Тақырыбы: Адам өмірі – басты құндылық



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі22,49 Kb.
#94586
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ата-анаға тренинг

Жасыл түс-өзге біреудің сіздің үстіңізден билік жүргізгенін қаламайсыз. Өмірге деген құштарлығыңыз да зор. Жақындарыңыздың қолдауын сезген кезде тау-тасты қопаратындай алапат күшке ие болып, мақсатыңызға ұмтыла түсесіз. Жаныңызда сүйеу болар адам болса, еш қиындыққа мойымайсыз.
Тренингтің ережесін бекітіп алайық:
1. Өз ойын ашық бүкпесіз айту;
2. Өзгенің пікірін құрметтеу;
3. Шынайылық;
4. Белсенділік;
5. Өз сезімін басқара алу;
6. Бірігіп жұмыс жасау
Тренинг бағдарламасы
1.Менің қалағаным
2.Психологпен сұхбат
3.Біз бір ұжымбыз
4.Ой қозғау (5 құндылық)
5.Өмір мәні
6.Ата-ана мейірімі
7.Кері байланыс «Өрмекші» әдісі
8.Психологиялық ойын
3. «Біз бір ұжымбыз»
Адам – ұжымдық жан. Ол өзі және қоғам үшін өмір сүреді. Бұл өмір сәтті болу үшін адам қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуі, басқалармен өзара әрекет жасауды және татулық пен үйлесімділік жағдайда өмір сүре білуі керек. Олай болса сіздер алдарыңыздағы қиындыларды құрастырсаңыздар.
Шығармашылық тапсырма.
“Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ”- деп әр топ өздерінің таңдаған суретін плакатқа салып, салған, таңдаған суреттерін талдайды. Олар нені білдіреді? Ата-аналар өз ойларын айтады.



  1. 5 құндылық

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік - рухани тәрбие беру. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында қазақстандықтардың ортақ тағдыры мен еліміздің бейбітшілік пен прогресс жолында даму перспективаларын анықтайтын басты құндылықтар көрініс тапқан. Халқымыздың осы мәңгі рухани құндылықтарды бағалай білуі және бүкіл өміріне ұстаным етіп алуы мемлекетіміздің шынайы қуатын, оның азаматтарының бақытты тағдырын анықтайды. Жалпыадамзаттық құндылықтар Ақиқат – бұл өзгермейтін, өмірдің негізгі қағидасы: рухани бастау, Ол уақытқа: өткенге, бүгінге, болашаққа тәуелді емес Дұрыс әрекет – бұл борыш пен жауапкершілікке, ішкі ар – ұждан дауысына сәйкес мінез – қылық. Сүйіспеншілік – бұл таза риясыз және шүбәсіз сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын жасампаз қуат Қиянат жасамау – ешкімге оймен, сөзбен, әрекетпен қиянат жасамау Ішкі тыныштық – ақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең табиғаты




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет