Т. Л. Яндулова жаратылыстану əдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата18.02.2020
өлшемі0,88 Mb.
#58301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
phphAOCpn Zharatylystanu Metodika 4 Kaz-4


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

11 
 
 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАЛАРЫ 
 
 
 
№1 ҰОҚ 
 
Білім салалары:Таным, Əлеумет 
Бөлім: Жаратылыстану 
Тақырып: Бізді қоршаған табиғат 
Мақсат:  жанды  жəне  жансыз  табиғат  нысандары  туралы  білімдерін  кеңейту.  Көзбен  қабылдау, 
фонематикалық  есту  қабілетін,  есте  сақтау  қабілетін,  зейінін  дамыту.  Қоршаған  ортаға 
қызығушылықты тəрбиелеу. 
Алдын  ала  жүргізілетін  жұмыстар:  тақырып  бойынша  əңгімелесу,  көркем  шығармаларды  оқу, 
ересектердің еңбегін бақылау, жұмбақтар шешу, тəжірибелік іс-əрекет, дидактикалық (үстел үсті-
баспа) ойындар, балабақша шегінен тыс экскурсиялар. 
Жабдықтар мен материалдар: тақырып бойынша иллюстрациялық материалдар, əліппе-дəптер, 
бояу қарындаштар, пəндік кеспеқағаздар, интерактивті құрал-жабдық.  
Сөздік жұмыс: табиғат, жанды, жансыз.
 
Билингвалды компонент:  табиғат – природа 
 
Жұмыс 
кезеңдері 
Педагогтің басқарушылық 
қызметі  
(Əдістер, тəсілдер) 
Балалардың іс-əрекеті 
 
Ынталандыру-
қызығушы-
лықтарын ояту 
Педагог күз туралы өлең оқып, оқу 
қызметіне  жағымды  көңіл  күй  
қалыптастырады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Педагог бұрыннан бар білімді еске 
түсіреді.  
Балаларға 
айналаға 
қарап, 
терезеден  сыртқа  қарап,  не  көріп 
Күз  
Сап-сары күз соныменен келді ме?  
Ағаштардан жапырақтар төгілді.  
Несібесін жинап жатыр ел, міне,  
Ауыл маңы бұрынғыдан көңілді.  
Жылы жаққа топ-топ болып түзеп бет  
Жаз қызығын көрген біздің құстар да.  
Алмаағашты күз желі бір сілкіп ед,  
Өзі келіп дəл алдыңа түсті алма.  
Суық түсер, бізден жылы озар күн,  
Түнге қарай жасырынар ай бұлтқа.  
Қауын-қарбыз баяғыда-ақ базардың  
Сөрелерін толтырып тұр байлыққа.  
Суық та емес, ыстық та емес, рақат,  
Жел де оншама байқатпайды екпінін.  
Жүзім, өрік, мөлдіреген қарақат,  
Бақша тұрмақ, базарда да жоқ бүгін.  
Қолқабыс қып əке менен шешеге,  
Балалар да рақатқа батады.  
Ал күн шыға олар толып көшеге,  
Мектептерге кетіп бара жатады. 
Тұманбай Молдағалиев
 
 
Іс-əрекет  түріне  қызығушылық  танытып, 
жанды жəне жансыз нысандарды атайды. 

12 
 
тұрғандарын айтуын сұрайды.  
Балалардан 
«Құстар 
жанды 
табиғат бөлігі ме?» – деп сұрайды. 
Оны  қайдан  білді?  Ал  ағаш  ше?  
Жанды  ма,  жансыз  ба?  Ал 
ауладағы  əткеншек  ше? (Олар  да 
қозғалады ғой). 
Əңгімеге қатысады.  
 
 
 
Ізденістік-
ұйымдасты-
рушылық 
 
 
 
 
 
Педагог 
тақырыпқа 
сəйкес 
суреттерді 
немесе  
таныстырылымдық 
слайдтарды 
көрсетіп,  балаларға  ақпаратты 
жеткізеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Əліппе-дəптердегі 
суретке 
қарауды  ұсынады:  Суретке  қара. 
Жанды  жəне  жансыз  нысандарды 
ата.  Балабақшаға  келе  жатқанда 
жолда 
нені 
көрдің? 
Мысық 
тіршілік  иесі  бола  ала  ма?  Ол 
жанды  ма,  жансыз  ба?  Дəлелдеп 
көр.  
 
Миға  шабуыл. «Жанды-жансыз» 
ойынына қатысуға шақырады.  
 
 
Түлкінің 
баласы 
(Мыршай) 
балалардан  жанды  табиғат  қандай 
дыбыс  шығара  алатыны  туралы 
сұрайды.  
 
Педагог 
балалардың 
назарын 
Тəрбиешінің  хабарламасын  тыңдайды, 
сұрақтар  қояды,  танымдық  белсенділік 
танытады:  
Табиғат жанды жəне жансыз болады.  
Жанды 
табиғат 
дегеніміз – адам, 
өсімдіктер,  жануарлар,  жəндіктер,  құстар, 
балықтар, (суреттерді  көрсетемін). Адам 
да,  барлық  тіршілік  иелері  де  ауасыз, 
сусыз,  күнсіз,  тамақсыз  өмір  сүре 
алмайды.  Жанды  табиғат  дегеніміз – 
өсетін,  тыныс  алатын,  қоректенетін, 
дамитын организмдер (сызбаны көрсету).  
Жансыз  табиғат – тыныс  алмайтын, 
өспейтін, 
дамымайтын 
заттар. 
Бізді 
қоршаған  заттар – жұлдыз,  ай,  күн, 
ғаламшарлар,  тау,  су,  тас,  ауа,  т.б. 
(суреттерді  көрсету) – барлығы  жансыз 
табиғат. 
Адам 
да, 
барлық 
жанды 
организмдер  да  жансыз  табиғатсыз  өмір 
сүре алмайды.  
 
Əліппе-дəптер 
бойынша 
жұмысқа 
қатысады. Ойланады. Талқылайды.  
 
 
 
 
Балалар  екі  топқа  бөлінеді  (ұлдар – 
қыздар, сары шаштылар – қара шаштылар, 
үстелдер – қатарлар),  ойын  барысында 
жанды    жəне  жансыз  нысандарды  атайды. 
Бір-бірін түзетеді.  
Жануарлардың  қалай  дауыстайтынын, 
құстардың 
əнін, 
желдің 
шуылын, 
жаңбырдың тырсылын т.б. салады. Əліппе-
дəптердің суреттері бойынша əңгімелейді.  
 
Балалар  түрлі  нысандардың  суреттерін 
қарамай  алып, «стақан»  нысаны  мен 

13 
 
қоршаған  орта  нысандарының 
арасындағы байланысқа аударады. 
«Байланысын 
тап» 
ойыны 
өткізіледі.  
 
Сергіту сəті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Педагог 
балаларға 
өздерінің 
сүйікті 
ойыншығын 
атауды 
ұсынады. 
Адамның 
қолымен 
жасалған 
заттардың 
барлығы 
жасанды 
əлемге 
жататынын 
түсінуге əкеледі. 
 
«Заттар неден жасалған?» ойынын 
ұйымдастырады.  
 
Қолорамал 
туралы 
жұмбақты 
шешуді 
ұсынады: «Жұмсақ, 
шаршы, матадан жасалған, қалтада 
«өмір  сүреді».  Бұл  не?  Бұл – 
қолорамал.  Қолорамал  өзін 
əдемілеп, 
ұқыптап 
бүктеп 
қойғанды ұнатады».  
Қол  буынының  ұсақ  моторикасын 
дамытуға 
арналған 
жаттығу: 
«Қолорамалды 
өзгелерден 
басқаша етіп бүкте». 
 
«Менің 
достарым» 
ойынын 
қоршаған орта нысандарының арасындағы 
байланысты анықтайды. 
 
 
 
Бұлт қабағын түйіп ап, 
Бүркеп алды аспанды. (Балалар үстелдің 
үстіне қолдарын соза жауып, етпеттей 
жатады). 
Тырс -тырс тырсылдап, 
Жаңбыр жауа бастады. 
(Саусақтарын қозғап, үстелдің бетінде 
тырсылдатып, пианинода ойнағандай 
қимыл жасайды). 
Күнге қолды созамыз 
Күннен жылу аламыз 
(Орындарынан тұрып, қолдарын жоғары 
қарай созады, екі жаққа қарай жаяды). 
Бойымызға таратып, 
Біз көңілді боламыз. 
(Қолдарын алға, жоғары соза, 
шапалақтайды) 
 
Өздерінің  сүйікті  ойыншықтарын  атайды. 
Олардың 
ерекшеліктерін 
сипаттайды. 
Адам  қолымен  жасалған  заттар  табиғат 
əлеміне жатпайтынын түсінеді.  
 
 
 
 
Педагог 
көрсеткен 
түрлі 
заттарды 
қарастырып,  олардың  неден  жасалғанын 
айтады  (доп  резеңкеден,  қарындаш – 
ағаштан,  текше – пластмассадан,  шыны 
саптыаяқ – шыныдан). 
 
 
 
 
 
 
 
Өзінің жеке қолорамалын түрлі əдістермен 
бүктейді. Матаны сипаттайды.  
 
 
 
Балалар қандай да бір нысанның суреті бар 
кеспеқағазды  алады.  Тəрбиеші  сипатты 

14 
 
ұсынады: 
кеспеқағаздарды 
таратып 
беріп, 
сипаттаманы 
таңдайды, оны атайды.  
 
Əліппе-дəптермен 
жұмысты 
ұйымдастырады.  Күнтізбеде  ауа 
райын  қалай  белгілеу  қажеттігін, 
оны  не  үшін  жасау  қажеттігін 
(байқампаздықты, 
зеректікті 
дамыту) түсіндіреді. 
Ойынның  басқа  нұсқасы  ретінде: 
«Достарын  ата»  ойынын  өткізуге 
болады.  
Педагог:  Шегенің  достары  көп. 
Оларды  сендер  жақсы  біледі  деп 
ойлаймын.  Кəне,  шеге  қандай 
заттармен  дос  болуы  мүмкін, 
айтыңдаршы! 
 
айтқанда,  соған  сəйкес  суреті  бар  балалар 
тəрбиешіге жүгіріп (жүріп) келеді. 
Т: Менің достарым – жанды табиғат. 
Б: Мысық, ағаш, гүл, құс... 
 
Жансыз 
нысандарды 
(заттарды) 
қарындашпен қоршайды.  
Мыршай 
жанды 
нысанды 
бояуды 
ұсынады.  Оның  не  жасай  алатынын 
айтыуын сұрайды.  
 
 
 
Балалар 
педагогтің 
ұсынысын 
қабылдайды, тапсырманы орындайды: 
1.  Шегенің  өзі  секілді  темірден  жасалған 
достарын атайды.  
2.  Шегенің  өзі  секілді  үшкір  заттарды 
атайды. 
3. Шегенің өзі секілді заттарды бір-бірімен 
бекітетін 
(жабыстыратын) 
заттарды 
айтады.  
Рефлексивтік-
түзетушілік 
Педагог қорытынды жасайды. 
Эмоционалды  жағымды  жағдай 
жасайды (ынталандыру, мақтау).  
Балалармен 
қарым-қатынаста 
педагог 
жағдайға 
қарай 
рефлексияның  келесі  түрлерінің 
бірін қолданады: 
дене күші (үлгердім – үлгермедім);
сенсорлық  (көңіл  күй:  қолайлы – 
қолайсыз); 
зияткерлік  (Нені  түсіндім? – Нені 
түсінбедім?  Қандай  қиындықтар 
болды?). 
Сабақтың 
қорытындылауға 
қатысады. 
Сабақ 
барысындағы 
іс-əрекеттерін 
рефлексивті бағалауға қатысады.  
 
Күтілетін нəтиже:  
айта алады: жанды  жəне жансыз нысандардың атауларын; 
түсінеді: жанды жəне жансыз табиғаттың өзара байланысын; қолдан жасалған (жасанды) 
əлем нысандарын; 
қолданады: оқу-ойын іс-əрекеті барысында бірлесіп əрекет ету дағдыларын. 
 
 
№ 2 ҰОҚ 
 
Білім салалары: Таным, Əлеумет 
Бөлім: Жаратылыстану 
Тақырып: Алтын күз келді! 

15 
 
Мақсаты:  табиғаттағы  маусымдық  өзгерістер  туралы,  жыл  мезгілдері  туралы  түсініктерін 
қалыптастыру.  Табиғаттағы  ауа  райының  жайын  бақылауды  жəне  бақылау  нəтижелерін  табиғат 
күнтізбесіне  белгілей  білуді  үйрету.  Қарапайым  дербес  тəжірибе  əрекетін  ұйымдастыру  арқылы 
балалардың түсініктерін дамыту. Құрдастарына достық қарым-қатынасты тəрбиелеу. 
Алдын  ала  жүргізілетін  жұмыстар:  суреттерді,  фотоларды  қарау;  күз  құбылыстарын  бақылау; 
аудиожазбаны  тыңдау;  жұмбақ  шешу,  қарапайым  тəжірибе  жұмысы,  зерттеу  серуені,  тақпақ 
жаттау.  
Жабдықтар  мен  материалдар:  тақырып  бойынша  иллюстрациялық  материал,  əліппе-дəптер, 
бояу қарындаштар, «Күз» тақырыбында кеспеқағаздар, интерактивті құрал-жабдықтар.  
Сөздік жұмыс: күзжыл мезгілі, өнім, киім.
 
Билингвалды компонент:  күз – осень  
 
Жұмыс 
кезеңдері 
Педагогтің басқарушылық 
қызметі  
(Əдістер, тəсілдер) 
Балалардың іс-əрекеті 
 
Ынталандыру-
қызығушы-
лықтарын ояту 
Педагог өлең оқып, оқу қызметіне 
жағымды 
көңіл 
күй  
қалыптастырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Педагог 
балалардан 
жыл 
мезгілдерін 
естеріне 
түсіріп, 
оларды атауды сұрайды.  
 
Бұдан соң жұмбақ жасырып, оныш 
шешуді 
ұсынады, 
табиғатта 
қандай 
өзгерістер 
болғанын 
сұрайды.  
Алда оқу қызметіне дайындайды.  
Күз келді        
Сарғайды тоғай, 
Сап-сары маңай. 
Соңғы əнін айтып, 
Құс кетті қайтып. 
 
Жапырақ ұшты, 
Суық та түсті. 
Сонда да бізге, 
Қызық көп күзде. 
М. Əлімбаев 
 
Іс-əрекетке қызығушылық танытады. Жыл 
мезгілдерін атайды.
 
 
Жұмбақ шешеді: 
 
Өрік, алма, шие, алма, 
Жидек, жүзім піседі, 
Қауын, қарбыз, қияр, сəбіз 
Дүкендерге түседі, 
Астық пісіп, орақ орып, 
Қырман дəнге толады.  
Бөбектерім, айтыңдаршы, 
Бұл қай кезде болады? (Күз) 
 
 
Ізденістік-
ұйымдасты-
рушылық 
 
 
 
Педагог 
балаларды 
əліппе-
дəптердегі ауа райы күнтізбесімен 
жұмыс  істеуге  дайындайды  (бұл 
жұмыс 
əр 
сабақ 
сайын 
жүргізіледі).  
 
Балаларды 
əліппе-дəптердегі 
Бүгінгі ауа райы қандай екенін белгілейді. 
Əліппе-дəптерге белгілейді.  
 
 
 
Күз  туралы  не  білетінін  еркін  түрде 
əңгімелейді:  Күз  келді.  Күннің  жылуы 

16 
 
 
 
суретті 
қарауға 
шақырады: 
Суретші 
қай 
жыл 
мезгілін 
суреттеген?  Ол  неден  байқалады? 
Жанды  жəне  жансыз  табиғаттағы 
өзгерістерді 
атауды 
ұсынады. 
Қорытынды жасалады.  
 
«Күз 
бен 
қысты 
салыстыр» 
ойынын 
ұйымдастырады.  
(Педагог 
сөйлемді 
бастайды, 
балалар аяқтайды). 
 
 
 
Сергіту сəті 
Педагог  сергіту  сəтін  өткізіп, 
балалардың 
ойлау 
қабілетін 
арттыруға    немесе  қалпында 
ұстауға  тырысады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мыршай 
балаларға 
əліппе-
дəптердегі  мнемокестеге  сүйеніп, 
күз  туралы  əңгіме  құрастыруды 
ұсынады. 
 
Əліпе-дəптерде 
бейнеленген 
жəндіктердің  суреттеріне  назар 
аударады.  Балаларға  оларды  атап 
шығуды ұсынады. 
 
 
 
азайды.  Аспанды  бұлт  қаптады.  Жаңбыр 
жиі  жауады.  Адамдар  қолшатырмен 
жүреді. 
ағаштарда 
жапырақ 
жоқ. 
Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп қалды. 
Жыл  құстары  оңтүстікке  ұшып  кетті.  Бау-
бақшада өнім жиналды.  
 
– Жазда күннің жарығы мол, күзде... 
– Жазда адамдар жеңіл киінеді, ал күзде... 
– Жазда ағаштар жап-жасыл болып жайнап 
тұрады, ал күзде... 
– Жазда аспан көкпеңбек, ал күзде... 
– Жазда адамдар өнімді өсіреді, ал күзде... 
– Жазда балалар демалады, ал күзде... 
 
Алтын, сары, қызыл, көк. 
(Балалар қолдарын біртіндеп санайды). 
Алуан-алуан жапырақ 
(Қолдарын 
жоғары 
көтеріп, 
жапырақтардың  желмен  қозғалғанын 
бейнелейді). 
Күзгі бақта күлімдеп 
(Балалардың жүзінде қуаныш пен күлкі). 
Көз тартады атырап. 
(Екі  қолын  маңдайына  кезек  тақап, 
көздерін көлегейлеп, алысқа қарайды). 
Ой, алақай, тамаша! 
(Орындарынан тұрып, 
секіріп,алақандарын шапалақтайды). 
Шашу шашты жапырақ. 
(Шашу  шашқандай  қолдарын  екі  жаққа 
құлаштай сермейді). 
 
Əңгіме  құрастырады,  күн,  аспан,  құстар, 
жануарлар, адам тіршілігіне тоқталады. 
 
 
Жəндіктерді  атайды,  олар  күз  келгенде 
көбейгенін 
əлде 
азайғанын 
айтады. 
Олардың  қайда  паналайтынын  айтады. 
жəндіктердің  дене  температурасы  тұрақты 
емес  деген  қорытынды  жасайды.  ол 
қоршаған 
ортадағы 
температураның 
өзгеруіне  қарай  өзгеріп  отырады.  суық 
түскенде 
жəндіктердің 
көбі 
қуыс-

17 
 
 
 
 
 
 
Жағдаяттық 
əңгімелесуге 
шақырады.  
Жағдаят. Күз келді. Ауа райы 
өзгерді. Біз таңертең 
балабақшаға жиналып 
жатырмыз. Қандай киімді 
таңдаймыз? Киімді дұрыс таңдау 
үшін, даладағы ауа райы қандай 
екенін анықтап алуымыз қажет.  
 
Балаларға  олардың  балабақшаға 
қандай  киіммен  келгені  туралы 
əңгімелеуді ұсынады.  
Əліппе-дəптердегі  киім  түрлерін 
қоршау  қажет.  Суреттерден  күзгі 
ауа райына сай киінген балаларды 
табады, сол суретті белгілейді.  
 
 
 
 
Келесі нұсқа ретінде: 
Балаларға  күз  дыбыстары  туралы 
айтуды 
немесе 
дыбыстап 
көрсетуді ұсынуға болады. 
қуыстарды 
паналайды, 
кейбіреулері 
дернəсіл  немесе  қуыршақ  кезеңінде 
қыстайды. 
Құстардың 
тіршілігі 
жəндіктермен  тығыз  байланысты,  себебі 
көптеген 
құстар 
жəндіктермен 
қоректенеді.  
 
Жаңбыр  жауып  тұрғанда,  күзде  ауа  райы 
қандай  деп  айтылатынын  еске  түсіреді? 
(Жауын-шашынды  немесе  жаңбырлы).  
Мұндай  ауа  райында  біз  қандай  киім  мен 
аяқкиімді таңдаймыз?  
Жел соғып тұрса ше? Мұндайда ауа райын 
қандай  дейміз? (Желді).  Мұндай  ауа 
райында  қандай  киім  мен  аяқкиімді 
таңдайтынын анықтайды.  
– Егер далада күн суық болса – ауа райы...  
(суық) деп айтылады. Мұндай ауа райында 
қалай киінеміз?  
– Егер далада ылғалды, дымқыл болса, ауа 
райы да... (ылғалды, дымқыл) деп аталады. 
Қандай киім мен аяқкиімді таңдаймыз?   
–  Егер  аспан  түнеріп,  бұлт  басып  тұрса... 
(бұлтты).  Мұндайда  адамдар  қалай 
киінеді?  
–  Күн  сəулесін  шашып  тұрса,  ауа  райы 
(ашық). Қандай киім киеміз?  
 
Күзде  табиғатта  қандай  дыбыстар  болуы 
мүмкін  екенін  талқылайды:  жапырақтар 
сыбдыры,  қақпаның  сықыры,  желдің  уілі, 
құстардың, жаңбырдың т.б. дыбыстары. 
Рефлексивтік-
түзетушілік 
Педагог қорытынды жасайды. 
Рефлексия: Педагог адамның түрлі 
сезімдегі  бет-пішіні  бейнеленген 
кеспеқағаздарды, 
көңіл 
күйді 
түспен беруге болатын түрлі түсті 
қағазды, 
эмоционалды-көркем 
безендіру 
(картина, 
музыка 
үзіндісі)  секілді  материалдарды 
пайдалана алады.  
Балаларға  өзінің  көңіл  күйін 
қандай 
да 
бір 
жануардың 
(өсімдіктің,  гүлдің)  бейнесімен 
салыстырып, оның суретін салуды 
немесе сөзбен түсіндіріп, сипаттап 
беруді ұсынуға болады  
Сабақты 
қорытындылауға 
қатысады. 
Рефлексия 
шеңберінде 
өзінің 
жетістіктерінің деңгейін белгілейді.  
 
Күтілетін нəтиже:  
айтады: табиғаттағы маусымдық өзгерістерді, жыл мезгілдерін атайды; 
түсінеді: табиғаттағы өзгерістерді не үшін бақылау қажеттігін; күзде қалай киіну керектігін; 

18 
 
қолданады:  бақылау,  еңбек,  тəжірибе  арқылы  себеп-салдарлық  байланыстарды  өзі 
анықтайды. 
 
 
№ 3  ҰОҚ 
 
Білім салалары: Таным, Əлеумет 
Бөлім: Жаратылыстану 
Тақырыбы:  Мол өнім 
Мақсат: көгөністер мен жемістер туралы түсініктерін кеңейту. Бақша өсімдіктерін өсіру, оларға 
күтім  жасауға  қызығушылықтарын  қалыптастыру.  Тəжірибе  жұмыстарын  жасауға,  нысандарды 
салыстыруға қызығушылықтарын дамыту. Табиғатқа қамқор қарым-қатынасты тəрбиелеу 
Алдын  ала  жүргізілетін  жұмыстар:  əңгімелесу,  көгөністер  мен  жемістердің  дəмін  татып  көру, 
суреттер  мен  фотосуреттерді  қарау;  аудиожазбаны  тыңдау,  жұмбақ  шешу,  қарапайым  тəжірибе 
жұмысы, бақылау, өлең жаттау. 
Жабдықтар  мен  материалдар:  көгөністердің  муляждары,  көгөніс  суреттері,  тақырып  бойынша 
иллюстрациялық материал, əліппе-дəптер, бояу қарындаштар, интерактивті жабдықтар. 
Сөздік жұмыс: көгөніс, жеміс, бақша, бақ.
 
Билингвалды компонент: көгөністер – овощи  
 
Жұмыс 
кезеңдері 
Педагогтің басқарушылық 
қызметі  
(Əдістер, тəсілдер) 
Балалардың іс-əрекеті 
 
Ынталандыру-
қызығушы-
лықтарын ояту 
Педагог өлең оқып, оқу қызметіне 
жағымды 
көңіл 
күй  
қалыптастырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бұрыннан 
бар 
білімдерді 
қайталайды. 
«Иə»  немесе  «жоқ»  деп  жауап 
беруді ұсынады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жемістер жыры 
–Мен алмұртпын, алмұртпын, 
Аузындамын бар жұрттың. 
–Мен өрікпін, өрікпін, 
Табиғатқа көрікпін. 
– Мен жүзіммін, жүзіммін, 
Моншақ болып тізілдім. 
– Мен алмамын, алмамын, 
Балдай тəтті бар дəмім. 
– Мен шиемін, шиемін, 
Күннің көзін сүйемін. 
Қышқыл шырын менде бар, 
Төмен басты иемін
                                      Н. Жанаев 
Күзде гүлдер өсе? 
Саңырауқұлақтар өсе ме?  
Бұлттар күнді торлай ма?  
Өткір желдер соға ма?  
Жерді тұман баса ма?  
Жəндіктер түрлі ұша ма?  
Аңдар інге қаша ма? 
Қамбаға өнім түсе ме? 
Құстар ұшып кете ме? 
Жаңбыр жиі жауа ма?  
Етік киіп алармыз.  
Күн ыстығын төге ме? 
Балалар күнге қыздырына ма?  
Не істейміз сонда біз, 
Күрте, баскиім киерміз.  

19 
 
Күздің  бірінші  айын  атауды 
ұсынады. (Қыркүйек).  Неліктен 
күзді  жомарт,  бай,  берекелі  деп 
атайтынымыз  туралы  ойлануын 
сұрайды.  
 
Балалардан педагогтің қай көгөніс 
немесе  жеміс  туралы  айтып 
тұрғанын табуды сұрайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алда 
жүргізілетін 
жұмысқа 
дайындайды. 
 
Балалар өз болжамдарын айтады.  
 
 
 
 
Көгөністі  немесе  жемісті  педагогтің 
сипаттауы  бойынша  тауып,  себеттен 
муляждарды алады. 
–  Ұзынша,  қызыл,  шырынды,  дəмді. 
Бақшада өседі. (Тəтті бұрыш). 
–  Сия  көк  түсті,  тəтті,  жұмсақ,  сопақша, 
тегіс,  шырынды.  Бақ  ішінде,  ағашта  өседі 
(алхоры, қара өрік). 
–  Ұзынша,  дəмді,  сары,  тəтті,  жұмсақ. 
Ағашта өседі (алмұрт). 
– 
Ақ, 
домалақ, 
шырынды, 
үлкен, 
қытырлақ. Бақшада өседі (орамжапырақ). 
–  Домалақ,  үлкен,  дəмді,  қызыл,  жұмсақ. 
Бақшада өседі. (Қызанақ). 
–  Ұзынша,  бүртікті,  ұзын,  жасыл,  қатты. 
Бақшада өседі. (Қияр).  
–  Домалақ,  қызыл,  шырынды,  тегіс,  əбден 
піскен. Бақ ішінде, ағашта өседі. (Алма). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет