Гастроэнтериттік синдромда тоқ ішекте патологиялық үрдіске екіншілік түрде дамиды, яғни аш ішекте сіңбеген және қорытылмаған тағамдардың тез уақытта тоқ ішекке өтуі. Бұл кезде оң жақты колиттің көріні
Гастроэнтериттік синдромда тоқ ішекте патологиялық үрдіске екіншілік түрде дамиды, яғни аш ішекте сіңбеген және қорытылмаған тағамдардың тез уақытта тоқ ішекке өтуі. Бұл кезде оң жақты колиттің көріністері байқалады.

Энтероколиттік синдром кезінде тоқ ішек бірінші болып зақымдалады, энтерит белгілері қосылып жүреді. Ішінің ауыруы көбіне төменгі немесе сол жақ мықын аймағында болады.
Пальпация кезінде сигма тәрізді ішектің жиырлуы және ауырсыну сезімі байқалады. Қозғалғыштығы сақталған. Дәреті тәулігіне 15-20 рет болуы мүмкін. Аз мөлшердегі нәжісінде шырышы көбірек және қан қосындылары кезігеді. Копроскопиялық зерттегенде шырыштан басқа лейкоциттер (15-20 көру аймағында) және эритроциттер анықталады.
Тағамдық токсикоинфекция кезінде сирек түрдеколиттік синдром дамуы мүмкін: көбінесе тоқ ішектің дистальді аймағының зақымдалуы болады.
Тағамдық токсикоинфекция кезінде сирек түрдеколиттік синдром дамуы мүмкін: көбінесе тоқ ішектің дистальді аймағының зақымдалуы болады.
Асқазан, ішек және басқа асқорыту мүшелерінің зақымдалуымен қатар ТТИ кезінде жүрек-қан тамыр жүйесінде де өзгерістер болады: жүрек тондарыньщ бәсеңдеуі, тахикардия (сирек-брадикардия), артериальды гипотония.
Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуінің бүзылысынан және су-электролитті дисбаланс салдарынан науқаста жедел бүйрек жетіспеушілігі дамуы мүмкін. Оның клиникалық көріністері: олиго-немесе анурия, анорексия, жүрек айну, құсу, әлсіздік, бас ауыру. Қанды зерттегенде — азотемия және декомпенсациялық метаболитті ацидозы
Диагностикасы
Дұрыс диагноз қою үшін келесі негізгі белгілерге сүйену қажет:
ауруға себеп болған тағам өнімін анықтау;
тағамның органолептикалық қасиеттерінің өзгеруі (дәмі ашыған, иісі шыққан)
тағам қабылдаған адамдардың топтасып ауыруы;
жедел гастриттің, энтериттің, колиттің клиникалық белгілерімен сусыздану және улану белгілерінің қосарлануы;