Тақырыбы: Аустралия материгі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Аустралия материгі туралы оқушылардың білімдерін жүйелей отырып, тақырыпты түсінгендерін анықтау.
Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды топтық жұмыс арқылы сыйластыққа, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Күтілген нәтиже:
Сабақ соңында оқушылар материктің географиялық орнын, зерттелу тарихын,өзендері мен көлдерін,зоналарын, климатын, халқын меңгереді.
Географиялық кординаталарын таба алады.
Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың әдісі: Диалог, топтық жұмыс, жұптық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, оқулық, ватман, маркер, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылардың оқу құралдарын тексеру
- Сынып тазалығына көңіл бөлу
- Оқушыларды топқа бөлу
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Жоспар:
Оқушылар өздері дайындап келген сұрақтарын бір біріне қояды.
Ойын «Мен саған,сен маған»(топтардың дайындаған сұрақтарына жауап беру)
2.Географиялық диктант 3. Сұрақ-жауап 4. Сандар сөйлейді 5. Қорытынды
2. Географиялық диктант 1. Аустралия жер шарындағы .................. материкте (ең кіші, ең құрғақ) 2. Муррей өзенінің ірі саласы.......... ( Дарлинг) 3. Мұнда алғашқы ........... сақталған. (сүт қоректілер) 4. Материктің негізгі бөлігін ........алып жатыр. (гонваналық ежелгі планформа) 5. Жазда қатты қызған материк үстінде ...... орнайды. (төмен қысым) 6. Уақытша кеуіп қалған өзендер ........ (криктер) 7. Аустралияда ....... бар. (33 артезиан алабы) 8. Аустралияда жылдық жауын - шашын мөлшері ......... (200-250) 9. Солтүстік шығысында ..... таралған. (саванналар мен сирек ормандар) 10. Аустралия.......... дүние жүзінде бірінші орын алады. (меринос қойларының саны жөнінен)
3. Сұрақ-жауап (Аустралия материгіне сипаттама беру) 1. Аустралияның географиялық орны, жер бедері. 2. Аустралияның мұхиттарымен теңіздері, зерттеушілері.
4. Сандар сөйлейді 1. 12- (Эйр көлінің деңгейі) 2. 215- (Аустралияның орташа биіктігі) 3. 3/2 пайыз (шөлді аймақ алып жатыр)
4. 1828-1829-ж.ж. ( Серт Чарльз Аустралияның Дарлинг, Муррей өзендерін ашты) 5. 150 км- (ең ірі маржанды құрылым- Үлкен Тосқауыл рифі) 6. 1,8 м – (Казуар құсының биіктігі) 7. 86 пайыз – ( қала халқының үлесі) 8. 200 мм – (жауын-шашын мөлшері) 9. 75 пайыз – (Аустралияның өсімдіктері) 10. 33- (Аустралияда артезиан алабы бар
5. Қорытынды 1. Аустралияның жер көлемі? а) 14 ә)7,6 б) 17,8 в) 24,2 2. Уақытша кеуіп қалған өзен арналары? а) вадилер ә) артезиан б) криктер в) оозистер 3. Аборригендердің аңшылық қаруы қандай? а) бумеранг ә) мылтық б) садақ в) найза 4. Аустралияның екінші рет кім зерттеді? а) Ф Магеллан ә) Х. Колумб б) А. Тасман в) Д. Кук 5. Аустралияның ең биік нүктесі? а) 2228 ә) 2311 б) 2459 в) 2560 6. Латын тілінен «Austral» деген сөз қандай мағына береді? а) солтүстік ә) шығыс б) батыс в) оңтүстік 7. Аустралияның астанасы а) Сидней ә) Мельбург б) Канберра в) Велинтон 8. Аустралияның ең үлкен көлі а) Муррей, Дарлинг ә) Меконг, Обь б) Эйр, Дунай в) Фицрой, Торрен 9. Аустралияның ең биік ағашы? а ) севкая ә) баобаб б) евкалинт в) лиона 10. Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында не бейнеленген? а) элеу түйе құсы мен кенгуру ә) вомбақ б) динго в) ехидна
Бағалау:
Үйге тапсырма: Аустралия халқына эссе жазу, кескін картамен жұмыс істеу.
Достарыңызбен бөлісу: |