Т. М. Блисов Экологиялық картографиялау

Жер бедері қимасының биіктігін анықтау

бет20/35
Дата08.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#123420
түріНұсқаулар
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Байланысты:
Блисов Экол картограф

Жер бедері қимасының биіктігін анықтау. Егер картада рельефтің қиылысу биіктігі көрсетілмесе , оны горизонтальдағы жазулар немесе биіктігі белгілі екі нүктелер арқылы анықтауға болады.
Бірінші тәсіл бойынша беткейдегі биіктігі жазылған екі горизонтальдарды табады, содан кейін осы горизонтальдардың айырымын анықтайды оны горизонтальдар арасындағы аралық санына бөледі. Мысалы, екі горизонтальдар жазылған: 180,0 м және 160,0 (20 сурет). Олардың айырымы 20,0 м тең, ал аралық саны 8 м, олай болса горизонтальдармен рельефтің қиылысу биіктігі: h = 20:8 = 2,5 м.

20 Сурет 21 Сурет

Жарты горизонтальдар есептелмейді.
Екінші тәсіл бойынша бір беткейде орналасқан биіктігі көрсетілген екі нүктені табады (21 сурет), олардың (екі нүктенің) биіктік айырымын горизонтальдар санына бөледі, табылған сан қиылысу биіктігіне жақын болады.
Мысалы, таудағы нүктенің биіктігі 208,6 м., екінші нүкте беткейде орналасқан биіктігі 189,3 м. Олардың арасындағы горизонтальдар саны 7 тең. Онда 208,6 – 189,3 = 19,3 м, h = 19,3 : 7 = 2,7 м., олай болса рельефтің қиылысу биіктігі 2,5 м тең болады.

Горизонтальдар мен олардың арасындағы нүктелердің биіктігін немесе белгісін анықтау. Горизонтальдардың биіктігін анықтау үшін олардағы жазылған белгілерді қолдану керек.
Мысалды, крестикпен көрсетілген горизонтальдың биіктігін анықтау үшін жақындағы биіктігі көрсетілген горизонтальды аламыз – 150, қиылысу биіктігі 2,5 м, онда крестикпен көрсетілген горизонтальдың биіктігі 150-2,5=147,5 м болады (Қосымша сурет).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет