Жапония
Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса ән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Ал татамиде тізерлеп отырып, жерге қарай иілу керек.
Кения
Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі «адаму» деп аталады, яғни «секіру биі». Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды.
Гренландия
Гренландия сияқты арктикалық аймақтардағы эскимостар не инуиттердің «куник» деп аталатын сәлемдесу рәсімдері бар. Бұл дәстүр отбасы мүшелері мен ғашық жандар арасында кеңінен таралған. Жүздескен жандардың бірі мұрнының ұшы мен жоғарғы ернін екінші жанның қолына я бетіне тигізіп, терең дем алады.
Қытай
Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі «коутоу» деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың сәлемдесу рәсімі «ваньфу» деп аталады. Олар қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады.
«Коутоу» дәстүрі аңызға айналған Хуан-ди патшаның билік еткен тұсында бастау алған еді. Сол заманда бұл дәстүр патшалармен амандасқан кезде және неке қию, үйлену сияқты салттарда қолданылған.
Филиппины
Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктерге байланысты әр қилы. Мысалы, жас жігіт үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп, оң қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды. Кейін саусағының ұшын оның маңдайына тигізеді де «мано по» деп айтады. «Мано» - қол, «по» - құрмет деген мағына береді.
-Адам баласы өзгелермен қарым - қатынас жасағанда оның таныс, таныс еместігіне, алыс - жақындығына, үлкен - кішілігіне, қызмет дәрежесіне қарамай кішіпейіл, әдепті болуы керек. Бұл адамгершілік борышы. Ұлы істердің қандайы болмасын кішіпейілділіктен басталады. Сондықтан әркім өзінен кішілердің мінезі кішкентайынан дұрыс қалыптасуына қамқорлық жасап, оларға жол көрсете білуі керек. Мағжан Жұмабаев баланың отбасындағы қарым- қатынасқа түсетін адамдардан, олардың мінез-құлқынан үлгі алатындығын және бала үшін бұл әсердің өте маңыздылығын көрсетеді. Сондықтан, баланың айналасындағы адамдардың мінез-құлқының дұрыс, жағымды болуына айрықша мән береді: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қазақ мақалы текке айтылмаған екен.
Достарыңызбен бөлісу: |