Тақырыбы: Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі. Орындаған



Дата23.02.2022
өлшемі153,6 Kb.
#132920
түріРеферат
Байланысты:
философия 9-10 срсп-1




Реферат


Тақырыбы: Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі.


Орындаған: Дефектология(логопедия)-2
курс студенті Сайфулла Алуа
Тексерген: Джанкадыров С.С
Жоспар:

  1. Құндылық туралы түсінік

  2. Құндылықтың бағдары

  3. Құндылық проблемасын зерттейтін ілім

  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі


Құндылық - объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым. Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Ол пәндік және субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пәндік және субъективтік құндылық — адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі — оның объектісі, екіншісі — субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық баға берудің объектісі, ал субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі болып табылады. Пәндік құндылыққа заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы маңызы мен тәжірибелік пайдасы, адамдардың іс-әрекетіндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылық ұғымына қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін түрлі нормалар жатады. құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне, т.б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Оның шынайы өмірге құндылықтық қатынасы тек сана негізінде болуы мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның құндылығы неде екенін зерттейді.Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының елшеуіші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды.
Қоғамдағы құндылықты қатынастардың аса маңызды элементтерінің бірі – құндылықты бағыт-бағдар.
Құндылықты бағдардың дамуы –тұлға кемелінің белгісі, оның əлеуметтенуінің көрсеткіші, құндылықты бағыттардың тұрақты бірлігі тұлғаның келесідей сапаларының дамып, орнығуына себерші болады: тұлғаның тұтастығы мен сенімділігі , белгілі мұраттар мен принциптерге адалдық, осы мұраттар мен принциптерді іске асыру жолында ерік күшін аямауға қабілеттілік, өмірлік ұстанымдарға орай белсенділік, мақсатқа жетуде табандылық пен өжеттік.
Құндылықты бағыттар арасындағы қайшылықтар əрекет-қылық пен мінездегі тұрақсыздықты туындатады. Құндылықты бағыт-бағдардың мешеуленуі адамның селқостығы мен енжарлығына себепші болады.
Бүгінгі Қазақстандық қоғамда құндылықты бағыттар қатарында ұлтжандылық, отаншылдық сезімдері, яғни өз халқымызды, оның салт-дəстүрін, тілін, мəдениетін, əдеттерін, туған ел табиғатын құрметтеп білу- жоғары маңызға ие болып отыр. Сонымен бірге əрбір адам үшін жоғары құндылық – бұл өмір, тіршілікке болған қамқорлық, гуманистік қатынастар негізі - əр адамның өз басын сыйлауы, өз адамгершілік сапаларына болған құндылықты қатынас; ата-ананы, туған-туысқанды, отбасы, бала-шағаны ардақ тұту, табиғатты аялау жəне ең жоғары инабатты құндылық ретінде еңбекті қадір ету.
Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық және logos – ілім, сөз)деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып табылады.
Аксиология құндылықтар табиғаты, олардың реалдықтағы орны және құндылық әлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен байланысы туралы философиялық ілім.
Ең кең мәнінде құндылықтар проблемасы мәдени дәстүрлер мен қоғамның идеологиялық негіздерінің құнсыздану дәуірінде шарасыз пайда болды. Философия ғылымының дербес саласы ретінде аксиология болмыс ұғымы реальдық және адам қалаулары мен ұмтылыстарының объектісі ретіндегі құндықтар болып екі элементке бөлінгенде пайда болады.
Антикалық жіне орта ғасырлық философияда құндылықтар (этико – эстетикалық жәнне діни) сипаттамалары реальдықтын, ақиқат болмыстың өз ұғымына кірістірілген еді.
Диалектикалық – материализм құндықтарды олардың қоғамдық – тарихи, экономикалық және әлеуметтік – саяси себептіліктерімен қоса қарастырылады.
Құндылық объективті құбылыстарды, немесе олардың қасиеттерін және адамдар үшін, отбасы,ұлт үшін баға жетпес құндылықтар. Бірден – бір объективті ең жоғарғы құндылық – адамзат тарихында әлі де болса жаппай мойындаушылық сипат алмаса да, бұл адам өмірінің өзі.
Қорытындылай келе, «Құндылық» философиялық және социологиялық әдебиетте белгілі бір болмыс құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мағынасын көрсету үшін кең түрде қолданылатын термин. Тиісті құбылыстарды бағалау әрекетін іске асырудың тәсілдері мен белгілері қоғамдық сана мен мәдениетке адамның қызметінің нысаналарын көрсететін «субъектілік құндылықтар» ретінде байқалады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.

  • Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет