«Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы» атты ашық тәрбие сағаты Орындаған


оқушы: Ей, қазақтың ұланы, Болғайсың дала қыраны Жер- суын қорғау бабаңның Емес пе еді басты ұраны. 3 жүргізуші



бет3/6
Дата29.05.2023
өлшемі26,08 Kb.
#177887
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
5 маусым-Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған тәрбие сағатының іс-шарасы (1)

11 оқушы:
Ей, қазақтың ұланы,
Болғайсың дала қыраны
Жер- суын қорғау бабаңның
Емес пе еді басты ұраны.
3 жүргізуші:

Табиғат! Сен дүниедегі ең сұлусың, ең әдемісің! Сенің жұпар ауаң да, жүгірген аңын да, айналаны әсем әнге бөлеген құсың да әдемі! Мен сенен әдемілікті үйрендім. Осындай әдеміліктің ортасында өмір сүрген адамзат баласының қаншалықты бақытты екенін сезінсе ғой!




4 жүргізуші:
Егер табиғатқа тіл бітсе, ол былайша бізге тіл қатар еді: «Ей, адамзат баласы!» Сен менің бауырымда өсіп ер жеттің. Мен сені тоңғаныңда күн шуағыммен жылыттым, ыстықта ағаштарыммен жаңына сая болдым. Мөлдір, таза ауаммен дем алдың, жер ана сені асырады, бақты ұрпағың ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Мен арқылы сен сұлулықты, әдемілікті сезіңдің! Бірақ мен саған өкпелімін. Неге дейсің ғой бүгінгі күніме қарашы. Ауам ластанды. Суым лайланды, тартылды. Орманымдағы ақбөкенім мен сұлу киігім қайда қашты? Даланы әсем әнге бөлеген құстарым неге азайды? Балықтарым неге жағада өліп жатыр? Сен бүгін менен бәрін алып алсаң, болашақ ұрпағың қалай күн көреді? Әлі де кеш емес ойланыңдар! Табиғатты аялай, қорғай біліңдер! деуші еді.


12 оқушы:
Ей, табиғат шеберсің, ау шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.
Ұлан ғайыр бұлағыңды місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсің,
Айың анау, күнің анау, жерің мынау
Ау,адамдар жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар, ағайын!
Асырайды ол сені , мені, елді де!

Ән орындалады.




1 жүргізуші :
Ия ,экология қазіргі дәуірде адамзатты толғандырып отырған маңызды проблемаға айналды. Табиғатты, қоршаған ортаны жою арқылы бүкіл қоғамды, тіршілікті жойып жіберуге болатынын көптеген елдер түсіне бастады. Біздің өмір сүріп отырған дәуірімізде техникалық құралдармен қаруланған кейбір елдер мен адамзат баласының жер планетасын аз уақыттың ішінде құртып жіберуі онша қиындыққа түспейді. Сондықтан бүкіл әлем халқының ортақ үйі жер планетасын – адамзат баласы біріге отырып экологиялық апатқа қарсы тұрып, жер анамызды сақтап қалу бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселе.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет