Тақырыбы : Қош келдің – Наурыз



бет1/4
Дата28.01.2018
өлшемі1,15 Mb.
  1   2   3   4
Тақырыбы : Қош келдің – Наурыз

Сабақтың мақсаты :



  1. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, Наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.

  2. Оқушылардың тілін, мәнерлеп айту, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту.

  3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Армысыздар, халайық!

Бармысыздар, халайық!

Бәріміз міне, бас қосып,

Мерекені қарсы алайық.

Ұлыстың ұлы күні,

Құтты болсын халайық!

(осы кезде бір бала, айнала жүгіріп алақай, алақай халайық! Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі келіп жетті !)



Жүргізуші:

Наурыз келсе,

Құт келгені халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел болып қарсы алайық!

(шашу шашылады)

Құрметті мерекеге жиналған қонақтар, ата-аналар, бүлдіршіндер, сіздерді Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.

Наурыздың 21-нен 22-не қараған күні дегенде Күн мен Түн теңеледі. Жан-жануарлар, барща тіршілік атаулары жаңарады. Біздің ата-бабаларымыз мал шаруашылығымен айналысқан соң қорадағы бір малы екеу болып, қойлары қоздап, түйелері боздап мәре-сәре болған шағы осы Наурыз айы. Ауыздары аққа жетіп, малдары көкке тойып, жайма шуақ болатын кез, сондықтан ата-аналарымыз қыста сойылған малдардың сүр еттерін асып, көрші-қолаңды шақырады. 7 түрлі тағам салып « Наурыз көже » жасайды. Балалардың асыға күтіп жүретін тойларының бірі Наурыз тойы. Немесе бұл күнді «Ақ түйенің қарны жарылған күні» деп атайды.Наурыз көжеге көрші,туыстар, бала-шаға келіп ішіп-жейді. Бұл күні 7 үйден көже ішу керек. Үлкен кісілерді құрметтеп шақырса, балалар ата-әжесіне еріп барады. Сол күні есік ашық болу керек. Дастарқан жайылып тұру керек. «Өйткені, бұл күні Қыдыр ата келеді» деп күткен. Сондықтан берекелі үйді Қыдыр дрыған отбасы деп атайды.

Осы Қыдыр ата біздің ауылғада қыдыр дарысын деп тілейік.

Бүгінгі Наурыз тойын жақсы тойлау үшін 0. «А». «Б». «В». сынып оқушылары және ата-аналар қауымы бүгінгі мерекеге келіп отыр. Олай болса құрметті қонақтар бүгінгі мерекеге қош келдіңіздер !

Бүгінгі мерекені «Әже мен немере» сайысы түрінде откізбекшіміз. Сайыс болған соң, әділ бағасын алсын деп «Әділ қазылар» алқасын сайлаймыз.

Ол кісілермен таныстырайын:

1.Осы мектепте көп жылдан бері қызмет етіп келе жатқан қадірлі әжелеріміздің бірі.

1

2.Бұл кісіде көп жылдан бері мектепте қызмет етіп келе жатқан қадірлі апаларымыздың бірі.



2

3.Жас ақындардың бірі, жас маман иесі, бастауыш сыныбының мұғалімі.

3

Әжелер сайысының жоспарымен таныстырайын:



1.Өз-өздерін таныстыру: (ән немесе тақпақпен).

2.Біздің өнеріміз: (ән, би т.б.)

3.Салт-дәстүрден көрініс: (шілдехана бесік той, қырқынан шығару, тұсау кесер т.б.)

4.Қолымнан бәрі келеді: (мен аспазшымын. тамақ дайындау.)



      • Жүргүзуші:

Досқа құшақ ашайық,

Өлең жырды бастайық.

«Қазақтың бір салты»-деп,

Сайысымызды бастайық – дей отырып ортамызға әжелермен немерелерін шақырайық.



  1. 0. «А». Сыныбынан

1Райханның әжесі:

2Нұржастың әжесі:



  1. 0. «Б». сыныбынан

1.

2.

3. 0. «В». Сыныбынан



1.

2.

Жүргүзуші:

Бір аспанның астында,

Бір дастархан басында.

«Береке, бірлік болсын деп,

Ән айтайық тамаша!» – дей отырып кезекті өнерге берейік.



Жүргүзуші:

Тойла бүгін тауларыммен боз далам,

Тойла бүгін қарттарыммен боз балам.

Қайта оралды намысымдай Наурызым,

«Гүлге оранып, қош келдің, Наурызым !»- дей отырып келесі кезекті салт дәстүрге берейік.

«Шілде хана бесік той,Тұсау кесер сүндет той» – дей отырып кезекті бесікке салу дәстүріне берейік.



Әже бата береді.

0. «А» сыныбына кезекті берейік

2.Баланы қырқынан шығару салт-дәстүріне кезекті берейік. 0 «В» с.

3.Қаз, қаз, балам ,қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін–дей отырып кезекті тусау кесерге берейік 0. «Б» с

Жүргүзуші:

4.Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз.

Тәтті болып жасалған,

«Қолыңыздан дәм татамыз»-дей отырып аспазшыға кезек берейік.

Наурыз тойы –береке,

Наурыз тойы-жыр аңыз.

Қызық толы мереке,

Қызық думан құрамыз!-дей отырып кезекті балалрға берейік.

Ұлттық ойындар туралы айтып өту.


  1. Алтыбақан 5.Бәйге

  2. Көкпар 6.Қазақша күрес

  3. Қыз қуу 7.Теңге алу

  4. Ақ сүйек 8.Асық т.б.

1.Топпен арқан тартыс ойыны

2.Қазақша күрес ойыны

3.Қыз қуу

4.Асық ойыны



Барша халықты Наурыз көжеге шақыру.
Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды,

Бидай, тары, күріш бар,

Айран, қатық тағы бар

Ішілетін, жейтіннің,

Бұл көжеде бәрі бар.

Бақта бұлбұл сайраған,

Наурызды әлем тойлаған! – деп барша қонақтарды «Наурыз көжеге» шақырамын.



Қыдыр ата келіп бата береді.

Жүргүзуші:

Бүгінгі наурыз тойда тілек айтсын – дей отырып, сөз кезегі әділ қазыларға,қонақтарға беріледі. Осы кезде «Қазақтың дастарқаны» әні орындалып, бәрі дастарқанға жайғасады.


Ә. Бөкейханов атындағы мектеп - лицейі

Тақырыбы: Қош келдің , Наурыз

0. «А». «Б». «В». сынып.
­Дайындаған: Эшмаханова О.О.

Шахтинск қаласы

ЖОСПАР.

Әжелер сайысының жоспарымен таныстырайын:



1.Өз-өздерін таныстыру: (ән немесе тақпақпен).

2.Біздің өнеріміз: (ән, би т.б.)

3.Салт-дәстүрден көрініс: (шілдехана бесік той, қырқынан шығару, тұсау кесер т.б.)

4.Қолымнан бәрі келеді: (мен аспазшымын. тамақ дайындау.)




Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу