Тақырыбы: Денсаулықты нығайту. Салауатты өмір салтын насихаттау. ІІ жаңа тақырыпты түсіндіру: Денсаулықты нығайту



бет56/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#88565
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   85
Байланысты:
Пән Денсаулықты нығайту

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар:
1.Гепатит деген не, қандай түрлері бар?
2.Гепатит А және Е жұғу жолдары.
3.В және С гепатитінің жұғу жолдары.
4.Гепатиттердің алдын алу шаралары қандай?


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Обырды ерте анықтауды жақсарту онкологиялық аурулармен күресуде негізгі жайт болып табылады. Халықтың ақпараттандырылу деңгейі мен медициналық сауатын арттыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарында онкология мәселелерін барынша кеңінен жариялау қажет. Обыр неғұрлым ертерек анықталған болса, оны емдеу үміті соғұрлым көбірек болады. Дамыған елдерде обырдың тері, жатыр мойыны, сүт безі, қуықасты безі, жуан ішек обыры сияқты түрлерінен болған өлім-жітімді төмендету тұрғындарға жаппай скрининг өткізу бойынша мамандандырылған бағдарламалардың нәтижесі болып табылады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауында онкологиялық диагноздан болатын өлім-жітімді азайту мәселесін алғашқы кезекке қойды.
Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан «Саламатты Қазақстан - 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасы мен Президенттің биылғы тапсырмасына сәйкес, онкологиялық жәрдемді дамыту бағдарламасы жасақталса, еліміз бойынша аталмыш дерттің саны азаятыны сөзсіз. Әр адам өз денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарауы керек. Өзін-өзі күтіп, мезгілімен дұрыс тамақтанса, әрі ішімдік ішу мен шылым шегуден аулақ жүрсе, ондай адамға аурудың қай түрі де жоламайды. Ол үшін салауатты өмір сүру салтын сақтап, спортпен айналысуы керек. Бұл жөнінде атам қазақ «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп баяғыда-ақ айтып кеткен.
Біздің қазақ - денсаулығына немқұрайлы қарайтын халықтың бірі. Қатерлі ісік ауруына ұшырағанын сезіп тұрса да, дәрігерге олар ауруын әбден асқындырып алып барады. Сондықтан әр адам ауырып емес, ауырмай тұрып алдын ала дәрігерге қаралуы тиіс. Сонда ғана қоғам ауру-сырқаудан тазарып, салауатты өмір салтанат құрады.
Аурудың себептері: ХХ-шы ғасыр онкологиялық аурушаңдықтың күрт өскендігін аңғартады. Оның бірнеше себебі бар. Ең бастысы – цивилизацияның күрт дамуы. Саны көп жаңа технологиялар мен механизмдердің пайда болуы, жарықтар мен саулелендірулер, химиялық байланыстардың легі адам организміне негативті, яғни кері әсерін тигізеді. Адамдар қоршаған ортаның жағдайына, тамақ өнімдеріне қобалжулы. Ішек обырының жиілігінің артуы майдың құрамының артуымен байланысты ма? Немесе жасанды қант алмастырғышты көп қосу адам ағзасында қатерлі ісіктің пайда болу қауіпін арттыра ма? Шынында да темекі түтіні өкпе обырының дамуында маңызды рөл атқара ма? Біз косметикалық бұйымдағы, біздің киіміміздегі жасанды талшықтарға, балаларға арналған ойыншықтарға қатысты химиялық қоспалар бойынша алаңдаймыз. Біздің тыныс алып жүргенімізде, ішіп-жеп жүргенімізде, күнделікті қолданып жүргенімізде біздің ата-бабамыз көрмеген канцерогеннің құрамының саны айтарлықтай зор.
Канцерогенез қалыпты жасаушының қатерлі жасаушыға айналу үдерісі, өзінің заңдылығы мен сатылары бар, ал химиялық заттар/сәулелер адам немесе жануарлар ағзасына түскен кезде қатерлі ісіктердің пайда болуына алып келетін заттар канцерогендер деп аталады. Көпшілікке белгілісі физикалық канцероген иондаушы сәулелер, химялық канцерогендер: нитрат/нитриттер, бензопирендер, пероксидтер, диоксиндер. 
Онкологиялық аурудың алдын алуда көбірек маңызы бар: алкоголді пайдалануды шектеу және темекі шегуден бас тарту, семіздіктен сақтандыру, майларды пайдалануды азайту, өсімдік талшықтарын тұрақты және жеткілікті мөлшерде пайдалану.
Бүгінгі таңда ракты емдеуге болады және онкологиялық науқастардың өмір сүру ұзақтығы едәуір ұлғайды. Сондықтан басқа ауруларға қарағанда онкологиялық ауруларды диагностикалау және уақтылы емдеу туралы ең соңғы жаңа мәліметтерді және мамандардың ұсыныстарын алудың маңызы зор. Талапқа сай шараларды қолданбас бұрын онколог маманға көрініп, диагнозды нақтылап алу керек.  

