Тақырыбы: «Бейбітшіліктің білімді ұрпақтары» Білім бәйгесінің мақсаты



бет1/2
Дата29.01.2018
өлшемі187,84 Kb.
#35727
  1   2
Тақырыбы: «Бейбітшіліктің білімді ұрпақтары»


Білім бәйгесінің мақсаты:

Пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейлерін бақылау, білімді оқушыларды анықтау, білімді, тапқыр, ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту.




Жүргізуші:
Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 30 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім - патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі.

Бүгінгі сайысымыздың ұраны:



Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

Ойын толық, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толық жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Құрметті Ұстаздар, сайысқа қатысушы үміткерлер «Бейбітшіліктің білімді ұрпақтары» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа 2 топ қатысады. Әр топ құрамында 4 оқушыдан.

1 - топ. «____________»

2 - топ. «____________»


Ендігі кезекте әділқазылар алқасымен таныс болайық.

Сарапшылар:
1.________________________
2.________________________

3.________________________


Сайысымызды бастамас бұрын әсем әнмен сусындап алғанымыз жөн болар деп, ортаға ----------------- әнімен шақырамыз.

Ән:

Жүргізуші:

Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейік.

І. «Ғажайып алаң»

ІІ. «Ребус»

ІІІ. «Қызықты ойын»

ІV. «Үй тапсырмасы»



І бөлім. «Ғажайып алаң»

Қарап тұрмай алаңға кел, еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,

Ғажайып бір мына алаңды көріңіз.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір күн болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын.

Бұл кезеңде 10 - 50 аралығында ұяшықтар берілген. Бұлар ұпай сандары. Ұпай сандары артқан сайын тапсырма да күрделене түседі. Дұрыс жауап берген топ сол ұпайға ие болады.


«Тарих» 10 20 30 40 50

«Жаратылыстану» 10 20 30 40 50

«Математика» 10 20 30 40 50

«Қазақ тілі» 10 20 30 40 50

«Тарих»
10. Қазіргі Қытай Халық Республикасының солтүстік-батыстағы жері? /Шыңжаң/

20. Австралопитек түріне жататын ең алғашқы адамдарды қалай атайды? /Епті адам/

30. Жаңа тас ғасырында Жер шарының жекелеген аймақтарында шаруашылық түрінің жаңа ошақтары шыға бастаған дәуірлік кезең? /Неолит/

40. Қима мәдениетінің жерлеу дәстүріне тән өзіндік ерекшелігі қандай?

/Қабір шұңқыры қима ағаштармен бекітілуі/

50. Тас дәуірінен Қола дәуіріне өтетін өтпелі кезең ...... /Энеолит/




«Жаратылыстану»

10. Табиғи ортаны бақылау нәтижесіндегі деректерден қандай да бір пайдалы ғылыми нәтиже алу үшін не істейді? /Өңдейді және сараптайды/

20. Ғарыштық денелердің дамуын және құрылысын қандай ғылым зерттейді? /Астрономия/

30. Жарық жылы – дегеніміз не? /Жарықтың бір жылда кесіп өтетін арақашықтығы/

40. Табиғатта ерекше жаратылған сансыз көп жұлдыздардың бірі, жерге ең жақын орналасқан жұлдыз қалай аталады? /Күн/

50. Барлық материктер ауданын қосып есептегенде Жер шарының неше пайызын алып жатыр? /29%/




«Математика»
10. 1; 10; 100; 100; 1000, - қандай бірліктер деп аталады? /Разрядтық/

20.Қосындының мәні мен қосылғыштардың бірі белгілі болғанда екінші қосылғышты табу қалай аталады? /Азайту амалы/

30. Әріпті өрнектер дегеніміз не? /Құрамында әріптері бар өрнектер/

40. /41; 107/

50. /14х; 29х/

«Қазақ тілі»

10. Сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды қалай атайды? /Үндестік заңы/

20. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді? /Жуан және жіңішке/

30. Тоғыспалы ықпал дегеніміз не? /Қатар тұрған екі дыбыстың бір-біріне бірдей ықпал етуі/

40. Адамның сезімін, көзқарасын, көңіл-күйдің түрлі иірімдерін білдіріп тұратын сөздер қалай аталады? /Эмоционалды сөздер/

50. «Аша тұяқ» сөзінің баламасы? /Сиыр, қой, ешкі малдарын осылай атайды/



ІІ бөлім. «Ребус»


Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет