|
Тақырыбы: Атомистер ілімі ( Левкипп, Демокрит, Эпикур, Лукреций Кар) Тезис Атомистер ілімі
|
бет | 1/8 | Дата | 26.12.2021 | өлшемі | 0,9 Mb. | | #105703 |
| Байланысты: ТЕЗИС СЛАЙД (ҮЛГІ)
Тақырыбы: Атомистер ілімі ( Левкипп, Демокрит, Эпикур, Лукреций Кар)
1) Атомизм - бар жаратылыс бөлінбейтін, жойылмайтын, жоғалмайтын бөлшектер, атомдардан тұрады делінетін ілім.
2) Оның көрнекті өкілдері Левкипп, Демокрит, Эпикур барынша атомдар әлемін құрастырып кеткен.
3) Атомизмда дүние барлықтан, яғни атомдардан және бостықтан, бос кеңістіктен тұрады.
4) Кеңістікте атомдар ретсіз не белгілі тәртіппен қозғалып, байланысқа түседі.
5) Атомдар үнемі қозғалыста, сол қозғалыс дүниені өмірге әкелді.
6) Әлем осы атомдардың ағысынан және бір- біріне бірігіп, қосылуынан пайда болған.
7) Ешнәрсе ештеңеден пайда болмайды және ешнәрсе ештеңеге айналмайды.
8) Жойылған не өлген материя атомдары шашырап, кеңістікке тарап кетеді.
9) Материямен қатар жан мен сана да атомнан тұрады.
10) Сана мен жан атомдары түйсіктік, танымдық ерекше қабілетке ие.
11) Біз әлемді атомдарды түйсігімізбен сезіну арқылы танимыз.
12) Сезім бізге жаратылыс жайлы толық танымды қалыптастыра алмайды.
13) Ақыл таным қажеттілігін қанағаттандыра алады.
14) Атомның өзін біз ақыл арқылы танимыз.
15) Атомдардың өзіндік пішіні, мөлшері, салмағы болады.
16) Атомдардың әртүрлілігіне қарай тіршілік те әр алуан.
17) Атомдар шексіз көп, сол себепті кеңістік те шексіз.
18) Әр заттың қасиеті, болмысы, келбеті, түсі, түрі оның денесінен бөлек құбылыс.
19) Қасиетінсіз зат зат болып табылмайды, ал затсыз қасиет бостыққа айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|