Жүрек-қан тамырлары аурулары.Гипертония — жүрек қан тамырлары жүйесінің ең көп тараған ауруларының бірі. Оның белгісі — тамыр тонусы реттелуінің бұзылуынан туған артериялыққысымның (гипертензия) көтерілуі. Гипертония ауруы жүйке жүйесіне ұдайы күш түсуінен, психикалық зақымданудан, шамадан тыс артық тамақтанудан, жүріс-тұрыстың, жалпы' қимылдың аздығынан болады. Ол әдетте 40 жастан кейін дамиды, бірақ жас кезде де кездесе береді.
Гипертония ауруының бастапқы сатысында артериялық қысымның уақытша көтерілуі үстіне бастық оқтын-оқтын ауруы, жүректің жиі соғуы, кейде жүрек тұсының ауруы, желке тұстан ауырлық сезінуі мүмкін. Одан әрі — бас айналады, қолдың саусақтары мен аяқ бақайлары ұйып, баста қан тасу сезімі, көз алдында «шіркейлердің ұшып жүруі» байқалғандай болады. Науқас тез шаршайды, ұйқы бұзылады.
Гипертония ауруы асқыну мүмкіндігімен (миокард инфаркті, инсульт, бүйрек сырқаты) қатерлі және ұзақ уақыт бойы табандылықпен емдеуді талап етеді, ал емнің қонуы аурудың сатысына, науқастық құлқына байланысты. Науқас дәрігерге неғұрлым ерте көрінсе, дәрігердің ақыл-кеңесін неғұрлым қалтқысыз орындаса, емдеу соғұрлым тез пайда береді. Режимнің зор маңызы бар: науқас денеге және әсіресе жүйкеге күш түсуінен мүмкіндігінше аулақ болғаны, еңбек ету мен тынығу режимін қатаң сақтағаны, темекі мен спирт ішімдіктерінен бас тартқаны жөн; күніне кемінде 8 сағат ұйықтау керек.
Артериялық қысымның көтерілуі бүйректің хлорлы натрийді бөлуінің азаюымен тікелей байланысты болғандықтан, гипертония ауруы үдеуінің алдын алатын және науқастық жаіікүйін жақсартатын маңызды шаралар қатарына мыналар жатады: тамақ рациойында тұзды шектеу, тұзды тағамдарды, маринад тарды рационнан шығарыл тастау, солдай-ақ дәрігердің тағайындауы бойынша организмнен тұздық бөлінуін ұлғайтатын, несеп айдайтын дәрі-дәрмектер ішу. Қозғалыс белсенділігін. жаяу серуен, спорттық жеңіл түрлері, дене еңбегі гипертония ауруының үдеуінен сақтайды және оның алдын алатын маңызды фактор болып табылады. Дәрігер тағайындаған емдеу комплексі, оның ішінде артериялық қысымды түсіретін дәрі-дәрмектер ішу науқастық жай-күйін тез жақсарта алады. Алайда, бұл уақытша әсер, ол аурудан жазылғандық емес, сондықтан дәрігердің айтқандарының бәрін орындау қажет. Емдеу ді негізсіз үзіп тастау, режимді бұзу, психиялық-қызбалық жасау аурудың барысын нашарлатуы, гипертония асқынуына — миды, бірсыпыра реттерде басқа да органдарды қанмен жабдықтаудың бұзылуына т. б. әкеліп соғуы мүмкін. Науқастық жағдайы қатты нашарласа, дереу дәрігер шақыру керек. Ол келгенге дейін науқас төсекте немесе ыңғайлы креслода жантайып отыруы қажет. Табаны мен тізесін қыздырып, (грелка қойып, орап тастау), 30—35 тамшы корвалол немесе валокордин ішу, сондай-ақ, бұрын тағайындалған, қысымды түсіретін дәріні ішу керек. Тамақ ішпеу қажет. Кеуде ауырса, тілдің астына нитроглицерин салған жөн.
Гипертония ауруымен сырқаттанғандар диспансерлік байқауда болады. Көп жылғы тәжірибеге қарағанда үнемі емделіп, режимді дұрыс сақтаған жағдайда науқас ұзақ жылдар бойы жұмыс қабілеттілігін сақтайтыны дәлелдейді.
Жүрек-қан тамырлары ауруларының ішінде қоғамымызда ең көп кездесетін ауру түрі стенокардия (жүрек қыспасы) болып табылады. Жүректі қоректендіретін күре тамырдағы қан айналымының бұзылуынан жүрек өзіне қажетті қорек пен оттегі ала алмай зардап шегеді. Нәтижесінде, қан тамырлары тарылады. Сол секілді атеросклероз ауруы да жиі кездесетін аурулардың қатарында. Адам ол дертке душар болғанда артерияның ішкі қабырғасына холестерин жиналып, қатпарлы табақша пайда болады. Табақша ақырындап өсіп, жүрек тамырының ішкі жолын бітей береді. Содан барып әртүрлі ишемиялық аурулар пайда болады. Сондай-ақ, миокард инфарктісі де қазіргі ең көп таралған жүрек ауруларының бірі. Миокард инфарктісінде тамырдың қысылған жерінде қан ұйып қалып, жүрек өліеттенеді. Мұндай жағдайда жүрек етінің жыртылып кетуі де мүмкін. Бұл жалпы алғанда қан айналымы жүйесінің аурулары деп айтылады. Осы аурулардың пайда болуы көбінесе отырып жұмыс істеу, аз қозғалу, стресс алу. Сондықтан саламатты өмір салтын ұстанып, жаттығулар жасап, ішімдік пен темекіден бойды аулақ салып, күнделікті нормаға сәйкес тамақтану керек. 
Жүрек қан тамырлары ауруларын ерте анықтауға бағытталған скринингтік тексеруден өту, дер кезінде ерте анықтап, олардың даму қаупі факторларын болдырмау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет