Тақырыбы: Балалар денсаулығын басқарудв,клиника-диагностикалық критерияларды құрастыру және жеке жоспар құру


Денсаулық критерийлері бойынша балалардың 5 тобын белгілейді



бет2/6
Дата27.03.2022
өлшемі127,95 Kb.
#136978
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
16КГАреф (1)

Денсаулық критерийлері бойынша балалардың 5 тобын белгілейді.
БІРІНШІ ТОП
дені сау, созылмалы аурулары жоқ балалар
барлық денсаулық критерийлер бойынша ауытқулары жоқ балалар
бақылау мерзiмiнде ауырмаған немесе жеңiл аурулармен науқастанып, жылдам жазылған балалар
дене және жүйке-психикалық дамуы өзiнiң жасына сәйкес үйлесiмдi жағдайдағы балалар
денсаулық жағдайына әсер етпейтін және түзетулерді талап етпейтін шамалы морфологиялық ауытқулары (тырнақтардың ауытқулықтар, құлақ қалқанының шамалы деформациясы, жеке меңдер сиақты) бар балалар.
ЕКІНШІ ТОП
дені сау, биологиялық, генеалогиялық, әлеуметтік қолайсыз анамнездері бар балаларкейбір функционалдық және морфологиялық өзгерулері бар балалар
төмендеген организмнің резистентілігі
мінез-құлықта шамалы мен біркелкі ауытқулары бар балалар
жиі және ұзақ ауыратын балалар
функционалдық жағдайын бағалауда, нашарлағаны белгіленеді және шекаралық жағдайы анықталады
бұл балалар тобы оларда созылмалы патологиясы болуына тәуекел.
ҮШІНШІ ТОП
созылмалы аурулары немесе туа пайда болған патологиясы компенсация стадиясындағыбалалар
асқынуы сирек болатын және жеңiл өтетiн, жалпы жағдайының, көңіл күйі (хал-жайы) мен мінез-құлықтарда білінген бұзылусызсирек интеркуррентік ауруларымен (бір жыл ішінде 13 рет)функционалдық ауытқулары тек қана біреудің, патологиясы бар өзгертілген жүйесінің немесе мүшенің, басқа мүшелер мен жүйелердің функционалдік ауытқулар клиникалық белгілер
ТӨРТІНШІ ТОП
созылмалы аурулары немесе туа пайда болған дамудағы ақаулары (дамуының кемістіктердің) субкомпенсация жағдайындағы балалар
ауытқулары патологиясы бар өзгертілген мүшесі немесе жүйесінің тек қана емес басқа мүшелер мен жүйелердің ауытқуларымен байқалады
негізгі аурудың асқынулары жиi болып тұратын, асқынуы кейін денсаулық жағдайының, көңіл күйі (хал-жайы) мен мінез-құлықтарда бұзылуымен интеркуррентік аурулары соң реконволесценция (жазылу уақыты) ұзаққа созылған, жиі ұзақ уақыт болатын субфебрилитет, ал кейде – психикалық дамуының едәуір артта қалған балалар мен жасөспірімдер.
БЕСІНШІ ТОП
қатты созылмалы аурулары немесе қатты туа пайда болған дамудағы ақаулары декомпенсация жағдайындағы балалар, яғни мүгедектік бойынша қауіпті (қауіп төндіріп тұрған) немесе мүгедектер жатады.
Декомпенсация жағдайы қатты морфологиялық және функционалдық ауытқулары патологиясы бар өзгертілген жүйесінің немесе мүшенің, сонымен қатар басқа мүшелер мен жүйелердің ауытқуларымен сипатталады.
Бұл топтағы балалар негiзiнен жалпы профильдегi балалар мекемелерiне бармайды және жалпы бақылауға алынбайды.
III)II-V-ші топтарға жататын балаларда, денсаулықтың барлық критерийлер бойынша ауытқуларының міндетті түрде болуы қажет емес, бір немесе бірнеше критерийлер бойынша болуы жеткілікті.
Ауытқулардың немесе диагнозтардың ең ауыр түрі бойынша денсаулықтың тобы анықталадыБалалар емханаларының мәліметтер бойынша, ерте жастағы балаларының басым көпшілігіне (60-70%) казіргі кезде денсаулықтын 2 тобын анықтайды, ауру балалар (3 топ ) 20% құрастырады және тек қана 10-15% ( кейде 5-7%) балалар 1 топқа жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет