Ұлпаны жартылай сақтап емдеу әдісі (витальды ампутация)
Бұл әдіс-сауыт ұлпасына қарағанда өзгеріске аз ұшырайтын, клеткалық құрылымдары аз, керісінше талшықты құрылымға бай, сондықтан өміршеңдігі жоғары түбір ұлпасының өміршеңдігін сақтауды мақсат етіп қоятын әдіс. Бұл әдіс жақсы нәтиже береді. Көптүбірлі тістердегі ұлпа қабынуын емдеу кезінде қолданған. Себебі бұл тістерде сауыт ұлпасы мен түбір ұлпасының арасында анық шекара бар.