Тақырыбы: «Бауырсақтың дала жануарларына қазақ тілін үйретуі» Білім беру саласы: «Қатынас». Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Қазақ тілі»



бет1/5
Дата12.03.2018
өлшемі2,22 Mb.
#38841
  1   2   3   4   5
Тақырыбы: «Бауырсақтың дала жануарларына қазақ тілін үйретуі»

Білім беру саласы: «Қатынас».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Қазақ тілі».

Мақсаты: Балаларды қазақша амандасып, қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету. Бірінші жарты жылдықта өткен тақырыптарды қайталап, ске түсіру. Достыққа, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Отбасы мүшелері, дала және үй жануарлары, жемістер, көкөністер, ойыншықтар.

Қажетті құрал –жабдықтар: үлестірмелі суреттер.

Сөздік жұмысы:

Сәлеметсің бе! Сәлеметсіз бе! Сәлеметсіндер ме! – Здравствуйте! Ұл – мальчик, қыз – девочка, Мынау кім? – Кто это? Мынау не? – Что это?


Ұйымдастыру кезеңі:

І. Мұғалім балалармен амандасады. Шаттық шеңберін ұйымдастырады.



Амансың ба, Алтын күн?!

Амансың ба, Көк аспан?!

Амансың ба, Жер Ана?!

Амансың ба, Достарым?!

Мұғалім:


  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:

  • Қазір жылдың қыс мезгілі. Далада қар жатыр. Қардың түсі - аппақ. Күн суық.

Мұғалім:

  • Жарайсыңдар, балалар.

  • Мынау не балалар? (Дөңгелекті көрсетіп).

Балалар:

  • Мынау – дөңгелек.

Мұғалім:

  • Дөңгелектің түсі қандай?

Балалар:

  • Дөңгелектің түсі – сары.

Мұғалім:

  • Жақсы, балалар. Менің қолымда сиқырлы шарлар бар. Ендеше сол

шарлардың түстерін де айтып көріңдерші.

Балалар:



  • Қызыл, жасыл, сары, көк, ақ, қара (балалар шарлардың түстерін атайды).

Мұғалім:

  • Балалар, дөңгелекке ұқсас қандай ойыншықтың түрін білесіңдер? Және де тағы қандай ойыншықтармен ойнайсыңдар?

Балалар:

  • Доп. Тағы басқа текшелермен, қуыршақ, машинамен ойнаймыз.

Мұғалім:

  • Балалар, онда бәріміз орнымыздан тұрып, доп туралы тақпақ айтайық.


Доп – дөңгелек ала доп,

Қызыл, жасыл, сары, көк.

Ала шықтым аулаға,

Ойнайтұғын бала көп.

Мұғалім:



  • Дөңгелекке ұқсас қандай тағамның түрін білесіңдер?

Балалар:

  • Бауырсақ.

Мұғалім:

  • Балалар, бүгін мен жұмысқа келе жатқанда «Бауырсақ» ертегісіндегі Бауырсақ дала жануарларына қазақ тілін үйретіп жатыр дегенді естідім. Қазақ тілін үйретіп жатқанын барып көргілерің келеді ме? Ал сол «Бауырсақ» ертегісінде қандай кейіпкерлер бар? Ертегіде әке, ана, аға, апай бар ма? (Отбасы мүшелерінің суреттерін пайдалана отырып, олардың атауларын қазақ тілінде атайды).

Балалар:

  • Ия.

Мұғалім:

  • Отбасы туралы тақпақ айтайық.

Бас бармағым – атам,

Балаң үйрек – апам.

Ортан терек – әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кішкене бөбек – мен.

Мұғалім:



  • Балалар, қазір бәріміз орманға барып көрейік.

(Топтың бір бұрышына қар үйінділері жасалып тұрады. Оның артына дала жануарларының бет перделері жасырынып тұрады. Мұғалім әуен қосады. Бірінші үш бала барып, қар үйіндісінің артынан қоянның бет пердесін киіп шығады. Сол сияқты келесі төрт бала барып, қасқырдың; келесі төрт бала барып, аюдың; келесі төрт бала барып, түлкінің бет перделерін киіп келеді.

  • Балалар, мен де барып көрейінші ол жерде не болып жатыр екен деп, мұғалім де қар үйіндісінің артына барып бауырсақтың бет пердесін киіп шығады. Сонымен мұғалім Бауырсақ болады, ал қалған балалар дала жануарларының рөлдерін алады).

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ертегінің желісімен жүреді.

Бауырсақ домалап келе жатады. Әуен ойнап тұрады. Алдынан қояндар шығып:



  • Бауырсақ, бауырсақ, біз сені жейміз.

Бауырсақ:

  • Сендер кімсіңдер? Мені жемеңдерші.

Қояндар:

  • Мен қоян – Дашамын. Мен қоян – Женямын. Мен қоян – Дашамын деп қояндар өздерін таныстырады.

Бауырсақ:

  • Қояндар, келіңдер, сендермен ойын ойнайын. Сендерге қазақ тілін үйретейін. Мені жемеңдер.

Бауырсақтың қолында сиқырлы дорба болады. Оның ішінде жемістер бар. Қояндар сиқырлы дорбаның ішіне қолдарын салып, жемістерді көрмей тұрып, қолдарында қандай жеміс екенін сипап-сезу арқылы қазақ тілінде атауын айтады. Сосын сиқырлы дорбадан алып шығып, жемістердің түсін, түрін, дәмін айтады. Қояндар бауырсаққа разы болып, ары қарай кетеді. Бауырсақ өз жөнімен домалап кетеді.

Бауырсақ домалап келе жатады. Әуен ойнап тұрады. Алдынан қасқырлар шығып:



  • Бауырсақ, бауырсақ, біз сені жейміз.

Бауырсақ:

  • Сендер кімсіңдер? Мені жемеңдерші.

Қасқырлар:

  • Мен қасқыр – Лилия. Мен қасқыр – Тамерлан. Мен қасқыр –Ильхан. Мен қасқыр - Димамын деп қасқырлар өздерін таныстырады.

Бауырсақ:

  • Қасқырлар, келіңдер, сендермен ойын ойнайын. Сендерге қазақ тілін үйретейін. Мені жемеңдер.

Бауырсақ қасқырлармен «Көлеңкесін тап» деген дидактикалық ойын ойнайды. Үстелдің үстінде көкөністердің суреттері жатады. Ал тақтада сол көкөністердің көлеңкелерінің суреті тұрады. Қасқырлар сол көкөністің атауын қазақ тілінде атап, түр-түсін, дәмін атай отырып, тақтадан көлеңкесін тауып орналастырады. Мысалы: Мынау – қияр. Түсі – жасыл. т.с.с.

Бауырсақ:



  • Пияз туралы тақпақ айтайық.

Болса да ащы,

Дәмді етер асты.

Өседі ол жерде,

Тығып алып басты.

Қасқырлар бауырсаққа разы болып, ары қарай кетіп қалады.

Бауырсақ домалап келе жатады. Әуен ойнап тұрады. Алдынан аюлар шығып:


  • Бауырсақ, бауырсақ, біз сені жейміз.

Бауырсақ:

  • Сендер кімсіңдер? Мені жемеңдерші.

Қасқырлар:

  • Мен аю – Даниэлмін. Мен аю – Салтанатпын. Мен аю –Ульянамын. Мен аю - Бексұлтанмын деп аюлар өздерін таныстырады.

Бауырсақ:

  • Аюлар, келіңдер, сендермен ойын ойнайын. Сендерге қазақ тілін үйретейін. Мені жемеңдер.

Бауырсақ:

  • Аюлар, жана мен домалап келе жатып, үй жануарларының енелері торға түсіп қалғанын көрдім. Ал төлдері енелерін таба алмай шатасып кетіпті. Егер біз үй жануарларының атауларын қазақ тілінде атасақ, олар тордан босайды. Үй жануарларының атауларын қазақ тілінде атап, төлдерді енелеріне қосады.

Бауырсақ:

  • Қошақан туралы тақпақ айтып берейік.

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың.

Томпиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

Аюлар бауырсаққа разы болып, ары қарай кетіп қалады.

Бауырсақ домалап келе жатады. Әуен ойнап тұрады. Алдынан түлкілер шығып:


  • Бауырсақ, бауырсақ, біз сені жейміз.

Бауырсақ:

  • Сендер кімсіңдер? Мені жемеңдерші.

Түлкілер:

  • Мен түлкі – Светамын. Мен түлкі – Лизамын. Мен түлкі –Ельданамын. Мен түлкі - Настьямын деп түлкілер өздерін таныстырады.

Бауырсақ:

  • Түлкілер, келіңдер, сендермен ойын ойнайын. Сендерге қазақ тілін үйретейін. Мені жемеңдер.

Бауырсақ:

  • Мамандық иелері өздерінің құрал-жабдықтарын шатастырып алыпты. Мамандық иелерінің атауларын қазақ тілінде атасақ, олар өз иелеріне оралады екен. Тақтада маман иелерінің суреттері ілініп тұрады. Соларды қазақ тілінде атайық. (Дәрігер, мұғалім, аспаз, суретші т.б. атау). Түлкілер маман иелерінің заттарын тауып, дұрыстап орналастырып, әрқайсысының қызметі туралы айтады.

Бауырсақ:

  • Дәрігер туралы тақпақ айтайық.

Мен дәрігер боламын,

Үлкеннің де, баланың,

Қиналғанда жанына

Бірінші боп барамын.

Түлкілер бауырсаққа разы болып, ары қарай кетіп қалады.

Осылайша, бауырсақ өзінің ақылдылығымен, тапқырлығымен дала жануарларынан аман-есен құтылып, атасы мен апасына оралады. (Тақтада апа мен атаның суретінің жанына бауырсақты орналастыру).

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің соңында балалар әуеннің үнімен қайтадан сиқырлы қар үйіндісінің артына барып, бет перделерін шешіп келеді. Ең соңында мұғалім барып, өз бет пердесін шешіп, сол жерден қорапша тауып алады. Оны алып келіп балалардың алдында ашып, ішідегі күлімсіреген бауырсақтың суретін балаларға таратып береді.

Мұғалім:


  • Балалар, біздің қар үйіндіміз сиқырлы ғой, мен жаңа тағы бір қорапшаның жатқанын көрдім, тағы қарап келейін.

Қар үйіндінің артынан, мұғалім, жүрекше қорапша мен әдемі қағазға оралған тәлеңке тауып алады. жүрекше қорапшаның ішінде күлімсіреген смайликтер. Смайликтерді балаларға ұсынып, келген қонақтарға өз қолдарыңмен беріңдер дейді. Балалар келген қонақтарға смайликтерді таратып береді. Ал әдемі қағазға оралған тәлеңкеде бауырсақ екен. Балаларға арналған тосын сый.

Балалар өздеріне тиесілі тосын сыйларға қуанады.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті аяқталды. Сауболыңдар.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша фото материалдар




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет