СТО технологиясының кейбір
стратегиялары:
Джиксо–
ұжымдық
оқыту əдісі
Ассоцациямен
жұмыс
«Пікір алысу»
стратегиясы
Кубизм
стратегиясы
Венн
диаграммасы
ИНТЕРАКТИВТІ
Ə
ДІСТЕР:
Эвристикалық əңгіме
– бұл əдіс бойынша əр түрлі сұрақтар мен
мысалдар арқылы оқушының өз бетінше дұрыс жауап беруіне
мүмкіншілік туғызады.
Дискуссия
– бұл арнайы жоспарланған еркін сұхбат, ол арқылы
теориялық сұрақтарды талқылайды. Дискуссия – сөз əрекетінің
диалогты түрі. Бұл əдіс арқылы əңгіме барасында туындаған əр
түрлі ойлар алмасып, пікірлер ортаға салынады.
«Миға шабуыл»
- бұл əдіс күрделі мəселенің жауабын миға
келетін қайсыбір ойлардың, ұйғарымдардың, кездейсоқ
ұқсастықтардың, сонымен қатар күтпегенде пайда болатын қажет
жəне қажет емес ассоциациялар арқылы табу.
Миға шабуылдың алтын ережесі – талқылауға қатысушылардың
бірде бір сөзіне қарсы келмей, керісінше өз ойын ашық, қысылмай
же
Іскерлік ойындар , тренингтер.
Ассоциация əдісі
– сол тыңдаған ертегі жайлы мəлімет
Мысалы: Суретте «Бауырсақ» ертегісіндегі бауырсақ ортасында тармақтарына
кемпір, шал, қоян, үй, қасқыр, аю, түлкіні балалар жапсырады көп қиынды
суреттердің ішінен.
Ой қозғау əдісі
: Балаларға ертегілерге берілген жұмбақтарды жасыру;
Жалпақ тұмсық көріп пе ең,
Жер қазатын тінткілеп.
Ілмек дерсің құйрығын,
Кебіс дерсің тұяғын,
Білсең енді таба ғой,
Қай кейіпкер екенін? (Үш торай)
Əжей жақсы көретін осы қызға,
Телпек тарту етіпті қызыл түсті.
Ұнатқаны соншама бұл сыйлықты,
Немересі есімін ұмытыпты,
Ал, айтшы сен, бұл есімді? (Қызыл телпек)
Сұрақтар арқылы ой салу:
Сен бұларды неліктен ертегілер деп ойлайсың?
Халық ертегілері мен авторлық ертегілерді ата, олардың айырмашылығы неде?
«Қызыл телпек» ертегісінің авторы кім?
Сен Қызыл телпектің орнында болсаң не істер едің?
СТО - ның элементтерінің бірі – Венн диаграмманы пайдалану
(екі ертегіні
салыстыру,
ортақ белгісін табу, қорытындылау, нақтылау).