Тақырыбы: Қан жүйесі туралы ұғым. Қанның негізгі қызметтері. Қанның құрамы мен мөлшері. Қан,лимфа және тінаралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Гоместаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығын айтады. Бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай-ақ денедегі арнайы механизмдердің қатысуымен гомеостаз әдетте бұзылмайды. Қанның негізгі қызметтері: ✓ тасымалдау қызметі- тіршілікке қажет заттарды тіндерге жеткізеді, ал зат алмасу өнімдерін сыртқа шығарады. ✓ тыныс алу қызметі -оттегін өкпеден тіндерге , жасушалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді. ✓ экскрециялық қызмет - зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді сыртқа шығарып тастайды. ✓ қорғаныс қызметі - қан жасушалары (лейкоциттер), плазмадағы антитәндер денеге енген улы заттарды бейтараптайды. ✓ гуморалдық реттеу - адам денесіндегі көптеген әрекеттерді, үрдістерді реттеуге қатысады. ✓ дене қызуын бір қалыпта сақтауға - қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суытады, ал суыған ағзаларды жылытады. Қанның физикалық және химиялық қасиеттері Қанның түсі, реңі эритроцит ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен, реакцияға түсіп , тиісті қосындылар құруына байланысты. Қанның иісі оның құрамындағы тез буланатын май қышқылдарына байланысты, дәмі тұзды, меншікті салмағы 1,050-1,060 Тұтқырлығы (вязкость). Қанның сұйық бөлігінің қан тамырларда бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді. Осмостық (итерме) қысымы. Жартылай өткізгіш мембрана арқылы ерітіндіні өткізетін итерме күш осмостық қысым деп аталады. • изотониялық ерітінді - концентрациясы 0,9% тең