Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі басшысы алдындағы кеңестің күн тәртібі



Дата12.04.2017
өлшемі49,08 Kb.
#13693
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі басшысы алдындағы кеңестің күн тәртібі

Құлан ауылы 27 қараша 2015 жыл


1. Мектепке дейінгі мекемелерде»Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» орындалу жәйін зерделеу туралы Қорымбаева Қ.

2. Октябрь шаруа, М.Горький, Ақбұлақ орта мектептерінде, Тубсанаторий негізгі мектебінде және аудандағы бастауыш мектептерінде мектепалды даярлық топтарда базистік оқу жоспарының орындалу барысын зерделеу туралы Естемесова Т.Ж.

3. Аудан мектептерінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы » Заңының орындалуын зерделеу қорытындысы Сейтжапаров Е.С.

4.Білім беру ұйымдарының қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары Сейтжапаров Е.С.

5. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылық әрекеттерді болдырмау және «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау Ережесін бекіту туралы» ҚР Үкімет қаулысының орындалуы туралы Утеулиева Л.Ш.



Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі

Октябрь шаруа, М.Горький, Ақбұлақ орта мектептерінде, Тубсанаторий негізгі мектебінде және аудандағы бастауыш мектептерінде мектепалды даярлық топтарда базистік оқу жоспарының орындалу барысы туралы анықтама
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің іс – шаралар жоспарына сай 2015 жылдың 19-24 қазан аралығында Октябрь шаруа, М.Горький, Ақбұлақ орта мектептерінде,Тубсанаторий негізгі мектептерде және аудандағы бастауыш мектептерінде мектепалды даярлық топтарда базистік оқу жоспарлары, вариативті бөлімінің орындалу барысы зерделенді.

Зерделеу барысында анықталғаны: барлық мектептерде вариативті бөлімге 4 сағат берілген, сабақ кестесіне енгізілген, журнал дұрыс толтырылып отыр. Октябрь шаруа, М.Горький, Ақбұлақ орта мектептерінде, Тубсанаторий негізгі мектебінде және аудандағы бастауыш мектептерде даярлық топтарда вариативті бөлімінде «Ертегілер елінде», «Жолда жүру ережесі»,«Логика», «Ойын алаңы», «Дамыту ойындары», «Шебер қолдар» деп алынған.

Октябрь шаруа орта мектебінде мектепалды даярлықта Нұрмашова жұмыс істейді.Мектепалды даярлыққа бөлме берілген, 11 бала қамтылған.Тәрбиешінің жылдық жұмыс жоспары бар, оқу іс - әрекеті дұрыс жоспарланған.

Кемшіліктер: оқу іс - әрекеті жоспары бойынша тақырыпты ашып жазу керек. Оқу іс-әрекеті кезінде әр түрлі әдістерді пайдалану қажет. Тәрбиешінің шеберлігі аз.

М.Горький атындағы орта мектебінде 2 тәрбиеші сабақ береді. Калашникова, Шілдембаева вариативті оқу жоспарының орындалуы мектептің жалпы оқу жоспарында директор алдындағы кеңесте қазан айында қаралуы жоспарланған. Тәрбиешілердің жалпы жұмысы дұрыс, оқу іс- әрекетіне топ зерделеуде анықталғаны; таңдау бойынша жазылған жоспар тақырыпқа сай, міндеттері дұрыс алынған. Кемшілігі көрнекілік аз, күтілетін нәтиже нақты емес. Ата – аналар аз қамтылған.



Ұсыныс: мектеп басшылығы даярлық сыныптарының жұмысын қадағалауды күшейтсін.

Тубсанаторий негізгі мектебінде мектепалды даярлықта 7 бала қамтылған, тәрбиеші Иманалиев А. еңбек өтілі 10 жыл, білімі жоғары, санаты жоқ. Вариативті бөліміне «Логика», «Ойын алаңы », «Ертегілер елінде», «Шебер қолдар» алынған. Күнтізбелік жоспары жазылған , бекітілген. Қол жоспары бар, қол қойылған.

Анықталған кемшіліктер: оқу іс - әрекетіне арналған қол жоспары бар, бірақ тақырып ашылмаған, тәрбиеші көрнекілікті аз қолданады.

Ақбұлақ орта мектебінде мектепалды даярлық сыныбында 2 тәрбиеші жұмыс істейді. Мырзакулова А . Білімі жоғары, санаты жоқ, курстан өтпеген. Қойлыбаева А. Білімі жоғары, санаты жоқ, курстан өтпеген. Вариативті бөлімінде 4 сағат «Логика», «Ертегілер елінде», «Дамыту ойындары», «Көшеде жүру ережесі » 0,5 қол еңбегі. Жоспарлары бар бекітілген.



Кемшіліктер: оқу іс - әрекеті қысқа жазылған, көрнекілік аз , дидактикалық ойындар сабақта дұрыс қолданылмайды. «Логика» вариативті бөлімінде 1 тақырып 2 сағатқа жоспарланған.

Бастауыш мектептерде мектепалды даярлықтарда негізінен вариативті бөлімге «Логика», «Ертегілер елінде», «Шебер қолдар»,«Ойын алаңы» алынған, мекеме меңгерушілерімен бекітілген. Күнделікті оқу іс - әрекетінде жазылып отыр. Бастауыш мектептерде вариативті бөлім дұрыс жоспарланған.

Сөгеті орта мектебінің тәрбиешісі Бейсебаева Х. журналы дұрыс толтырылған, күнделікті жазылатын қол жоспары дұрыс құрылған, көрнекіліктер мен әдіс – тәсілдерді қолдана алады. Күн тәртібі және сабақ кестесі жазылып,бекітілген.Бастауыш сыныптар бойынша мектепалды даярлықта анықталынған кемшіліктер: жоспарларында мерзімдері толық қойылмаған. Оқу іс - әрекетінде жоспарлары толық емес, күтілетін нәтиже нақты жазылмаған. көрнекіліктер аз. Қорыта келгенде, барлық мектептерде балалардың даму деңгейі мен жалпы дидактикалық талаптарды ескере отырып , педагог ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің тәсілдерін, мазмұны мен қажеттілігін өзі анықтайды. Вариативті бөлімдегі іс- әрекет инвариативті бөліммен және күн тәртібімен тығыз байланысты болуы қажет. Вариативті бөлім балалардың жеке қабілетін ашуы қажет. Ата – аналарды оқу іс - әрекетіне көбірек қатыстыру қажет.

Барлық мектептерде мектепалды даярлық сынаптардың арналған бөлме болу керек. Дамытушы орталықтар мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру мемлекеттік стандарт талаптарына сай болсын.



Анықтаманы жазған :Т. Естемесова

БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫ АЛДЫНДАҒЫ КЕҢЕСТІҢ



ШЕШІМІ

Құлан ауылы 27 қараша 2015 жыл

  1. М. Горький атындағы орта мектебіне (дир. Найзабекова Г.), Ақбұлақ шағын орталықты орта мектебіне (дир. Дауенов Б.), Октябрь шаруа шағын орталықты орта мектебіне (дир. Стыбаева А.), Тубсанаторий негізгі мектебіне (дир. Мангутов М.) және бастауыш мектеп меңгерушілеріне мектепалды даярлықтағы базистік оқу жоспарының вариативті бөлімінің орындалуында анықталған кемшіліктер атап көрсетілсін.

  2. Мектепалды даярлықта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты басшылыққа алынсын, ұйымдастыру- әдістемелік базасы жетілдірілсін, мектепалды даярлыққа бөлек сынып бөлмесі қарастырлып, талапқа сай дамытушы орта жасалсын.

  3. Базистік оқу жоспарының вариативті бөлімі баланың құзыреттілік тұлғасын қалыптастыруға бағытталсын.

  4. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Т. Естемесоваға жүктелсін.

Кеңес төрайымы Л. Утеулиева

Хатшы Е. Сейтжапаров
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет