Тақырыбы: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру сабағында қарапайым тәжірибелерді қою әдістемесі Жоспар


Дүниетану сабақтарында сурет салу



бет2/6
Дата16.09.2024
өлшемі246,26 Kb.
#204347
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
қоршаған ортамен таныстыру АӘ

Дүниетану сабақтарында сурет салу


Оқулықтардағы таблицалар, картиналар, суреттер табиғат құбылысы немесе объекті туралы жалпы әсер туғызғанмен оларды үнемі мұқият көрсетіп, берілген құбылыстың себебін көрнекі түсіндіре алмайды. Осындай жағдайларда тақтаға салынған бөлшек-бөлшек картинкалар, сызбалар мен суреттер мұғалімге жәрдемге келеді.
Тақтаға салынған сурет дегеніміз ол балаларға оқулықтағы тақырыптардың мазмұнын, мұғалімнің әңгімесін, орындалған тәжірибені ашып көрсететін қарапайым схема.
Мысалы, мұғалім 3 сыныпта бұлақ көзінің пайда болуын түсіндіргенде тақтаға су өтетін және су өте алмайтын қабаттардың сызбасын сызып, су өткізбейтін қабаттың үстімен судың қозғалып ағуын көрсетеді. Балалар бастау көзінің бүкіл түзілу процесін көрнекі түрде түсініп алады. Сурет тек қана сабақтың мазмұнын түсіндіріп қана қоймай, оны оқушыларға жеңіл және қызықты өткізеді.
Осы мәселені қарастыра отырып А.А.Половинкин тақтаға салынған суреттің жәрдемімен оқушы мұғалім ұсынған пікірдің бүкіл барысын қадағалай алатынын баса көрсетіп айтты. “Есту және көру бірге қатысады. Бұл баяндалатын ойды терңірек түсінуге ғана емес, сондай-ақ оны ойда берік сақтауға мүмкіндік береді”.
Педагогикалық схемалы суретті, әсіресе түрлі-түсті бояулармен жүйелі және белгілі мақсатқа пайдаланса, балалар тек картинаға немесе суретке қарауды ғана үйреніп қоймай, олардың да мазмұнын көре білетін, табиғат құбылыстарын балаларға түсінікті деңгейде салыстырып, талдайтын қарапайым байланыстарды анықтай алатын болады.
Дүниетану сабақтарында сурет салу сабақ беруді жандандырып, сабақтың тақырыбын жақсы қабылдауға, оның мазмұнындағы аса маңыздыларын саналылықпен түсінуге көмектеседі.
Мұғалім дүниетану сабақтарында суретті үнемі қолдана отырып, балаларға объектілер мен табиғат құбылыстарын дұрыс салып алуды үйретеді.
Ойын тәсілдерін және танымдық материалдарды пайдалану
Төменгі сыныпта ойын және оның ролі біртіндеп екінші кезекке жылжытылады да білім жетекші қызмет атқара бастайды. Алайда бұдан ойын балаларды жетілдіруге әсер етпейді деген ой тумауға тиіс.
К.Д.Ушинский оқытудың бастапқы сатысын мазмұны немесе формасы жөнінен қызықты етіп үйлестіру керектігін дәлелдеп берді. Сондай-ақ қызығушылықты теріс пайдаланудың балаларға зиянды әсері болатынын да ескертті. Сондықтан барлығы да белгілі мөлшерде жүргізілуі қажет.
Ойын балаларды оқу процесіне жұмылдырып, оларды байқампаздыққа, зеректікке, есте сақтай білу мен ойлау әрекеттерін дамытуға баулиды. Оларды бұрын алынған білімді тексеруге және бекітуге, сондай-ақ оны кеңейтіп, тереңдете түсуге қолдануға болады.
Мұғалім дүниетану сабақтарында сабақтың мақсатына, оның мазмұнына, оқушылардың біліміне, оқытуда қолданылатын әдістер мен тәсілдерге байланысты ойын, жұмбақ, викторина және т.б. ретінде пайдаланады.
Қызықты материалды сабақтың барлық кезеңдерінде: сұрау кезінде, жаңа материалды оқып үйренгенде, бекіту кезінде пайдалануға болады. Дүниетанудан алған білімді және төменгі сынып оқушыларының іскерлігін жинақтап қорыту формасында айқындау қажет болған кезде қызықты материалды пысықтауға пайдалану аса тиімді болады.
Обьектілердің біреуінің контурын пайдалана отырып, ойын ұйымдастыру оқушыларда бақылағыштықты, объектіні басқаларының ішінен бөліп көрсетуді, қысқаша сипаттама бере білуді қалыптастырады. Мысалы, мұғалім жарты шарлар картасын оқыған кезде материктер мен мұхиттарды контуры бойынша анықтауды, соңынан оларды картадан көрсетуді ұсынады.
Сабақтағы материалдарды бекіту үшін географиялық, топографиялық немесе биологиялық лотоны пайдалануға болады. Бұл үшін мұғалім бір топ оқушыларға карточкалар таратып беріп, объектілердің біреуін атайды, оқушылар оны жауып қояды. Объектілерді кім тез толық жауып, дұрыс атап берсе, сол оқушы жеңіп шығады. Осы ойынды тақтада да өткізуге болады.
Мұғалімнің айтуы бойынша үш оқушы (әрбір топтан бір-бір адамнан) объектілерді іріктеп алып, аттарын іледі, қалғандары оған зер сала бақылап тұрады да жолдастарының берген жауабын түзетіп, толықтырады.
Дүниетану объектілері және олардың қысқаша сипаттамасынан балалардың білімін тексеру мақсатында да ойын ұйымдастыруға болады. Оған мынадай тапсырмалар беріледі: коллекциядан пайдалы қазбалардың үлгілерін, гербарийден өсімдіктерді, жануарлар бейнеленген открыткаларды, овощ пен жеміс муляждарын және т. б. іріктеп алу. Объектілерді классификациялау іскерлігін тексеру үшін гербарийден егістік дақылдарды, жалпақ және қылқан жапырақты ағаштардың бұтақтарын, шабындық өсімдіктерін іріктеп алуды, тундрада, тайгада, аралас ормандарда, шөлде және т. б. өсетін өсімдіктерді таңдап алуды ұсыну қажет.
Картаны білуіне байланысты ойындарды өткізуге болады. Бұл- карта бойынша саяхат жасау, сипаттамасы, фотосуреттері және открыткалары бойынша дүниежүзінің табиғи аймақтарын анықтау ойындары. Соған кейбір мысалдар келтірейік: “Бұл жердің қысы өте ұзақ, қатал және жазы мүлде қысқа. Жазыда ерекше: күн күндіз түні бірдей жарқырап тұрады, сөйтіп қарңғылық мүлде болмайды. Сондықтан да күн жарқырап тұрғандар ұйқыға жатуға тура келеді. Егер қараңғы түсуін күтсең, онда екі айдан астам ұйықтамай жүруге мәжбүр боласың”. (Тундыра.) “Ғажап ел: өзендері сағасыз, ағаштары жапырақсыз, жер бетін ылғалдандырмайтын құрғақ жауын жауады, көлдері ағынсыз”. (Шөл) “Неткен кең байтақ жазира! Төбе де жоқ, орман да жоқ. Қайда көз салсаң да-аспанмен шектесіп кеткен тегіс жазықтық. Тіпті шет те, шек те жоқ тәрізді! Кез келген тұсқа қарай жүре бер… жүре бер! Салт атпен шапқыла, автомобильмен заулат, сомолетпен қалықта- алдыңнан зәулім аспан көтеріліп, жаңа кеңістік үсті-үстіне айқындала түседі… Қаншама гүлдер! Алуан түрлілігін қайтерсің: алқызыл қалампыр да, ақшыл көк шалфейдің шашақ гүлі де, алтындай қызыл рең де тағы-тағы толып жатыр…” (Дала).
Бұл үзінділерді оқушылардың білімін бекіту және жинақтап қорыту үшін (мұндай жағдайда бұлар оқушылардың жаңа материалға қызықтауын арттыратын тамаша байланыстырушы болады) біздің Отанның табиғатын оқып үйренуге байланысты сабақтардың басында (мұндай жағдайда оқушылар өзі қайтарған жауаптарын талдап түсіндіріп, сол территорияны картадан көрсетеді) пайдалануға болады.
Бастауыш кластарда тапқырылығын дамыту үшін жұмбақтар пайдаланады. Жұмбақ нәрселердің немесе табиғат құбылыстарының біреуін толық болмаса да өте дәл сипаттап береді. Адамды қоршаған табиғат өсімдіктер, жануарлар, жеке табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар жасауға орасан зор мүмкіндік береді. Мұғалім жұмбақтарды сабақтың қай кезінде жақсы пайдалануға болатынын ойластыру керек.
Ұйқас жұмбақтар адамды құлшындырып, шаршатпайды, оларды сабақтарда қолдануға болады. Мәселен, күзгі табиғат құбылыстарын оқып үйренгенде оқушыларға жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарды таныстыра отырып, мынадай жұмбақтар келтіруге болады: “Жеңіл себет ішінен патшадай боп, басын көкке кекжитіп, беріп бұйрық. Жуан аяқ саңырауқұлақ тұр торсип, өйткені ол… (қозықұйрық)”.
Көптеген қызықты сұрақтар балалардан материалды білуді, тапқырлықты, талдай білу іскерлігін, себеп-салдарлық байланысты түсіндіруді талап етеді, мысалы сұр қарлығаштар неге қарлығаштан бұрын ұшып кетеді? (Сұр қарлығаштарға жем августан-ақ жеткіліксіздік жасайды, ал қарлығаштардың сентябрьде де тамағы тоқ болады.) Қай ағаштың жапырағы жасыл қалпында түседі? (Бақта-сиреннің жапырағы, орманда-қандағаштың жапырағы).
Жыл құстары неге көктемеде ұшып келуге, ал күзде ұшып кетуге асығады? (Жыл құстары көктемде ұя салуға асығады, ал күзде аштық оларды оңтүстікке қуады.) Жаңғақ ағаштың көктемде, жөкеңнің жазда гүлдейтіні неліктен? (Жаңғақ ағашты жел тозаңдандырады, ал жөкеңнің гүлі аралар арқылы тозаңданады.) Көктемгі гүлдердің қайсысы түсін төрт рет ауыстырады? (Балшатырдың гүлі. Ол гүлін қызғылт түспен ашып, бірнеше күннен соң қан қызыл болады да соңынан күлгін тартып, гүлдеп біткенде күлте жапырақшалары көк түске айналады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет