Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыру


Ішкі істер органдары құзыреті шегінде мынадай міндеттер мен функцияларды жүзеге асырады



бет2/8
Дата07.02.2022
өлшемі24,3 Kb.
#97146
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Шолу дәріс

Ішкі істер органдары құзыреті шегінде мынадай міндеттер мен функцияларды жүзеге асырады:
Ішкі істер органдарының міндеттері:
1) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу;
2) браконьерлікке қарсы күресте қоршаған ортаны қорғау, жануарлар дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдарға (бұдан әрі – Уәкілетті мемлекеттік органдар) көмек көрсету;
3) экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, ашу және тергеу.
Ішкі істер органдарының функциялары:
1) табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға, жолын кесуге және ашуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) ішкі істер органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, табиғатты қорғау заңнамаларын бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру бойынша басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастыру.
Табиғатты қорғау іс-шараларына ішкі істер органдарының қатысуы бойынша міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлеріне, сондай-ақ осы бағыттағы функциялар жүктелген жергілікті полиция қызметінің полиция қызметкерлеріне жүктеледі.
Ішкі істер органдарының құзыреті:
1) ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады;
2) экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуды және тергеуді жүзеге асырады;
3) экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
2.Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет