Тақырыбы: Агрохимиялық зерттеулер жүргізу мақса тында топырақтың сапасын бақылау



бет1/4
Дата05.08.2022
өлшемі231,62 Kb.
#147960
  1   2   3   4
Байланысты:
ЭХБН 12 лекция

Дәріс №12: Агрохимиялық зерттеулер жүргізу мақсатында топырақтың сапасын бақылау

«Экологияның химиялық-биологиялық негіздері-2»

6В11211 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі-

2 курс

Дәрістің мақсаты: Студенттерге агрохимиялық зерттеулер жүргізу мақсатында топырақтың сапасын бақылау туралы мәліметтерді жинақтап, практикада қолдана білуді үйрету.

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

1. Топырақты санитарлық қорғау

2. Топырақтағы мысты анықтау

Ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емс физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады. Экологиялық көзқарас боынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:

  • қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінд пайда болып жатқан заттар;
  • қоршаған ортаны ластайтын затар (мысалы, химиялық заттар).

Тікелей ластанушы объектілер қатарына (ластайтын заттар акцепторы) биотикалық қоғамдастықтың (экотоптық) негізгі компоненттері: атмосфера, су, жер қыртысы кіреді. Ал, жанама ластанушы объектілер қатарына, биоценоз құраушылары - өсімдікгер, жан-жануарлар және микроорганизмдер жатады. Ластаушы жүйе болып, тек қана өнеркәсіп немесе жылу-энергетикалық комплекс орындары ғана саналмайды, сонымен қатар, күнделікті тұрмыстағы тіршілік, мал шаруашылығы да ластаушылар көзі болып табылады.

Ластаушы заттар мен оны қоршаған ортаға қалдық күйінде бөлетін ластаушы жүйелерді классификациялауды Р.Парсон ұсынды. Бұл классификациялау - ластаушы заттүрін, оны бөлетін жүйені, оның салдарын бақылау шамаларын қамтиды. Оның пайымдауынша, ластаушы түрлер болып негізінен мыналар саналады:

Ластаушы заттар мен оны қоршаған ортаға қалдық күйінде бөлетін ластаушы жүйелерді классификациялауды Р.Парсон ұсынды. Бұл классификациялау - ластаушы заттүрін, оны бөлетін жүйені, оның салдарын бақылау шамаларын қамтиды. Оның пайымдауынша, ластаушы түрлер болып негізінен мыналар саналады:

  • сарқынды сулар және оттегін жұтатын өзге қалдықтар;
  • инфекцияны тасымалдаушы жүйелер;
  • өсімдіктерге бағалы қоректік зат болып табылатын дүниелер;
  • органикалық қышқылдар мен тұздар, минералдар;
  • шайылу барысында түзілген шөгіңділер (твердый сток);
  • радиоактавті заттар;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет