Тақырыбы: Арайлы күз, алтын күз
Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Арайлы күз, алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу.Сыныпты ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Көрнекілігі:видео, сахна тақырыпқа сай безендірілген 1-жүргізуші: Бойға жинап ата-баба салтын біз,
Мерекеде шат көңілді жарқынбыз.
Берекесін,молшылығын әкелген,
Мезгілдердің төресі ғой Алтын күз.
2- жүргізуші: Армысыздар,бүгінгі кешімізге жиылған көпшілік қауым! Бүгін 8-10 сынып арасында өткелі отырған «Арайлы күз, алтын күз» сайысына қош келдіңіздер.
1-жүргізуші: Қайырлы күн, ұлағатты ұстаздар, ата –аналар, жалынды да, жігерлі жас достарым мен қонақтар.
2- жүргізуші: Кездескен соң күзімен
Бұтағынан үзілген
Ақ жапырақ – сары алтын
Айналаның бәрі алтын .
Берекелі де, мерекелі алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын.
1-жүргізуші: Қош келдіңіз көрермен,
«Арайлы күз, алтын күз» кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
2- жүргізуші: Өнерпаздар жарысып сан-салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады. Ортаға 9 «ә» сынып оқушылары Жансая мен Әділді «Асем ән» әнімен ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
1- жүргізуші: Уа, халайық, халайық.
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Сайысымызды бастайық.
2-Жүргізуші: Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл деп, бүгінгі әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Мектеп директоры Канапьянов Ерзат Бияхметұлы
Тәрбие ісі меңгерушісі Леспаева Назымгүл Алиханқызы
Мектеп тәлімгері Сембаева Айжан Қайроллақызы
Мінекей сайсымыздың әділқазы алқаларымен де таныс болдық.
1- жүргізуші: Әр кезең 10 ұпаймен бағаланады. Ендеше сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
«Сәлем сөздің атасы» сыныпты таныстыру
Өнерлі өрге жүзер /ән немесе би/
Үй тапсырмасы (ас мәзірі, видеомен қорғау)
«Сахналау» көрініс көрсету
2-Жүргізуші: Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.
Олай болса бірінші болып бастайтын 8 сынып оқушылары. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар,
1- жүргізуші: Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Үміткерлер аянбай жан салыпты, енді сыныптың өз өнерін тамашалайық. 8-сынып оқушыларының орындауында әдемі биге кезек берсек.