Тақырыбы: Білімділер мен білгірлер сайысы Мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі80,91 Kb.
#34641
Қазақстан тарихы  5-6 сынып
Тақырыбы: Білімділер мен білгірлер сайысы
Мақсаты: А) Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдығын арттыру.
Ә) Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту. Өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге, ауызекі сөйлеуді дамыту.
Б) Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.

Сайыстың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Ән «Қазақ елі» /18.34. минут басталады 22.00 минут бітеді/

Көрнекіліктер:Тәуелсіздік күніне арналған кітап, газет – журналдар көрмесі.

Мұғалім сөзі: «Білімділер мен білгірлер сайысы» атт сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Бұл ойын Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналады.

а)Сайыстың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.

ә)Ойынға қатысушы оқушылармен таныстыру.

б)Әділ қазылар тобымен таныстыру.

в)Ойын шартымен таныстыру.



І. Топтардың өзін- өзі таныстыруы

І. Жорға

ІІ.Сәйкестендіру

ІІІ. Кестемен жұмыс

IV.Мақал -мәтелдер

V .«Алтынкөмбе»

VI«Образға ену»

VII «Өнерпаз болсаң».

І. Өзін- өзі таныстыру

1) Білгірлер тобы/Шыңғыс. Марина , Сернияз, Аян, Айдана ,Авдулла/

Ұландармыз белді мықтап байлаған

Жарысқа келдік,алған беттен таймаған

Тәуелсіз ел, біз ұрпағы бұл елдің.



Көк аспанда көк туы бар асқақтаған

Біздің ұранымыз


Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнін жоқ.

«Білгірлерден» « Алғырларға » мың бір сәлем!


2) Алғырлар тобы /Дос ,Айым,Жеңіс, Асқар,Гульмира,Айгул/



Жарыс десе жанамыз
Жасырғанды табамыз.
Күш сынасып көрейік,
Жеткенінше шамамыз.
Біздің ұранымыз
Білекті бірді жығады,
Білімді мынды жығады.

« Алғырлардан » «Білгірлерге» мың бір сәлем!



І.Жорға

Бұл кезеңді ұпайлар жоғары топ бастайды. Дайындаған 15 сұраққа жауап беріп, ұпай жинайды. 1 сұрақ 1-ұпай болып есептеледі. (шартты сұраққа тез, толық жауап беру керек.)


1.ҚР тәуелсіздігі қашан жарияланды. (16.12.1991)

2.ҚР қай елдермен шекаралас? (Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан)

3.Ең үлкен уақыт өлшемі/ғасыр

 4.Қола қандай металдардың қоспасынан дайындалды? /қалайы мен мыс/    5Дүние жүзінде қанша этнос бар?3000жуық

6«Хижра » сөзі араб тілінен аударғанда   /  жыл санау   /

7.«Т» әрпі 3 рет болатын сөз (тәтті)

8.«Четверть» қазақша қалай?

9.Бір сөзбен қалай аталады? (Сағат, дәптер, кітап, қоңырау, тақта, бор, оқушы) – мектеп.

10.Артық сөзді тап: қол, көл, бас, көйлек, құлақ./көл/

11.Басты байлық (денсаулық).

12. Аптаның төртінші күні? (бейсенбі)

13. Күйді орындаушы адам? (күйші)

14Қазақ тілі кімдердің ана тілі? /Қазақ/

15.Түйе сүтінен жасалатын емдік сусын./Шұбат/

16. Футболшының алаңдағы ойын заты. (доп)

ІІ топ сұрақтары

1 .Алғаш рет адамдардың қалдықтары қай жерден табылды? (Кения) Ш.А.


2. Алғаш қазақ хандығын құрған кімдер? (Керей, Жәнібек)
3. Адамзат тарихының ең алғашқы кезеңі қалай аталады? (палеолит)
4. Аталық ру қай кезде пайда болды? (Қола дәуірі) .

5. Қай ханның тұсында қазақтардың саны 1 млн.-ға жетті (Қасым хан)


6. Қара алтын. (мұнай)

7. Әл-Фарабидің туған жері. (Отырар)

8. Көлікті күтетін жер. (аялдама)
9. Кіші жүздің биі. (Әйтеке би)

10. Астана қай өзеннің жағасында орналасқан. (Есіл)

11.Бала дүниеге келгенде жасалатын той. (шілдехана)

12.Семей-Невада қозғалысының ұйымдастырушысы. (О.Сүлейменов)

13.Қазақстан қай құрлықта орналасқан. (Еуразия)

14.Киіз үйдің төбесі қалай аталады? /Шаңырақ/

15.Дастарханның басты асы. / нан/

16. «Шығыстың қос жұлдызы» деп кімдерді атайды/ Әлия мен Мәншүк/


II Сәйкестендіру: /Дұрыс жауапқа байланысты ұпай береміз/

«Алғырлар» тобы

Неолит Жаңа тас ғасыры

Қола дәуірі Қола құралдардың өндіріске енген кезеңі

Энеолит Мысты тас

Матриархат Аналық ру үстемдігі

Оба Қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік

Тотемизм Шығу тегін жануарлармен байланыстыру

Фетишизм Жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну


«Білгірлер»тобы        

Неолит Жаңа тас ғасыры

Бағыштау Ересектер тобына өту

Патриархат Аталық руға көшу

Соқа Жер өңдеу құралы

Жеке меншік Жекелеген отбасылардың байлығы

Абыздар Салт–дәстүрі орындалуын қадағалады

Анимизм Жанға, рухқа сену


III -кезең Кестенің қатарына тиісті «+» белгісін қойыңда

«Алғырлар» тобы

Міндеттері

Ерлер

Әйелдер

Жабайы аңды аулау

+




Жидектермен тамырларды жинау




+

Отты өшірмеу

+




Киім тігу




+

Еңбек құралдарын дайындау

+




«Білгірлер»тобы       




Табиғи дайын өнімді пайдалану

Өндіруші шаруашылық

Аңшылық

+




Егіншілік




+

Терімшілік

+




Мал шаруашылығы

+




Балық аулау

+




IV кезең Бұл бөлімде мақалдар оқылады, сайыскерлер оның жалғасын тауып айту керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі.

1.Туған елдей ел болмас, ...... туған жердей жер болмас. 
2.Ата көрген оқ жонар, ... ана көрген тон пішер. 
3.Жаңбырменен жер көгереді,... Батаменен ел көгереді. 
4.Кітап білім бұлағы, .... білім өмір шырағы. 
5.Ақыл азбайды.... білім тозбайды. 
6.Оқу инемен құдық.... қазғандай. 
7.Еңбек ширатады, ...өмір үйретеді. 
8.Еңбек етсең ерінбей, ... тояды қарнын тіленбей. 
9.Отан оттан да .... ыстық. 
10.Отан үшін отқа түс күймейсің, .... арың үшін алыссаң өлмейсің. 
11.Туған жердің күні де ыстық, ... түні де ыстық. 
12.Өнер ағып жатқан бұлақ, ... білім жанып жатқан шырақ. 
13.Аз сөз алтын-көп сөз көмір. 

V кезең.«Алтынкөмбе» 
Сөзден сөз шығару. Сөздегі әріптердің орнын өзгертпей, бірнеше сөз шығару. Ойыншылар асық таңдау арқылы сөз таңдап, сол сөзден бірнеше сөз шығаруы қажет.
1.Дөңгелек 
2.кемпірқосақ.
VІ«Образға ену» 10 ұпаймен (әр топтан  сайыскерлер  бір-бірден шығып, қағаз таңдап алады да, қағаздағы берілген тапсырманы орындауы тиіс

«Алғырлар» тобы

Бір-біріне ысылдасқан  екі жылан болыңыз

Ұшып келіп,ағашқа отырып,елді оятқан тауықтың бейнесін сомдаңыз

«Білгірлер»тобы-         

Қасқырдан қорыққан қоян бейнесін көрсетіңіз

Гүлдеп шығып солып қалған  гүл

VII«Өнерпаз болсаң». Патриоттық әндер минусовкасы беріледі. Қандай ән екенін табу және қосылып айту.

Әр топқа үш әннен беру

Қортынды. Әдіқазылар алқасына сөз беру.


Марапаттау.
Оқушы еңбегін бағалау.



Каталог: 0B5D37B2B884247A
0B5D37B2B884247A -> Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ Сабақтың типі: Жаңа білім беру
0B5D37B2B884247A -> «Биофизика» курсы
0B5D37B2B884247A -> Оқу жылындағы гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінің жүргізген I жарты жылдық қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Мазмұны І. Кіріспе бөлім
0B5D37B2B884247A -> Оқу жылындағы гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінің жүргізген жылдық қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Степной орта мектебі жанындағы «Қызғалдақ» шағын орталығының есебі
0B5D37B2B884247A -> Сабақтың мақсаты: Ақмола бекінісінің салынуының себебін ашу, Ақмола бекінісінің салынып, ондағы жаңалықтарды оқшыға анықтау
0B5D37B2B884247A -> Сабақ тың тақырыбы: «Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы»
0B5D37B2B884247A -> Степной орта мектебі бойынша қазақ мектебіндегі жаратылыстану – математика бірлестігіндегі пәндерінің жүргізілуі туралы жартты жылдық анықтама


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет