Горизонтальдар арқылы кез келген нүктенің биіктігін анықтауға болады:
а) егер нүкте горизонтальдың үстінде болса, оның биіктігі горизонтальдың биіктігіне тең болады (Қосымша сурет).
б) егер анықталатын нүкте горизонтальдардың арасында болса, онда ол жақын кіші горизонтальдың биіктігіне және қаншаға жоғары екенін таба отырып анықтайды.
Мысалы, А нүктесі 157,5 және 155,0 горизонтальдар арасында, рельефтің қиылысу биіктігі: h = 157,5 м – 155м = 2,5 м., ал нүкте жобамен екеуінің арақашықтығының 1/3 шамасындай, немесе 2,5 х (1 : 3) =0,8 м. Олай болса А нүктесінің биіктігі 157,5 – 0,8=156,5 м.
Немесе горизонтальдардың арақашықтығын және нүктемен кіші горизонтальдың арақашықтығын масштабты сызғышпен өлшейміз. Сызғыш нүктеге тиіп тұруы және горизонтальдарға перпендикулярлы болуы керек. Содан кейін нүктенің кіші горизонтальдан қаншаға жоғары екенін анықтаймыз. Бұл сан қима биіктігінен соншаға кем, қаншаға нүктемен горизонтальдың арақашықтығы және екі көрші горизонтальдың арақашықтығы кем.
Мысалы: екі горизонталь арасы 8 мм, ал А нүктесімен кіші горизонталь арасы 2 мм. Онда 2,5 х (2:8)=0,625=0,6 м. А нүктесі 0,6 м жоғары, немесе биіктігі 150+0,6=150,6 м.
Достарыңызбен бөлісу: |