі.  
 
 
Ізденістік-
ұйымдасты-
рушылық 
 
 
 
 
 
Педагог суретшілерге де күздің 
ұнайтынын хабарлайды, олар 
орман, көгөністер мен жемістер, 
саңырауқұлақтар, гүл шоқтары – 
күздің басқа да ғажайыптарын 
суреттерінде бейнелегенді жақсы 
көреді (əңгіме барысында «Күз» 
тақырыбында салынған 
картиналарды көрсетуге болады). 
Өзекті сұрақ: Неліктен суретшілер 
бұл жыл мезгілін «алтын күз» деп 
атайды? 
Алтын күзді жарқыраған ашық 
күндері, алтын жəне қызыл күрең 
түске малынған əсемдігі үшін 
жақсы көреді.  
Жүргізілетін  іс-əрекетке  дайындығын,  оң 
көңіл күйін білдіреді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өздерінің  қарапайым  болжамдарымен 
бөліседі.  
 
 

35 
 
 
Əліппе-дəптердегі суретті 
қарастыруға шақырады. Сұрақтар 
қояды: Суретші қай жыл мезгілін 
суреттеген? Ағаштардың түсі 
қандай? Жапырақтарға не болды?  
 
Алдын ала жиналған күзгі 
жапырақтарды зерттеуді ұсынады. 
 
 
 
 
Педагог күздің өте əдемі жыл 
мезгілі екенін, себебі ағаштар бұл 
кезде өздерінің жасыл киімдерін 
шешіп, түрлі түсті, əдемі 
жапырақтан киім киетінін айтады. 
Жапырақтар ағашты безендіріп 
қана қоймайды, жапырақтардың 
көмегімен ағаш тыныс алады.  
Жапырақтың құрылысын 
үлкейткіш шыны – лупаның 
көмегімен зерттеуді ұсынады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сергіту сəті 
 
 
 
 
 
Педагог «Жапырақ қалай түседі?» 
тəжірибесін жасауды ұсынады.  
Серуенге шыққанда ағаш 
жапырақтарының жерге түсуі 
əртүрлі екенін байқадыңдар. Қай 
жапырақтың тез түсетінін, 
қайсысының баяу түсетінін, қай 
жапырақтың қалықтауы əдемі 
екенін анықтау үшін, тəжірибе 
 
Бұл 
күз 
мезгілі 
екенін 
айтады. 
Ағаштардың  түсі  сары,  қызыл,  қызғылт 
сары  түске  боялған.  Кейбір  ағаштарда 
жапырақ  мүлде  жоқ,  ал  кейбірі  əлі  сары 
киімін шешкен жоқ. 
 
Жапырақтарды  зерттейді.  Əр  ағаштың  өз 
жапырағы  бар  екенін  айтады:  əр  ағаштың 
жапырағының  беті  əртүрлі – қайыңдікі – 
қатпарлы,  бұжыр,  ал  үйеңкінікі – тегіс. 
Олардың пішіні, түсі, өлшемі əртүрлі.  
 
Педагогтің жетекшілігімен зерттейді.  
Сабақ – жапырақты 
бұтақпен 
жалғастыратын бөлік.  
Бұдан  соң  жапырақтың  үстіңгі  бетін 
қарастырады.  Жапырақтың  үстіңгі  бетінің 
түсі  қоюлау  болады.Жапырақты  аударып, 
оның  төменгі  бетін  зерттеген  кезде,  бұған 
көз 
жеткізеді. 
Жапырақтың 
шетін 
қарастырады.  Жапырақтың  ұшы  үшкір 
немесе домалақ болады. 
 
 
Күз желі ызғарлы,      
                                                                     
Гүлдерді солдырды.                                          
Жапырағын түсіріп,                                          
Ағаштарды тоңдырды.  
 
«Жапырақ» (қимылмен көрсетеді) 
Тақ-тақ-тақ,  
Біз айтамыз тақпақ. 
Рақ-рақ-рақ,  
Күзде түсер жапырақ. 
Қол-қол-қол,  
Күзде егін мол. 
Тоқ-тоқ-тоқ,  
Шыбын-шіркей жоқ. 
 
Қолдарына  жапырақты  алып,  қолын 
жоғары  көтереді  де,  жапырақты  тастай 
салады.  Жапырақ  жерге  түскенше,  оны 
мұқият 
бақылайды. 
Содан 
кейін 
жапырақтың  жерге  баяу  немесе  тез 
түскенін айтады. Ол тік түсті ме əлде ауада 
айналды ма?  
 

36 
 
жасап көрейік.  
Бұл тəжірибені қандай қорытынды 
жасауға болады?  
Ірі жапырақтар баяу түседі, көп 
айналмайды. Ал кішкентай 
жапырақтар жерге тез түседі, көп 
айналады.  
Дидактикалық ойын 
ұйымдастырады «Қай ағаштың 
жапырағы?» 
(Педагог əртүрлі жапырақтар 
барлығына жетуі үшін, кімнің 
қанша жапырақ алуы қажет 
екені нақтылап айтады) 
 
Əліппе-дəптердегі тапсырманы 
орындауға шақырады 
 
 
 
 
 
 
 
Кілем  үстінде  ағаш  жапырақтары  жатыр. 
Қораптарда  балаларға  таныс  ағаштар 
бейнеленген.  Белгі  бойынша  балалар 
кілемдегі  жапырақтарды  жинап,  осы 
жапырақ қай ағаштан түсті деп ойласа, сол 
ағаш бейнеленген қорапқа салады.  
 
 
Əр жапырақтың көлеңкесін тап.  
Мыршай  серуен  кезінде  жапырақтарды 
жинап,  тамаша  құрамақ  (композиция) 
жасауды ұсынады.  
Рефлексивтік-
түзетушілік 
Педагог қорытынды жасайды. 
Рефлексия  əдістерінің  бір  тəсілін 
қолданады: 
түрлі  сигналдық  кеспеқағаздар – 
жапырақтар пайдалану. 
 
Балалар өз жұмыстарына риза болса, сары 
жапырақты  таңдайды,  егер  қиындықтар 
туындаса, қызыл жапырақты таңдайды. 
 
Күтілетін нəтиже:  
айта алады: ағаштар мен олардың бөліктерін (дің, тамыр, бұтақ, жапырақ); 
түсінеді: жапырақтардың түсуі мен күннің суытуы арасындағы байланысты; 
қолданады:  гербарий  (кеппешөп)  жинау  дағдылары;  табиғатқа  шамалары  келгенше 
қамқорлық жасайды. 
 
 
 
 
№ 8  ҰОҚ 
 
Білім салалары: Таным, Əлеумет 
Бөлім: Жаратылыстану 
Тақырып:Қанатты достар 
Мақсат:  қыстап  қалатын  құстар  мен  жыл  құстары  туралы  жинақталған  түсініктерін 
қалыптастыру.  Құстардың  дене  құрылысы  туралы  ұғымдарын  кеңейту.  Құрдастарымен  жəне 
ересектермен  еркін  қарым-қатынас  барысында  танымдық-зерттеушілік  іс-əрекет  дағдыларын 
дамыту. Құстарға ізгі көзқарастарын тəрбиелеу. 
Алдын  ала  жүргізілетін  жұмыстар:  қолынан  келетін  еңбек  əрекеті;  иллюстрацияларды, 
фотоларды  қарастыру;  бейнетүсірілімдерді,  таныстырылымдарды  қарау;  аудиожазба  тыңдау, 
жұмбақтар шешу, қарапайым тəжірибе жұмысы, зерттеу серуендері, өлең жаттау. 
Жабдықтар мен материалдар: тақырып бойынша иллюстрациялық материалдар, əліппе-дəптер, 
бояу  қарындаштар, «Жыл  құстары  жəне  қыстап  қалатын  құстар»  тақырыбында  суреттер, құстың 
қауырсыны, су құйылған ыдыс, құстардың суреттері, кесуге арналған суреттер 
Сөздік жұмыс:құстарқанатденесі, құйрығы, жыл құстары, қыстап қалатын құстар.
 
Билингвалды компонент:  құс – птица  

37 
 
 
Жұмыс кезеңдері 
Педагогтің басқарушылық 
қызметі  
(Əдістер, тəсілдер) 
Балалардың іс-əрекеті 
 
Ынталандыру-
қызығушы-
лықтарын ояту 
Педагог өлең оқып, оқу қызметіне 
жағымды көңіл күй  
қалыптастырады.  
 
 
 
 
 
 
 
Бұрыннан бар білімді еске 
түсіреді. 
Күз  белгілерін  айтуды  ұсынады. 
Ауа райын күнтізбеге белгілеу. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жұмбақ шешуін сұрайды.  
 
 
 
–  Құстар  табиғаттың  жанды  əлде 
жансыз 
бөлігі 
ме? 
Күзде 
құстардың  тіршілігінде  қандай 
өзгерістер  болады?  Құстардың 
барлығы ұшып кете ме?  
Балаларды 
оқу 
қызметіне 
дайындайды. 
Тырналар  
Аспанда самғайды 
Тырналар тізіліп. 
Біреуі қалмайды, 
Қатардан үзіліп. 
Сақтайды сапарда 
Бірлікті кім мұндай? 
Бұзылмас қатары 
Кəдімгі шынжырдай. 
                             Қастек Баянбай 
                 Немесе 
Тырна 
Біз тырнамыз, тырнамыз, 
Бай келеміз жырға біз. 
Сирағымыз шыбықтай. 
Жүгіргенде жүйрікпіз, 
Тұяғымыз – сүйрік біз. 
Оңашаны сүймейміз, 
Тобымызбен билейміз. 
Біз ұшқанда тізіліп, 
Жұрт қарайды қызығып. 
Бұлттан əрі асқанда, 
Əн шырқаймыз аспанда.  
                    М. Жаманбалинов 
 
Қанаты бар талмайтын, 
Биіктерге самғайтын. 
Неше түрлі əнге сап, 
Жер-əлемді шарлайтын. (Құстар). 
 
 
Ізденістік-
ұйымдасты-
рушылық 
 
 
Əліппе-дəптердегі 
құстар 
бейнеленген суреттерді қарастыру, 
əңгімелесу. 
Педагог 
балалардан 
қандай 
құстарды 
жыл 
құсы 
деп 
атайтынын  сұрайды.  Ал  қандай 
Əңгімеге 
қатысады. 
Өздері 
білетін 
құстарды 
атайды: 
көгершін, 
қарға, 
сауысқан,  торғай,  қарлығаш,  бұлбұл, 
көкек,  тырна,  қараторғай,  тоқылдақ, 
шымшық, суықторғай. 
Құстардың  жылы  жаққа  ұшып  кету себебі 

38 
 
 
 
 
құстарды  қыстап  қалатын  құстар 
деп  атайды?  Неліктен  құстар 
жылы жаққа ұшып кетеді?  
 
Əртүрлі  құстар  туралы  жұмбақтар 
жасырады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Педагог беретін ақпарат: 
Қыстап  қалатын  құстар  қандай? 
Қарғалар,  ұзақтар,  көгершіндер 
мен 
торғайлар 
адамдардың 
тұрағының  маңында  өмір  сүріп, 
тағам  қалдықтарын  жеп  үйренген. 
Олар 
қыста 
ешқайда 
ұшып 
кетпейді. 
Қанатты 
достарымыз 
адамға 
қандай пайда əкеледі?  
Қыста  құстарға  кім  көмектесуі 
керек? (Егер біз ең болмағанда бір 
құсты  аман  алып  қалсақ,  онда  біз 
ондаған  ағашты  құтқардық  деген 
сөз, себебі құстар ағаштарды түрлі 
зиянкестерден қорғайды). 
Өзекті  сұрақ:  құстардың  дене 
«күн  суытып,  құстардың  жейтін  қорегі 
қалмауы,  жəндіктердің  жоғалуы»  деген 
секілді болжамдарын айтады. 
 
Жұмбақ шешеді:  
 
Сирағы ұзын, 
Тырнағы ұзын. 
Балықты сүзбей, 
Ұстайтын шоқып, 
Тұмсығы бiздей.    (Тырна) 
 
Екi айыр құйрығы, 
Қияқ мұрт қанаты, 
Ұшқырлардың жүйрiгi.  (Қарлығаш) 
 
Тақылдатып, 
Мазаны ап, 
Ағаштарды тазалап, 
Ормандарды емдейдi, 
Зиянкестi жазалап.     (Тоқылдақ) 
 
Жем көрсе, 
Шықылықтап қалтандайды, 
Сескенсе, 
Жыпылықтап жалтаңдайды. (Сауысқан) 
 
Қара түстi қарқылдақ, 
Ұшып-қонып жалпылдап. 
Қоқыстарды шоқиды, 
Жем iздейдi там-тұмдап.   (Қарға) 
 
 
 
 
 
Құстар 
ормандар 
мен 
бау-бақшаны 
жəндіктер мен зиянкестерден тазартады.  
 
 
 
Өз болжамдарымен бөліседі.  
 
 
 
 
 
Болжамдарымен 
бөліседі: 

39 
 
құрылысы  бірдей,  бірақ  адамдар 
оларды  əртүрлі  атайды.  Сонда 
оларды қалай ажыратады?  
 
«Сөз» ойынын ұсынады.  
 
 
 
 
 
Сарышымшық 
пен 
қарлығаш 
туралы 
салыстыру 
əңгімесін 
құрастыруды ұсынады. 
 
Аудиожазбаны 
тыңдауға 
шақырады.  
Құстар  сыртқы  түрімен  ғана  емес, 
əртүрлі  дыбыспен  сайрауымен  де 
ерекшеленеді.  
 
 
Сергіту сəті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Педагог 
балаларды 
«Құс 
қауырсынының 
құрылысы 
қандай?»  тəжірибесіне  қатысуға 
шақырады. 
 
 
 
 
 
 
қауырсындарына, 
сыртқы 
түріне, 
үлкендігіне қарай ажыратады. 
 
 
Біз тамақты немен жейміз? (Ауызбен). 
Ал құстар ше? (Тұмсығымен). 
Адамның 
денесі 
терімен 
жабылған, 
құстардың ше? (Қауырсындармен). 
Бізде аяқ бар, құстарда ше? (Сирақ). 
Біздің қолымыз бар, құстарда ше? (Қанат
 
Əңгіме құрастыру сызбасын пайдаланады.  
 
 
 
Аққу  қиқулайды.  Бозторғай  шырылдайды. 
Бұлбұл  сайрайды.  Бүркіт  шаңқылдайды. 
Көгершін,  үкі  уілдейді.  Көкек  көкектейді. 
Қаз  қаңқылдайды.  Қарға  қарқылдайды. 
Қарлығаш, 
сауысқан 
шықылықтайды. 
Тоқылдақ 
тоқылдайды. 
Тырна 
тыраулайды.  Үйрек  барқылдайды.  Торғай 
шиқылдайды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет