132
– Жер бетінен қанша биологиялық түр жойылып кетті?
– Бұл үдеріс өте ерте кезден басталды. Ал ХІХ ғасырда
құстар мен сүтқоректілердің 70 шақты түрі, ХХ ғасырдың
бі рін ші жартысында тағы да 40 түрі жоғалды.
– Нақтырақ мысал келтірсеңіз...
– Мысалы, Еуропаның орманды далаларында қаптап жүр -
ген жабайы сиырдың ең соңғысы 1627 жылы Польша же рін де
өлді. Командор аралдарындағы сусиырлар 1768 жылы бү тін-
дей құрып бітті. Ресейде тарпан жабайы жыл қы сы үйір- үйі -
рімен жайылып жүрген, соңғы тарпан 1879 жылы құрыды.
Солтүстік Америкада адамдар кезеген кептерлерді бас-аяғы
жүз жылда-ақ қырып жіберді, ақырғы кезеген кептер
1914 жы лы АҚШ-та хайуанаттар бағында өл ді.
– Жойылып бара жатқан түрлерді қорғау ұйымдары
қандай шаралар қолдануда?
– Халықаралық Табиғат және Табиғи Ресурстарды
Қор ғау Одағы 1962 жылы сирек кездесетін құстар мен
сүт қо ректілер тізімінің алғашқы Жобасын дайындады.
1966 жы лы анықталған тізім Қызыл кітапта көрсетілді.
1979 жы лы халықаралық Қызыл кітапқа сүтқоректі лер дің
305 түрі, құстардың 258, бауырымен жорғалаушылардың 98,
қосмекенділердің 40, балықтың 193 түрі енгізілді.
– Қазақстанның Қызыл кітабына қандай сүтқоректілер
мен жануарлар енген?
– Қара кірпі, көксуыр, құндыз, қызыл қас қыр, үнді жай -
расы, Тянь-Шань қоңыр аюы, қаракүзен, Орта Азия сілеу -
сіні, қарақал, шағыл мысығы, қарақұйрық, Үстірт қойы,
Қы зылқұм қойы, арқар, киік т.б.; құстардан – Алтай ұлары,
қараләйлек, кәдімгі қоқиқаз, дуадақ, без гел дек, бүркіт,
ла шын т.б.; балықтардан – Сырдария тас бекіресі, Арал ал -
быр ты, Каспий албырты, бекіре және басқалар.
(kitaphana.kz)
1. «Хай уа нат қа жа са ған қия на тың – бауы ры ңа жа са ған опа сыз-
дық!» де ген жол дар ды қа лай тү сі не сің дер?
2. Ақын не лік тен «той лар дан кү ліп қай та ал май мын» дей ді?
3. «Хай уа нат тар ға на ма кет кен құ рып?!» де ген сау ал ар қы лы
ақын не ні аң ға рт қы сы кел ді? Та ғы да не құ рып кет ті деп ой лай-
сыңдар?
Достарыңызбен бөлісу: