СТАНДАРТ
Ампуладан дәрі сорып алу.
Мақсаты: дәрі-дәрмекті парентеральді енгізу.
Қолдануы: дәрігердің тағайындалуы.
Әзірле:стерильді: бір реттік шприц, мақта, қолғап, тағайындалған дәрі-дәрмек, 700 спирт, лоток, 6% асқын су тотығындағы пинцет; кескіш, КҚЖҚ.
Іс-әрекет алгоритмі:
Тағайындалған дәрі – дәрмекті дәрігердің тағайындау парағымен тексер.
Дәрінің атын, дозасын, сақтау мерзімін мұқият оқыңыз, бүтіндігін, мөлдірлігін тексеріңіз.
Қолды гигиеналық деңгейде жуып, тері антисептиктерімен залалсыздандырыңыз. Қолғап киіңіз.
Бір реттік шприцті құрастырыңыз.
Сол қолмен ампуланы ұстап, егер дәрі бас жағына кетіп қалған болса, бір саусақпен шертіп отырып төмен қарай түсіріңіз.
Ампуланың мойнын стерильді мақтаны спиртке малып алып, жоғарыдан төмен қарай сүртіңіз де, мақтаны КҚЖҚ-қа салыңыз.
Ампуланың мойнын кескішпен кесіңіз.
Стерильді мақтамен ампуланың мойнынан ұстап, өзінен әрі қарай сындырыңыз. Ампуланың сынған бөлігін мақтамен бірге КҚЖҚ-қа салыңыз.
Сол қолдың ІІ-ІІІ саусағының арасына ампуланы орналастырыңыз.
Оң қолға шприцті алыңыз, екінші саусағымен канюляны, ал қалған саусақпен цилиндрді ұстаңыз.
Ампуланың жан жағына тигізбей, инені ішіне 0,5см ұзындыққа енгізіңіз. Бұл кезде сол қолдың І және ІV саусағы канюляда, V саусағы-цилиндрде. Оң қолмен поршеньді төмен қарай тартып қажетті дәрінің мөлшерін сорып алыңыз.
Дәрінің мөлшері азайған сайын ампуланың түбін жоғары қаратып дәріні жаймендеп сорып алыңыз.
Ерітіндіге арналған инені ауыстырып, инъекцияға арналған инені кигізіңіз. Бір реттік қолдануға арналған шприцпен жұмыс кезінде басқа стерильді шприцтің инесін қолданыңыз.
Шприцті тігінен ұстап иненің көзінен 1-2 тамшы дәрілік сұйықтық шыққанша ауасын шығарыңыз. Бұл кезде иненің қалпағы жабық.
Әзірленген шприцті пакет ішіне салыңыз.
Қолғапты шешіп, КҚЖҚ-қа салыңыз, қолды жуып кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |