Тақырыбы: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру сабағында қарапайым тәжірибелерді қою әдістемесі Жоспар


Бейнелеу көрнекі құралдарымен жұмыс



бет4/6
Дата16.09.2024
өлшемі43,02 Kb.
#204347
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
қоршаған ортамен таныстыру АӘ

Бейнелеу көрнекі құралдарымен жұмыс


Оқушылардың көбінесе көптеген объектілер мен құбылыстарды тікелей табиғатта байқауға мүмкіндігі болмайды. Мұғалімдер оларды табиғаттану сабақтарында таныстыру үшін басылып шыққан көрнекі құралдарды: картиналарды, таблицаларды, фотосуреттерді, открыткаларды, иллюстрацияларды пайдаланады.
Оқу таблицалары мен картиналарды басқа құралдармен үйлестіре білсе, оқушылар көптеген табиғи объектілер мен құбылыстардан бейнелі түсінік алады.
Таблицаларды пайдалану ісінің мынадай негізгі кезеңдері бар: таблицаларды анықтап қарау, объектілерді зерттеп, бөліп көрсету, олардың арасындағы байланыстарды белгілеу, объектілерді басқа объектілермен салыстырып, оның табиғаттағы орнын анықтау.
Мұғалім сұрақтардың жәрдемімен оқушылардың көрсетілген объекті туралы не білетінін айқындап, олардың назарын өте ерекше белгілерге бағыттайды. Бұл үшін табиғи объектілерді: гербарийлерді, тұлыптарды, медальдерді қосымша пайдаланыға болады.
Мұғалім класта таблицаны көрсетер алдында оған қосымша берілген методикалық нұқаумен танысуы керек, онда таблицамен қалай жұмыс істеу, қандай әдістерлі, формулалар мен тәсілдерді пайдалану керектігі көрсетіледі.
2 класқа арналған таблицалар жылдың әр мезгілінің ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.
Мысалы, мұғалім “Көктем” таблицасымен жұмыс істей отырып мыналарды айқындайды: өлі табиғатта көктемде қандай өзгерістер болады? Аспанның түсі қалай өзгерді? Қар қандай күйге түсті? Бұл таблицамен жұмыс істегенде осы жыл мезгілдерінің ерекшеліктері айқын ашылып, маусым туралы жалпы түсінік, жалпы ұғым беріледі.
3 класта картинаның мазмұны күрделене түседі. Оларда тек жеке объектілер ғана емес, өлі және тірі табиғат арасындағы ерекше байланыстарды сипаттайтын толық ландшафтты картиналар белгіленеді. Мысалы, “Тундра” таблицасында жер беті, өсімдіктер байлығының ерекшеліктері, жануарлардың өмір сүрудегі 3 класқа арналған табиғатты адамның шаруашылыққа пайдалануы көрсетілген.
Мысалы,”Ағаш өңдеу”таблицасы оқушыларға ағаш дайындау және тасымалдау процесін анықтап алуға жәрдемдеседі;”Шай плантациясы” таблицасы Совет одағының оңтүстік аудандарындағы шай жинау жұмыстарымен таныстырады.
Әрбір таблицадағы жеке элементтерінің арасындағы байланыстарды көрсету үшін алдын-ала көптеген жұмыстар жүргізу қажет.
Мәселен, мұғалім”Тундра” таблицасын талдап түсіндіре отырып белгілі мақсаттағы әңгімелесуге алдын-ала сұрақтар ойластырады онда оқушылар тундраның жер беті едәір жазық екенін температура төмен болғандықтан жер қатып, судың топыраққа терең сіңуіне мүмкіндік бермейтін,сондықтан тундра жерінің өте батпақты болатынын анықтау қажет.
Таблицадан өсімдіктердің ұсақ жапырақты, тырбық екенін,көпшілігінің жерге төселіп,топтасып өсетінін көруге болады.Бұл оларды Қысқы қатты аяздар мен желден қорғап, жазда өсу үшін жылуды мол алуына жәрдемдеседі. Мұғалім тундрада құстардың өте көп екеніне назар аударады.
Мектеп оқушылары тундраның қатал жағдайларына ірі жануарларда солтүстік бұғысы өмір сүретінін анықтайды,оның денесі жылы,жүнді берік тері қаптаған,айыр тұяғы батпақты жермен жүруге көмектеседі, бұғылар мүк және қыналармен, тундарда көп кездесетін бұталардың жапырақтармен кездеседі.
Сабақта(тақырыптар бойынша жинақтап қорытатын сабақтан басқа) картиналарды өте көп пайдаланудың қажеті жоқ.Оқушылардан сұрау, білімін бекітіп, тексеру кезінде таблицаларды пайдалануға болады. Таблица бойынша әңгіме құрастыру, табиғат обьектісін (жануардыбөсімдікті) қысқаша сипаттап жазу ынталандыра түседі.
Мұғалім таблицалармен бірге открыткаларды және фотосуреттерді пайдалана алады, олар оқушылардың жекек жұмыс істеуіне жәрдемдеседі, ал ол оқытылатын материялды талдап қарастыруды қамтамасыз етіледі, сөйтіп сабақтың әсерлілігін арттырад, олардың негізгі құндылығы міне осымен тұжырымдалады. Оларды пайдалану методикасы алуан түрлі болуы мүмкін.
Оқушылар таблицаларды анықтап қарастыра отырып, соңынан таблицалармен жұмыс істегенде таблицаның мәнәін ашып көрсетуге әзір болады. Немесе таблица бойынша өткізіледі, ал одан соң өтілген материялды бекіту үшін открыткалар бойынша жеке тапсырмалар беріледі.
Жаңа материялды түсіндіру кезінде де әсіресе Совет Одағының әр түрлі табиғи аймақтармен танысқан кезде открыткаларды пайдалануға болады, мұғалім онда сәйкес келетін фотосуреттерді таңдап алып, қандай болмасын табиғат аймақтарының немесе аудандарының біреуіндегі өсімдіктер мен жануарлар әлемін иллюстрациялайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет