Энергия пирамидасы – экологиялық пирамидалардың талқыланып отырған үш типінің ішіндегі бірлестіктің функционалдық құрылымы туралы ең толық көрініс беретін түрі, себебі әр трофикалық деңгей әр түрлі жағдайларда тіршілік ете алатын ағзалардың санымен массасы ілгері тұрған деңгейдегі осы сәтке жинақталған энергияның мөлшеріне емес, азықтың өндірілу жылдамдығына тәуелді. Энергия пирамидасы азық массасының қоректік тізбесі арқылы өту жылдамдығын көрсетеді.
Энергия пирамидасы – қоректік тізбектегі бірінші деңгейден келесі әрбір деңгейге берілетін энергия мөлшерінің заңдылығы. Бұл энергия мөлшері де бір деңгейден екінші деңгейге өткенде 10 еседей азая береді.
Энергия пирамидасының маңыздылығына тоқталатын болсақ, экожүйедегі энергия ағынын бақылай отырып, біздің көптеген экологиялық қауіптің алдын алу мүмкіндігіміз бар. Өйткені, осы аталған үш пирамидалық көрсеткіштер тіршілік қауіпсіздігін сақтауға қажетті факторлар немесе процестерді анықтауға көмектесе алады
Қорытынды: Қорыта айтсақ, экологиялық пирамидаларды жүйелей отырып, жердегі зат алмасу, фотосинтез, тіршілік процесінің тұрақтылық деңгейін анықтауға болады. Ал ол экологиялық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Сол себепті экологиялық пирамидаларды бақылау, олардың көрсеткіштерін анықтау арқылы қазіргі әлемдік деңгейде өзекті болып отырған бірқатар экологиялық мәселелерді шешуге болады.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер:
Экология. Оқулық. -Алматы Экономика, 2002 Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті ISBN 9965-532-69-9
2. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә.Нысанбаев. – Алматы. – «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
3. М.Ш.Алипов. Экология және тұрақты даму. Алматы 2012 ISBN 978-601-7275-58-7