Тақырыбы: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру сабағында қарапайым тәжірибелерді қою әдістемесі Жоспар



бет5/6
Дата16.09.2024
өлшемі43,02 Kb.
#204347
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
қоршаған ортамен таныстыру АӘ

Экрандық құралдармен жұмыс істеу әдістемесі
Соңғы кездерде мұғалімдер табиғаттану сабақтарында экрандық құралдарды (кинофильмдер, диафильмдер, эпифильмдер, диапозитивтер, кодоскоп транспорттары ) барған сайын кең қолдануда, бұл құралдар әдістемелік тұрғыдан дұрыс қолданылса, оқушылардың танымдық әрекетін жұмылдыруға себін тигізеді.
Олар оқытуда көрнекілікті арттырып, оқушылар табиғатын тікелей бақылай алмайтын құбылыстармен(ерте көктемде аңдар ұрпағының пайда болуы, гүлдердің біртіндеп ашылуы,бақалар мен кесірткелердің насекомдардың аулауы танысуына мүмкіндік жасайды; экран табиғат нәрселері мен құбылыстары туралы өте дәл және толық мағлұмат беруге мүмкіндік туғызады).
Экрандық құралдарды сабақтың барлық кезеңдерінде пайдалануға болады, бірақ мұғалім оларды басқа құралдармен үйлестіре отырып,табиғаттану сабағының белгілі бөлігінде өткізу қажеттігін ескеру керек. Мұғалім сабақта міндетті түрде оқушыладың демонстрацияланған материялдың мазмұнын қаншалықты саналы түрде түсініп алып,ұғынғанын тексеруге тиіс.
Мәселен “Табиғаттағы қысқы құбылыстар” тақырыбы бойынша өткізілген сабақта қыс туралы әңгімелесудің соңынан, кинофильмді көрсетуден бұрын мұғалім оқушыларға 2-4 сұрақтар қойып, соңынан “Зима” кинофильмін көрсетеді де көрсету кезінде оқушылар қыстағы және тірі табиғатта болып жатқан өзгерістерді қадағалайды. Балалар киноны көрген соң қойылған сұрақтарға жауап береді.
Бұл қысқы бақылау программасын белгілеп, табиғаттағы күзгі өзгерістерді қысқы өзгерістермен салыстыруға мүмкіндік береді.
Мұғалім жаңа материалды оқыту кезінде көбінесе бастапқы шағын кіріспе әңгімелесу өткізеді соңынан экранды және қосымша құралдарды пайдалана отырып, оқушылардың назарын берілген обьектіге аударады,оған тән белгілерді айқындап,оның басқа таиғи нәрселермен құбылыстар арасындағы орнын белгілейді. Тек осыдан кейін ғана обьекті бойынша тікелей әңгімелесу өткізіліп,оқушылардың жаңа сабақта қандай жаңалық білгенін айқындайды.
Балалардың ойлау қабілетін жандандыру үшін сабақта экрандық құралдарды пайдалану программасын ойластырып,оны көрсету уақытын белгілеу керек , басқа да көрнекті құралдарды іріктеп алып, оларды пайдаланудың сан алуан әдістерін ойлау қажет.
Қарап щыққан материял мен оқушылардың жеке тәжірбиесі негізінде мұғалімнің міндеті-оларды қажетті қортындылар жасауға және жинақтап қортуға итермелеу.
Қорытындылаушы сабақта экрандық құралдарды пайдалану, бағдарламасын ойластырып, оны көрсету уақытын белгілеу керек, басқа да көрнекі құралдарды іріктеп алып, оларды пайдаланудың сан алуан әдістерін ойлау қажет. Қарап шыққан материал мен оқушылардың жеке тәжірибесі негізінде мұғалімнің міндеті- оларды қажетті қорытындылар жасауға және жинақтап қорытуға итермелеу.
Қорытындылаушы сабақта экрандық құралдарды пайдалану, алған біесте сақтауға мүмкіндік беріп, оның нығайып, кеңейе түсуіне ықпал жасайды, логикалық ойлау әрекетін дамытуға септігін тигізеді.
Диафильмдерді сабақта пайдалану тәсілдері сан алуан. Мұғалім диафильмді толық немесе жеке кадрларын көрсете отырып ,оқушылармен әңгімелесе алады, мүмкіндігі болғанда кадрдың тексін толықтырады. Әдетте оқушылардың көңілін алаңдатпай, кадр мазмұнын дрыс қабылдап , дұрыс түсіндіре білуге үйрету үшін тексті мұғалімнің өзі оқиды.
Диафиильмді қайтадан қайталағанда тексті көрсетпей ақ, кадр мазмұнын оқушылардың өздері әңгімелеуіне немесе мұғалімнің сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік беру керек.
Мұғалім білімді жүйеге келтіріп, бекіту кезінде диафильмдер мен диапозитивтерді пайдалана отырып, оларды көрсетуден бұрын сыныпқа сұрақтар қояды, оқушылар оларға кадрлерді көргеннен кейін жауап береді. Көргендерін қысқаша айтып, талдау жасау балалардың байқампаздығын дамытуға жәрдемдеседі.
Планмен,картамен, глобуспен жұмыс істеу
“Картаны білу деген-картографиялық сауаттылықты мейлінше жақсы және толық меңгеру… яғни оның әліппесін пайдалана отырып, картаны еркін оқуға үйрену деген сөз”. Картографиядан сауатты болу-картаның щартты символикасын ұғыну деген сөз, ол үшін оқушыларға жергілікті жердің қарапайым чертежінің (схемасының), планының, ал одан соң картасының шартты тілін жүйелі түрде таныстыру керек.
ІІІ класта план мен картаны біртіндеп, жүйелі түрде оқып үйрену мектеп оқушыларын жоғары кластарда картамен жұмыс істей білуге даярлайды.
Бастапқыда балалар планның немесе картаның (оның легендасының ) алуан түрлі шартты белгілерінің, масштабының, план мен картадағы бағыттар кескінінің мәні мен маңызын ұғына білуі қажет.
Планмен және картамен таныстыру ІІІ кластан басталады.Программада мынадай жұмыс кезеңдерінің реті белгіленеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет