Сабаққа дайындық жұмыстары: суреттер мен фотосуреттерді қарау; бейнетаспалар мен
слайдтарды көру, үнтаспаларды тыңдау; жұмбақтар шешу, бақылау, зерттеу мақсатындағы
серуендерге шығу, тақпақтар жаттау.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар,
ыдыс, су беретін ыдыс, жем, сулы шүберек, интерактивті құрал.
Сөздік жұмыс: жем, тор.
Билингвалды компонент: дəн – зерно
Жұмыс
кезеңдері
Педагогтің басқарушылық
қызметі
(Əдістер, тəсілдер)
Балалардың іс-əрекеті
Ынталандыру-
қызығушылық
та-рын ояту
Педагог
балалардың
жұмыс
істеуіне қолайлы эмоционалдық
көңіл
күй
қалыптастыру
мақсатында
тасбақа
туралы
қызықты дерек оқиды.
Ал ең жылдам тасбақа атағын
Англиялық Берти атты тасбақа
жеңіп алған. Ол бір сағатта 966
м-ге жақын жүреді, жəне 100
метрді 6 минутта жүріп өтеді
екен.
Сұрақтар:
Тасбақа
табиғат
бұрышында тіршілік ете ме? Оған
күтім қажет пе? Қалай күтіп-
баптау керек? Егер адам табиғат
бұрышындағы
жануарларға
Балалардың танымдық қызығушылықтары
оянады. Суретті көреді.
Диалогке қатысады. Сұрақтарға жауап
береді.
Бір-бірінің
жауаптарын
толықтырады.
75
қамқорлық жасамаса, онда не
болады?
Сұрақтарға жауап алу арқылы
ҰОҚ-ның
тақырыбын
жəне
мақсатын болжамдап тапқызады.
Ізденістік-
ұйымдастыруш
ы-лық
Əліппе-дəптердегі
суретке
назарларын аударады: сұрақтарға
жауап
алады,
балалардың
жауаптарын толықтырады.
Өзекті сұрақ: Адамға жануарды
күтіп-баптау үшін қандай құрал-
жабдықтар керек?
Тəжірибе жұмысы: су беретін
ыдыстарды, жемсауытты жууға
ұсыныс тастайды.
Жануарларға, олардың мінез-
құлықтарын бақылауға ұсыныс
береді.
Ескерту: жүнге аллергиясы бар
балалар бұл тапсырманы
орындамайды!
Қосымша ақпараттар:
Мысыққа тырнағын тырмалайтын
арнайы тақтай дайындап қою
керек.
Жүндерін
күтіп-баптау
үшін
арнайы
тарақ
пайдаланылады. Тамақ пен су
ішетін ыдыс аса шұңғыл болмау
қажет. Ересек мысықты күніне 2–3
рет қоректендіреді. Ыдыстарын
үнемі
таза
ұстау
қажет.
Марғауларды
күніне 6 рет
қоректендіру керек.
Итке
өзінің
жүретін
орнын
белгілеп қою керек. Мысалы:
үйшік. Оны таза ұстау керек. Су
ішетін
жəне
тамақ
жейтін
ыдыстары болады. Оларды да таза
ұстайды. Оның жүнін тарайтын
тарағы, қарғы бау жəне тұмсық
торы болады.
Əліппе-дəптермен жұмыс.
Тағы бір нұсқасы:
«Жақсы-жаман» дидактикалық
ойыны.
Əңгімеге араласады.
Əліппе-дəптердегі тапсырмаларды
орындайды.
Құралдарды таңдайды; леген, щетка,
шүберектер. Педагогтің басшылығымен
жұмысты орындауға кіріседі. Сулы
шүберекпен аквариумның қабырғаларын
сүртеді, жануарларға су беретін
ыдыстарды, жемсауытты жуады, оған жем
шашады, салады.
Тыңдайды, өздері білетін ақпараттарды
əңгімелеп айтады. Суреттерді қарайды.
Үйлерінде асыранды жануарлар бар
балалар оларды қалай күтіп-
баптайтындарын əңгімелейді.
Тапсырмаларды педагогтің
басшылығымен орындайды.
Ненің жақсы, ненің жаман екенін
анықтайды. Бұл ойынды ауызекі тілде
немесе суретпен көрсету арқылы да
ойнауға болады.
76
1. Егер мысықты балықпен қоректендірсек
– бұл жақса ма əлде жаман ба?
2. Мысыққа дəрумендер береміз. Жақсы ма
əлде жаман ба?
3. Итті серуендеуге алып шығамыз. Жақсы
ма əлде жаман ба?
4. Итті байлап қойдық. Жақсы ма əлде
жаман ба?
5. Мысықпен ол бізді тырналағанша
ойнаймыз. Жақсы ма əлде жаман ба?
6. Мысықты қорапқа отырғызып, оны
желімдеп қоямыз. Жақсы ма əлде жаман
ба?
7. Иттің күшіктерін, мысықтың
марғауларын олардан тартып алып,
серуенге барамыз. Жақсы ма əлде жаман
ба?
Рефлексивтік-
түзетушілік
Педагог қорытынды жасайды.
Педагог жанға жайлы сөздер
айтып, көңіл күйлерін көтереді
(мадақтау).
Педагог
балалармен
бірлесе
отырып, рефлексияның бір түрін
қолданады: дене күші (үлгердім –
үлгермедім); сенсорлы (көңіл күйі:
қолайлы, қолайлы сезінбедім);
интелектілі (Нені түсіндім? – Нені
түсінбедім? Қандай қиындықтар
болды?).
ҰОҚ-ны
қорытындылауға
қатысады.
Көтеріңкі көңіл күймен ҰОҚ-да алған
əсерлерімен
бөліседі.
Өз
білімдерін
рефлексивтік түрде бағалайды.
Күтілетін нəтиже:
айтады: жанды табиғат бұрышындағы жануарларға қалай күтім жасау керектігін;
түсінеді: дұрыс күтім жануарлардың денсаулығына əсер ететінін;
қолданады: күш жетерлік еңбек əрекеттерін (балықтарды т.б. қоректендіреді, суларын
ауыстырады).
№ 22 ҰОҚ
Білім беру саласы: Таным, Əлеумет
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы:Аквариумдағы балықтар
Мақсаты: Жанды табиғат бұрышын мекендеушілер туралы түсініктерін кеңейту. Қарапайым
дербес тəжірибе іс-əрекеттерін ұйымдастыру арқылы балалардың түсініктерін дамыту. Табиғатқа,
тіршілік иелеріне қамқорлықпен қарауға тəрбиелеу.
Сабаққа дайындық жұмыстары: күш жетерлік еңбек əрекеттері; суреттер мен фотосуреттерді
қарау; бейнетаспаларды көру; үнтаспа тыңдау; жұмбақтар шешу, қарапайым тəжірибе жəне
зерттеу жұмыстары, тақпақ жаттау.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар,
аквариум, құралдар, балықтарға арналған жем.
Сөздік жұмыс: аквариум, шілтеқұйрық, алтын балық, қабыршақ, жүзбеқанаттары, құйрық.
77
Билингвалды компонент: балық – рыба
Жұмыс
кезеңдері
Педагогтің басқарушылық
қызметі
(Əдістер, тəсілдер)
Балалардың іс-əрекеті
Ынталандыру-
қызығушылық
та-рын ояту
Педагог
балалардың
жұмыс
істеуіне қолайлы эмоционалдық
көңіл
күй
қалыптастыру
мақсатында өлең оқиды.
Балалардың білімдерін белсендіру.
Педагог
кесілген
суреттерді
біріктіріп, тұтас сурет құрастыруға
ұсыныс тастайды.
Суретте не бейнеленген? Олар
қайда тіршілік етеді? Бұлар сəндік
балықтар
ма
əлде
аквариум
балықтары ма?
Сұрақтарға жауап алу арқылы
ҰОҚ-ның
тақырыбын
жəне
мақсатын болжамдап тапқызады.
Алабұға – ала балық,
Көрінеді адамға анық.
Арқасында тікені бар,
Жүрмесінші қадап алып.
Кесілген суреттерді біріктіреді. Жұмбақ
шешеді:
Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ,
Сусыз оның күні жоқ.
Жүріп кетсе соңында,
Қалып жатқан ізі жоқ. (Балық)
ҰОҚ
тақырыбына
танымдық
қызығушылықтарын, жаңа нəрсені білуге
деген құштарлықтарын көрсетеді.
Ізденістік-
ұйымдастыруш
ылық
Балалардың назарларын əліппе-
дəптердегі суреттерге аударып,
сұрақтарға
ойланып
жауап
берулерін сұрайды. Балалардың
жауаптарын толықтырып тұрады.
Аквариум
балықтарымен
таныстырады:
гуппи,
шілтеқұйрық,
семсерші,
кішкентай жайын.
Өзекті
сұрақ:
балықтардың
адамдардан
қандай
айырмашылығы бар?
Педагогтің ақпараты: қол-аяғы
жоқ, жүні жоқ, қабыршақтары,
жүзбеқанаттары, желбезектері бар
(сызба-сурет).
Аквариумдағы
балықтарды
бақылауға ұсыныс тастайды.
Сергіту сəті.
Балықтың дене бөліктерін атайды: денесі,
құйрығы,
басы,
жүзбеқанаттары,
желбезектері.
Сипаттайды:
балықтың
денесі қабыршақтар жəне шырышпен
қапталған. Сондықтан ол суда жақсы
жүзеді.
Аквариумда суда өсетін шөптер, тастар,
ұлулар бар.
Олардың ерекшеліктерін айтады.
Əліппе-дəптердегі
балықтың
сызба-
суретіне қарайды. Балықтар туралы
əңгімелейді.
Балықтардың дене көлемін анықтайды:
үлкен немесе кішкентай. Дене мүшелері:
Аузы
қандай?
Көзі
қай
жерінде
орналасқан?
Түстері
қандай?
Қалай
жүзеді? Немен қоректенеді? Міне, осы
сұрақтарға
аквариумдағы
балықтарға
қарап тұрып жауап береді.
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз
78
Сұрақтар:
Балықтар қандай суда тіршілік
етеді? Олардың тіршілігі үшін не
қажет? Адам балықтарға қалай
қамқорлық жасайды?
Сұрақ қояды: Балықтар қалай
пайда болады?
Əліппе-дəптердегі тапсырмаларды
орындатады.
Өзекті
сұрақ:
Аквариумдағы
балықтарды
өзендегі
суға
жіберсек, олар онда тіршілік ете
ала ма? Оларға қиын болмай ма?
Балықтарға жем салуға ұсыныс
тастайды. Балықтардың қорегі
туралы
жəне
оларды
қалай
қоректендіру
қажеттігін
түсіндіреді.
Тағы бір нұсқасы:
Педагог «Мекенін тап» ойынын
ойнатады.
Балаларға
суреттер
таратып
береді.
Өзі
тақтаға
суреттегілердің тіршілік ортасы
бейнеленген үлкен суреттерді іліп
қояды.
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Əрқашанда біргеміз.
Балалар
болжамдап
жауап
береді:
балықтар барлық суда да тіршілік етеді.
Судан басқа балықтарға жылу, жарық,
ауа,
қорек
керек.
Аквариумдағы
балықтарға адам қамқорлық жасау
қажет. Оларды қоректендіріп, суын
ауыстырып тұру керек.
Балалар болжамдап жауап береді, педагог
жауаптарын толықтырады:
Балықтар
уылдырық
шашады.
Уылдырықтардан кішкентай балықтар
пайда болады. Олар өседі.
Тапсырмаларды орындайды.
Өз ойларын ортаға салады.
Балықтарды
қоректендіру
жұмысына
кіріседі.
Балалар қолдарындағы суреттерге қарап,
олардың мекені бейнеленген суретті
тауып, соған жапсырады. Мысалы: аю –
апан, ит – үйшік, балық – өзен, аквариум,
гүл – гүлзар, саябақ.
Рефлексивтік-
түзетушілік
Педагог қорытынды жасайды.
Рефлексия: рефлексиянің
əдістерінің бір тəсілін қолданады:
Балалардың ҰОҚ-да қаншалықты
өсіп жетілгендерін көру:
отырып, тұрып, созылып.
Ым-ишарамен көрсету: Міне,
тамаша!
Қол шапалақтаңдар! Аяқтарыңмен
топылдатыңдар!
ҰОҚ
барысында
алған
танымдық
ақпараттарымен бөліседі. Көңілді көңіл
күймен алған əсерлерін əңгімелейді.
79
Күтілетін нəтиже:
айтады: балықтардың аттарын, олардың дене құрылысын жəне мекендеу ортасын
.
түсінеді: балықтардың дене құрылыстарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын,
аквариумдағы балықтардың тіршілігі үшін не қажет екенін.
қолданады: балықтарды күтіп-баптау дағдыларын өмірлік тəжірибелерінде.
№ 23 ҰОҚ
Білім беру саласы: Таным, Əлеумет
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жануарлардың тіршілік етуі үшін не қажет?
Мақсаты: жануарлардың барлығы тіршілік иесі болып табылатыны, оларды да барлық тіршілік
иелері секілді өсіп-өнуі үшін белгілі бір жағдайлар қажет екені туралы түсініктерін қалыптастыру.
Құрдастарымен жəне ересектермен еркін қарым-қатынас барысында танымдық-зерттеушілік іс-
əрекет дағдыларын дамыту. Жанды табиғатқа сүйіспеншілік сезімін тəрбиелеу.
Сабаққа дайындық жұмыстары: əңгіме жүргізу; суреттер мен фотосуреттерді қарау;
бейнетаспалар мен слайдтарды көру, үнтаспаларды тыңдау; жұмбақтар шешу, қарапайым
тəжірибе жəне зерттеу жұмыстары, зерттеу мақсатындағы серуендерге шығу, тақпақтар жаттау.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар,
интерактивті құрал.
Сөздік жұмыс: ауа, су, жарық, жылу.
Билингвалды компонент: жем – корм
Жұмыс
кезеңдері
Педагогтің басқарушылық
қызметі
(Əдістер, тəсілдер)
Балалардың іс-əрекеті
Ынталандыру-
қызығушылық-
тарын ояту
Педагог
балалардың
жұмыс
істеуіне қолайлы эмоционалдық
көңіл
күй
қалыптастыру
мақсатында ойын ойнатады.
Ойын барысында төрт түліктің
баласын «төл» деп айтатынын
түсіндіріп кетеді.
Балалардың білімдерін белсендіру.
«Дауысынан
таны»
ойыны.
Шарты:
үнтаспа
арқылы
жануарлардың
дауыстары
тыңдатылады.
Балалар допты бір-біріне лақтыру арқылы
жануарлардың балаларын атайды.
Қоянның баласы – көжек.
Қасқырдың баласы – бөлтірік.
Аюдың баласы – қонжық.
Түлкінің баласы – мыршай.
Жылқының төлі – құлын.
Сиырдың төлі – бұзау.
Қойдың төлі – қозы.
Дауыстары арқылы жануарлардың аттарын
атайды. Мысалы: Мынау – иттің дауысы.
Ит үреді. Ит – үй жануары. Мынау –
аюдың дауысы. Аю ақырады. Аю –
жабайы жануар.
80
Ізденістік-
ұйымдастыру-
шылық
Балалардың назарларын əліппе-
дəптердегі суреттерге аударып,
сұрақтарға
ойланып
жауап
берулерін
сұрайды:
суретші
қандай жануарлардың суреттерін
салды? Олар қайда тіршілік етеді?
Өзіңнің өлкеңде қандай жануарлар
тіршілік етеді?
Карточкаларды
(суреттерді)
қолданып,
ойын
жүргізеді:
жануарлар бейнеленген суреттерді
балаларға таратып береді. Сонан
соң «бір, екі үш, қасқыр, ортаға
шық», – дейді.
«Жануарлардың ауырмай, жақсы
өсуі
үшін
не
қажет?»
тақырыбында диалог жүргізеді.
Осы сұраққа ойланып жауап
берулерін сұрайды.
Сұрақтар:
Жабайы жануарлар уақытымен
қоректене ме? Олардың қоректері
əрқашанда жеткілікті бола ма?
«Үй жануарлары қоректерін қалай
табады?» сұрағына да жауап
іздетеді. Үй жануарларын тəтті
тағамдармен – кəмпит, шоколад
сияқтылармен қоректендіруге бола
ма?
Əліппе-дəптердегі тапсырмаларды
орындатады.
Қыста
күн
жерді
қалай
қыздырады? Жануарларға күннің
ыстық болғаны қолайлы ма?
«Күн қайда?» ертегісін оқып
береді.
Бірде
орманда
жануарлар
ұйқыларынан оянып, күннің жоқ
екенін байқады. Айнала қап-
қараңғы, суық. Қорқақ қоян
қараңғы
орман
ішінде
қорқыныштан
есі
шықты.
Торғайлар: «Дəнді қалай көріп,
қалай
шоқимыз?» – деп
шиқылдады.
Қасқырлар
да
қараңғыда ұлып, аюлар ақырып,
орман іші азан-қазан болды.
Əліппе-дəптерде
бейнеленген
жануарлардың
аттарын
атайды.
Жануарлардың тірі организм екенін айтып,
оны дəлелдеуге тырысады. Мысалы,
жануарлар қоректенеді, қозғалады, тыныс
алады, өседі, балалайды.
Суреттерді
алып,
оның
не
екенін
анықтайды.
Педагогтің
шақыруы
бойынша, мысалы,, қасқырдың суретін
алған бала ортаға шығады.
Сұрақтарға болжамдап жауап береді: Олар
өсімдіктер
жəне
өздерінің
кіші
жануарлармен қоректенеді. Қоректері
барлық уақытта бола бермейді. Көбінесе
жаз мезгілінде қоректері мол болады.
Қыста қорек табу қиын. Сондықтан
қыста адамдар жабайы жануарларға да
қамқорлық жасайды.
Сұрақтарға болжамдап жауап береді.
Қыста күн жерді аз қыздыратынын айтады.
Ертегіні мұқият тыңдайды.
81
Ақылды арыстан жануарларды
жинап: «Мүмкін
біз
күнді
ренжітіп
қойған
шығармыз.
Күннен кешірім сұрайық», – деді.
Сонда əр жануар өзінше күнді
ренжіткендерін естеріне түсірді.
Сөйтіп олар күннің үйіне барды.
Күн ұйықтап жатқан болатын.
Ол шуылдаған жануарлардың
дауыстарынан
оянды.
Өзінің
тіршілік
үшін
керек
екенін
түсініп, жайраң қағып, аспанға
көтерілді. Айнала жып-жылы,
жап-жарық болды. Осы күннен
бастап
жануарлар
ешкімді
ренжітпеуге ұйғарды.
Сергіту сəті.
Өзекті сұрақ: жануарлар ауасыз
тіршілік ете ала ма? Ал балықтар
суда ауасыз қалай тіршілік етеді?
Жануарларға су қажет пе?
Əліппе-дəптердегі тапсырмаларды
орындатады.
Жануарлармен қатар өсімдіктер де
жылусыз, жарықсыз, сусыз өсе
алмайтынын түсіндіреді.
Ертегіні тыңдағаннан кейін, өздерінің
пікірлерін айтады.
Ұшып келді бір топ қаз,
Қонған жері, бірақ саз.
Сазды шоқып, тағы шоқып,
Ұшып кетті бір топ қаз.
Сұрақтарға болжамдап жауап береді.
Балықтардың судағы еріген ауамен тыныс
алатынын айтады.
Мысалдар келтіріп, сұраққа жауап береді.
Тапсырмаларды педагогтің
басшылығымен орындайды.
Рефлексивтік-
түзетушілік
Педагог қорытынды жасайды.
Рефлексия:
рефлексиянің
əдістерінің бір тəсілін қолданады:
Балалардың ҰОҚ-да қаншалықты
өсіп жетілгендерін көру:
отырып, тұрып, созылып.
Ым-ишарамен көрсету: Міне,
тамаша!
Қол шапалақтаңдар! Аяқтарыңмен
топылдатыңдар!
ҰОҚ
барысында
алған
танымдық
ақпараттарымен бөліседі. Көңілді көңіл
күймен алған əсерлерін əңгімелейді.
Күтілетін нəтиже:
айтады: жануарлардың тіршілік етуі үшін қажетті жағдайларды;
түсінеді: жануарлардың тірі организм екенін;
қолданады: өздерінің өмірлік тəжірибелерінен мысалдар келтіреді.
№ 24 ҰОҚ
82
Білім беру саласы: Таным, Əлеумет
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Қазақстанның Қызыл кітабы
Мақсаты: табиғаттың: өсімдіктер мен жануарлар əлемінің баға жетпес құндылық екені туралы
түсініктерін қалыптастыру. Балалардың есте сақтау қабілетін, логикалық пайымдауларын,
шығармашылық қиялын дамыту. ҰОҚ барысында эстетикалық тəрбие беру, табиғатқа
қамқорлықпен қарауға тəрбиелеу.
Сабаққа дайындық жұмыстары:əңгіме жүргізу; суреттер мен фотосуреттерді қарау;
бейнетаспаларды көру, үнтаспаларды тыңдау, жұмбақтар шешу, қарапайым зерттеу жұмыстарын
жүргізу.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: Қызыл кітап, көмек, қорғау.
Билингвалды компонент: дыбыс – звук
Жұмыс
кезеңдері
Педагогтің басқарушылық
қызметі (Əдістер, тəсілдер)
Балалардың іс-əрекеті
Ынталандыру-
қызығушылық-
тарын ояту
Педагог
балалардың
жұмыс
істеуіне эмоционалдық көңіл күй
қалыптастырады.
Педагог өлеңде қандай кітап
туралы айтылғанын сұрайды.
Қызыл кітап деген не? Ол не үшін
қажет? Қызыл түс нені білдіреді?
(Қызыл түс – тыйым салуды
білдіретін түс) «Тоқта!», «Бұлай
болмайды!» дегенді білдіреді.
Сұрақтарға жауап алу арқылы
ҰОҚ-ның
тақырыбын
жəне
мақсатын болжамдап тапқызады.
– Ата, Қызыл кітапқа
Жолбарыс та тіркелген.
Дейді соны бірақ та
Түсінбедім бірден мен...
– Жолбарыс – бір қызық аң,
Кезікпейді əр елде.
Терісіне қызығар
Аңшылар көп əлемде.
«Қызыл кітап» шындықты
Айтуға да арналған.
Жою керек сұмдықты,
Жойылмасын бағалы аң.
Қорғау керек аңдарды
Бара жатқан сиреп көп.
«Қызыл кітап» ал мына
Жұртты соған үйретпек.
Н.Хасенов
Сұрақтарға болжамдап жауап береді.
Педагогтің түсіндіргеніне қызығушылық
танытады.
Достарыңызбен бөлісу: |