Қоғамдық сана мен жеке сананың арасындағы сәйкестік, үйлесімділік қоғам дамуының анықтаушы факторы болып табылады.
Қоғамдық психология деп – белгілі бір қызмет және басқа да жағдайлар арқылы біріктірілген адамдардың әлеуметтік көңіл-күйлері мен сезімдері, қоғамдық пікірлері, салт-дәстүрлері мен мінез-құлықтары және әлеуметтік әдеттері.
“Қоғамдық психология” терминін ғылыми айналысқа итальяндық марксист Антони Лабриола 1896 жылы енгізіп, оны қоғамдық сананың бүкіл мазмұнына кіргізді. Бұл терминнің философиялық әдебиетте кеңінен тарауына орыс ойшылы Г.Плеханов үлкен үлес қосты. Ол “қоғамдық сана” терминін “қоғамдық психика” және “таптық идеология” деп бөліп, қоғамның психологиясын зерттеудің маңыздылығын атап көрсетті және онсыз құқық пен саяси мекемелердің тарихын, мәдениеттін, әдебиеттін, философияны сондай-ақ рухани құбылыстардың да тарихын түсіну мүмкін еместігін ескертті. Қазіргі кезеңде қоғамдық психологияны зерттеумен әлеуметтік психология ғылымы айналысады.

Теориялық сана
Тоериялық сана –маңызды байланыстар мен заңдылықтардың ғылымда және қоғамдық сананың басқа формаларында бейнеленуі,ол тарихи және тоериялық алғышарттарға,рухани қызметке сүйенеді.
Мораль немесе адамгершіліктік сана – адамдар өздерінің мінез- құлықтарында басшылыққа алатын,олардың бірін – біріне, қоғамдастықтың әртүрлі формаларына қатынасын білдіретін прициптердің, ережелердің, нормалардың жиынтығы.