Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет42/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов
www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, соч 4 8, Реферат Балгожин А. Хетт, АКТ-ны және жаңа технологияларды пайдалану, Қорқыт ата дана, ҚМЖ 5 сынып, ҚМЖ 5 сынып, сцен, ҚМЖ 5 сынып, Менің панорамалық сабағым
кетсеші! Ең болмаса, есімді біліп тірі барғанша, әкемнің алдына
апарғанда, кірпігім қимылдап жатсамшы!
Ақбілек   аспанға   қарады   —   аспанды   мезгілсіз   бұлт   құрсар   емес;
жерге қарады — жер баяғы жер, қозғалар емес; сүрінер ме екен
деп өкшесін тебінді — кер жорға сүрінер емес, өзге аттарды сау
желдіріп тепсең де теңселіп келеді. Ақбілек қасындағы ағаларына
қарады — ағалары Ақбілекке қарар емес, көздері алдында; сипай
қамшылап,   «Ауылға   қашан   жетеміз?»   дегендей,   тебінгілері
сартылдап келеді.
Ақбілек   алдына   қарады.   Қараса   ауылға   кеп   қапты.   Ауылын
көргенде,   жылағысы   кеп   кетті.   Әнекей,   бұлардың   қарасын
көргеннен қатындар Ақбілектің үйіне қарай шұбырды. Әнекей, өз
үйінің иттері де ұлыды. Әнекей, бұзаулар да Ақбілекке көрісетін
кісіше бері қарап мөңіреді.  Мінекей, дауыс қылған қатындардың
ащы   айғайы   құлағына   келді.   Жер-дүние   күңіреніп   дауыс   қып
тұрғандай болды. Жан жарасы сол дауыспен жеңілетіндей, көп
дауысқа қосылып, Ақбілек те егілді. Екі көзі жасқа толып, жарық
күн   шымылдық   құрғандай   бұлдырап   тұман   боп   кетті.   Сол
тұманның   ішінде   басы   ағарған   адамдар   қолтығынан   ұстап,
сүйемелеп,   әлдебір   жерге   әкеліп,   үп-үлкен   бір   адамның   үстіне
жалп еткізді. Ақбілек жылай берді, жылай берді...
Сорлы   Ақбілек!   Сен   жыламай,   кім   жыласын?   Тас   емшегін
жібіткен, тар құрсағын кеңіткен, аруанадай анаңнан айырылдың!
Келешектегі   бақытты   өміріңнің   кілтіндей   көріп,   сары   майдай
сақтаған   алтын   қазынаңнан   айрылдың!   Ар-ұятың   төгілді,
адамшылығың   жойылды.   Жас   нәуетек   жүрегің   соқпай   жатып,
өрт болды. Жаңа шыққан жауқазын піспей  жатып  жоқ болды.
Шам   шырақтай   жас   жаның,   жанбай   жатып   шоқ   болды.   Есіл,
ерке   балалық,   аяққа   құйған   астайын,   шолтаң   етті,   тоқталды.
Жыла, жасың бұла! Жасыңмен қайғың жуылсын! Жасыңнан теңіз
жиылсын,   теңізді   дауыл   толқытсын!   Құтырсын   толқын,


туласын! Зарлатқан сені мұндарлар тұншықсын — сонда уласын!
Қатын-қызы тұл қалып, сендей болып шуласын.


ЕКІНШІ БӨЛІМ
Бесатардың   оғы   —   шыққан   жерін   алақандай   қып   үңірейтіп,
жұлып әкетеді. Емдеуі келіспей, асқынып кетсе, ол оқ тиген адам
жуырда мал болмайды. Сол бесатардың оғы Бекболаттың иығын
ала,   қарынан   тиіп,   сырт   жағын   үңірейтіп   кетіп   еді.   «Бұған
сормақта тарту керек... малдың жыны да мың да бір дәрі...» деп,
әркімі   әр   түрлі   ем   айтып   жатқан   үстіне,   қаладан   келген   бір
«үнүстрүк»: «Дәрігерге көрсетпесе, өледі» деген соң, Бекболатты
дуанға апарып еді. Мамырбайдың Төлегені не дегенмен қайынағасы
ғой,   барған   соң,   кеңседен-кеңсеге   жүгіріп   жүріп,   ауруханаға
жатқызып емдеуге қағаз алған еді.
Бекболат   ауруханаға   жатқалы   жиырма   күнге   жуықтады.
Дәрігердің   қарауы  күшті  болғаны   той:  он  бес   күн  дегенде   қолы
икемге   келіп,   жарасы   бүріліп   біте   бастады.   Алғашқы   кезде
аурухананың сары төсегіне, сасық дәрісіне, шөп тамағына үйрене
алмай,   мұрнын   тыжырып,   іші   пысып,   уайым   басып   жатса   да,
жүре-жүре аурухананың өз адамындай болып, бойы үйренейін деді.
Дәрігер күн шуаққа шығып отыруға рұқсат еткен соң, Бекболат
бір күні тысқа шықты.
Үсті-басына ақ киген, ақ орамалмен желкесінен бір түйген сары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет