Т. М. Блисов Экологиялық картографиялау


Планиметр бөлігінің бағасын табу



бет17/35
Дата08.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#123420
түріНұсқаулар
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
Блисов Экол картограф

Планиметр бөлігінің бағасын табу:
Планиметрдің ең кіші бөлігінің м2 немесе га арқылы сәйкес көрсетілуі – планиметр бөлігінің бағасы деп аталады.
Планиметр бөлігінің бағасын табу үшін бақылау сызғышы (контрольная линейка) қолданылады, оның сызған ауданы 100см2, немесе 1:10000 масштабында ауданы 100 га болады.
Бақылау сызғышы бойынша сағат тілі бағытымен аудан екі айналымнан алынған санаулармен есептеледі: мысалы, 6382, 7333, 8283, олардың айырмашылықтары 7333-6382=951 және 8283-7333=950. Екі есептеудің арасындағы айырмашылық үш бөліктен аспауы керек, бізде бір бөлік, олай болса орташа ауданын есептеуге болады (951+950):2 =950,5. Бөліктің бағасы С1= 100 : 950,5 =0,1052 га.
Полигон контурын өлшегенде планиметрді оң тараптан қояды, өлшенетін алаңды екі рет айналады. Әр айналымның санауын алады, кестеге жазады, содан кейін есептеулердің айырымын, орташа айырымын табады.
Мысалы, полигонды айналғандағы санаулар 7150, 8444, 9739, оларды айырымдары: 8444 – 7150 = 1294 және 9739 – 8444 = 1295.
Екі есептеудің арасындағы айырым үш бөліктен аспауы керек, бізде бір бөлік, олай болса орташа ауданын есептеуге болады (1294+1295):2=1294,5.
Содан кейін бақылау сызғышының бағасын – С1 құрылған полигонның масштабына сәйкесті ету үшін – С2 келесі есепті жүргізеді:
С2 = (М2 : М1)2 х С1, мұнда М2 – полигонның масштабы, М- бақылау сызғышының ауданын есептеу масштабы.
Мысалы, С2 = (2000 :10000)2 х 0,1052 = 0,0042.
Олай болса полигонның ауданы 1295 х 0,0042 = 5,44 га.
4 Кесте. Ауданды (алаңды) планиметрмен анықтау ведомосы
Планиметр №1235. Бөлік бағасы С1 = 0,1052

Планиметр бойынша санаулар


Санаулар айырымдары


Орташа айырымы


Ауданы, га


алғашқы

соңғы

7150

8444

1294

1261

5,4

8444

9739

1295






Ауданды өлшеу барысында санаулар арасындағы айырмашылық ауданы планиметрдің 200 бөлігіне дейін болғанда 2 бөлік, 200 – 2000 дейін 3 бөлік, ал 2000 бөліктен артқанда 4 бөліктен аспауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет