Тақырыбы: Адам өмірі – басты құндылық



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі22,49 Kb.
#94586
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ата-анаға тренинг


Тақырыбы:

Адам өмірі – басты құндылық



Мақсаты:

- өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету;
- адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік
сезімдерін дамыту . Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту;



Нәтижесі:

Бала тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтардың маңызын игеруге , бала
жанының ерекшеліктерімен танысуына мүмкіндік береді

Ресурстар:

АКТ,постер,маркер,нақыл сөздер, ережелер, әуен,таратпа материалдар

Өту кезеңдері:
2-мин


Эмоционалды-психологиялық ахуал қалыптастыру


5-мин

Ережемен таныстыру


1-мин


Ұжымдық жұмыс

7-мин
Сұхбаттасу


3-мин

Ой қозғау

5-мин


Постер қорғау

4-мин
Кері байланыс


3-мин

Музыкамен ортаға ата-аналар шығады..
1 - жүргізуші:
Өзіңді тану – ғаламды тану,
Жақсы менен жаманды тану.
Өзіңді - өзің талқыға салып,
Адал менен арамды тану.
2 - жүргізуші:
Қателігіңді түсіне білу,
Дұрыс жүріп, күтіне білу.
Үлкенді сыйлап, кішіні сүю,
Күлетін жерде жөнімен күлу.


Кіріспе : Қайырлы күн, ардақты ата-аналар мен ұстаздар! Құрметті ата-аналар, бүгінгі кездесуімізге келгендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі кездесу ерекше болады деп сенеміз. Өмір – ол адамға бір – ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый . Осындай сыйды саған сыйлаған кім ?...
Әрине саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың, ол сенің ата – анаң .Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек , айтады – ғой, “Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да борышыңды өтей алмайсың” -деп. Себебі , біріншіден ол саған “өмір” сыйлады, саған жарық дүние көрсетті, сені өсірді, сенің ыстығыңа күйді, суығыңа тоңды, түн ұйқысын төрт бөліп сені аялады, тәрбиелеп өсірді .
Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің.
Өз өмірің, өз әлемің өз қолыңда! Біреуге ренжіп, біреуді кінәлап, мін тағу дұрыс емес. Өмірдегі қайғыны, қиындықты, сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа , жақсы ойлар ойлау керек.
Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен, сәттілік пен сәтсіздіктен, қайғы мен қуаныштан құралады . Міне өмірдің өзі біле – білсең сонысымен қымбат.Жалпы адамзаттық құндылықтар- мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі.
Енді осы өмір туралы,құндылықтарымыз туралы ойларымызды тренинг – жаттығу жасау арқылы жалғастырайық .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет