Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет48/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов
www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, соч 4 8, Реферат Балгожин А. Хетт, АКТ-ны және жаңа технологияларды пайдалану, Қорқыт ата дана, ҚМЖ 5 сынып, ҚМЖ 5 сынып, сцен, ҚМЖ 5 сынып, Менің панорамалық сабағым
— Шорт ызнат!.. Әлгі агент бір қызық әңгіме айтып кетті.
— Не әңгіме дегенде, — Жылтыр мынаны айтты:
—   Осында   Мәдише   деген   мұғалім   қыз   болатын.   Сен   білмейтін
шығарсың. Өзі шала қазақ. Баяғыда бір шадыр сары ноғай болды
ғой... Лапке ұстайтын. Соның қатыны қазақ болатын. Үш қызы
бар-ды:   Қадиша,   Мәдише,   Зағипа   деген.   Шетінен   желаяқ.
Мәдишесі жап-жас қыз еді. Алдыңғы жылы Семейге барып оқып,
мұғалім боп келген. Сол Мәдише орыс командирімен жүреді екен.
Соның   арғымағына   мініп   катайтса
6
 
қыла   беруші   еді.   Түнде
бақшада бірдеңе серең-серең етеді дейді. Бақша күтетін шал бұ не
деп жетіп барса — екеуі екі жаққа қаша жөнеледі. Бірдеңе ағараң
етеді. Қараса шолақ дамбал. Шал дамбалды «Шекеге» тапсырады.
«Шеке» Мәдишені шақырып алып: «мынаны танисың ба?» — десе
біресе дамбалға ұмтылып, біресе жылайт дейді. Ой, масқаралық-
ай!..   Әлгі   соны   айтып,   бірқатар   күлгеніміз   ғой...   Бұ   қыз  кәпірге
дауа жоқ... Қазақ пен ноғай жетпеді ме екен...— деді.
Қызды бұлайша сөккеніне Бекболат көңіліне ауыр алып, Ақбілекті
арашалағалы:
— Өз еркімен сүйтеді екен-ау!— деді.
—   Е,   бұл   қаланың   қыздарын   қалтаң   болса   —   болғаны,—   деп
Жылтыр   басынан   кешкен   бір-екі   оқиғаны   сөйледі.   Бекболат
тыңдап отырып:
— Қала бір — бұзылған жер ғой, — дей берді. Онысы Ақбілекке кір
жуытқысы келмегені ғой.
Соны айтып отырғанда кішкене қақпаны ашып, бір қазақ кірді.
—   Е,   Жаңбырбай,   мал-жан   аман   ба?—   деп   Жылтыр   ұшып
түрегеліп,   шұрқырай   кетті.   Елдің   амандығын   сұрап   болған   соң
Жылтыр   Жаңбырбайды   ертіп,   манағы   дөңбек   үстіне   барды.
Сөйлесті-сөйлесті.   Бекболаттың   екі   көзі   соларда.   Бір   мезетте
Жылтырдың   көзі   Бекболатқа   түсіп   кетті   де,   Жаңбырбайды


түртіп  қап, бірдеңе  сұрағандай  болды. Жаңбырбай  жауап беріп
еді.   Жылтыр   ежіктеп,   тағы   сұрады.   Сөйтті   де   Бекболатқа
жайраңдап қолын былғады:
— Сүйінші!— деді.
Бекболат жымиып:
— Ал, ал,— дей берді.
— Қыз аман-есен үйіне келіпті, — деді.
— Япырмай, шын ба? Япырмай, шын ба?— дей берді.
— Өтірік айтамыз ба?— деген соң:
— Япырмай, ә! Япырмай, ә!— дегеннен басқа сөз айта алмады.
Бекболаттың қуанғаны сонша, Ақбілекті орыс алып кеткенін де,
масқара   болғанын   да   ұмытып   кетті.   Ақбілек   дәл   бір   боранда
адасып кетіп, не тауда, не орманда қалып, жоғалып табылғандай
көрінді.   Қуанған   сайын   Ақбілек   таза,   Ақбілек   періште   сынды
болды.   «Жаным,   сәулем   қай   жерде   отыр   екен?   Құрмалдығың
болайын!»— дегендей, Ақбілекке мүлде құлап кетті. Әкесі базардан
келген балаша қуанып, Бекболат тайраңдап ауруханаға кірді. Ойы:
дәрігерге қашан босатуын сұрамақ еді.
Ертеңінде   жолыққанда,   Жылтыр   тағы   да   Матайдың   Әбенін
жамандап келіп:
—   Мен   тағы   да   арыз   бергелі   отырмын.   Сенің   атыңнан   берсек
қалай болар еді?— дегені.
Бекболат шошып кетті. Бұрын мұндай хат-қаламға араласпаған;
мылтық   ату,   құс   салу,   бозбалалық   құрумен   әуестеніп   кеткен
серілеу жігіт қой:
—  Жаным,   менің   ретім   келмес,   мұндай  жұмысқа   мен  өзім   жоқ
едім,— деп абдырап қалды.
— Сен өзің бір жасық жігіт екенсің ғой! Одан қорқатын түк жоқ:
барлық   пактісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет