Мұғалім: Сайып келгенде айтарымыз – қандай жұмыс атқармасақ та қоршаған ортаға абайлап қарап, оны қорғауға күш салу басты бағытымыз болып қала береді. Қашан да болмасын табиғатты аялай білейік. Ол өктемдікті көтермейді.
Бүгінгі «Табиғатты қорғау – адамзаттың парызы» атты тәрбие сағатымызды қорытындылау үшін мектеп мұғалімдеріне сөз беріледі.