Т. М. Блисов Экологиялық картографиялау


Әдебиет: 5, с. 9-17; 6, с. 70-88; 7, с. 33-41. №6 Зертханалық жұмыс



бет16/35
Дата08.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#123420
түріНұсқаулар
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
Блисов Экол картограф

Әдебиет:
5, с. 9-17; 6, с. 70-88; 7, с. 33-41.
6 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Планиметр арқылы жер алаңын есептеу
Мақсаты: жер алаңын полярлы планимет арқылы есептеу

Құралдар: жай қарындаш, мастабты сызғыш, А4 форматты чертеждік қағаз, циркуль-өлшегіш, транспортир, үшбұрыш, полярлы планиметр
Тапсырмаға түсініктеме
Механикалық әдіспен жер алаңын есептеу дәлділігі жағынан және кезкелген формадағы жер учаскелер алаңын немесе ауданын тез орындалуы жағынан өте тиімді. Сонымен қатар алаңды графикалық әдіс арқылы жеткілікті дәлдікте есептеу тек шамалы учаскелерге қолдануға болады.
Жер алаңын қарапайым фигураларға бөлу мүмкін болмағанда – планиметр деген аспап қолданылады.
Планиметр – жер ауданын есептеу үшін арналған механикалық аспап. Планиметрдің екі қолы бар: 1. Әрекет қол; 2. Полюстік қол. Әрекетті қолда есеп механизмасы орнатылады, оның ұшында сызу шынысы бар.
Есеп механизмасының құрылысы: есептеу тегіршегі – 100 бөлікке бөлінген. Есептеу тегіршегісінің айналуын циферблаттан оқу мүмкін – 1-ші сан. 2-ші, 3-ші, 4-ші сан верньерден алынады. Алаңның ауданын анықтау үшін полюстік қол әрекетсіз болып орнатылады. Ал әрекетті қолмен алаңның шекарасы сызылады (сағат тілі бағытымен). Есеп механизмасынан алғашқы сан және соңғы сан алынады. Соңғы саннан – алғашқы санды алғанымызда планиметр бөлігі арқылы өрнектелген ауданды табамыз.
Есеп механизмінен санау тәртібі (15 сурет):



15 Сурет. Планиметр көрсеткіштерін анықтау

Есеп механизмінен 4 цифралы сан алынады. Бірінші цифра (сан) циферблаттан (М) - кішісі алынады, бізде - 7, екінші, үшінші цифрлар роликтен (К) алынады. Екінші сан верньердің (U) 0-не ең жақын цифрлардың кішісі алынады, бізде 5, үшінші цифра – алынған 5 цифрасымен верньердің 0-лі арасындағы қалған толық бөліктер - бізде 2, төртінші цифра верньер штрихының роликтің бөлігімен ең сәйкес келетін бөлік, бізде – 1. Сонымен алынған сан – 7521.
Көлемді га, немесе м2 арқылы көрсету үшін планиметр бөлігінің бағасын табу керек.
Планиметрмен жұмыс істеу үшін полюс оң тарапта, сол тарапта орнатылуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет