Тақырыбы: «Екі жетім бір шаңырақ астында» Жобаны дайындаған



Дата12.09.2020
өлшемі0,54 Mb.
#78186
Байланысты:
АБАЙ ОРТА МЕКТЕБІ


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ЗАЙСАН АУДАНЫ ҚАРАБҰЛАҚ АУЫЛЫ «АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

Тақырыбы:

«Екі жетім бір шаңырақ астында»

Жобаны дайындаған:

Ризабекұлы Мерей, 8 «А» сыныбы



Жетекшісі: Бекбаева Динара

Ахыт Балғын



Абай атындағы орта мектебі

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі қоғам дерті, яғни жетімдер үйін паналап жүрген балалар мен қартайған шағында бала мейірімінен айрылған қариялар мекеніне айналған қарттар үйін біріктіру.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Бала жетім мен дана жетімді бір шаңырақ астына біріктіру мәселесін көтеру;

Қарттар үйіндегі ата-апалар мен жетімдер үйіндегі балалардың әлеуметтік-психологиялық жағдайы қазіргі таңдағы өзекті проблема екенін дәлелдеу;

Екі мекемені бір шаңырақ астына жинау мәселесін көтеру арқылы жетімдер мен қарттар үйіндегі ата-әжелеріміздің психологиялық хал-ахуалын жақсарту.

Бірі баласының мейірімінсіз, бірі ата-анасының мейірімінсіз қалған қос жетімге қол ұшын созу. Бір-бірінен отбасын табуға көмектесу;

Зерттеу болжамы:

Қатыгездіктің құрбанына айналған жетімдер мен қарттар бір-біріне бауыр басады;

Бала жетім мен дана жетім бір шаңырақ астына бірігеді, отбасына айналады;

Балалар мен қарттардың психологиялық хал-ахуалы жақсарады.

Қоғамда белең алған аталмыш дерт өз шешімін табады.

Зерттеу жаңалығы:

1.Екі жетім бір шаңырақ астына біріксе, бір отбасына айналса;

2. Қоғамдағы «жетім» ұғымы жойылса.

Зерттеу нәтижесі: Қарттар үйіндегі ата-әжелерімізбен жетімдер үйіндегі балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек беру арқылы бір шаңырақ астына біріктіру.

Зерттеу кезеңдері:

1. Тақырып талдау

2.Материалдар жинау

3.Ізденіс жұмыстарын жүргізу.

4.Ғылыми жетекшімен байланыстыру

5.Тиісті материалдарды жинақтап, жүйелеп, қорытындылау



Қоғамы құбылып тұрған мына қат-қабат заманда әке-шешені қадір қасиеті жоғалып бара жатқандай...

Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады...

Қорытынды:

Қорытынды бөлім

Бүгінгі біз көтеріп отырған мәселе тек бір адамның ғана емес бүкіл қоғамның мәселесі.

Кішкентайынан әлпештеп өсірген ата-ана­сын сол бір қараң қалғыр шаңыраққа апа­рып тас­тап жа­т­қан балалар мен өз баласы бауыр етін қиып тастап кеткен ата-аналар жағдайы жүректі ауыртқаны сөзсіз.Біз үшін бұл тақырып өте ауыр және сонымен қатар біздің халқымызды жайлап бара жатқан үлкен дерт еді. Нақ осы екі объектіні таңдау себебіміз, екі жақта тастанды, мейірім мен жылулықты, махаббат пен қамқорлықты қажет ететін жандар. Ендеше неге осы екі тастандыларды бір шаңырақ астына біріктірмеске? Неге бірінің немереге деген сағынышын осы арқылы баспасқа? Неге баланың ата-ана, ата-апа алақанының жылуын осылай сездірмеске? Беті бүлк ет­пес­тен ая­у­лы ана­сы­нан, асқар та­у­дай әкесінен айырылған балаларға үлкендердің ақылы, мейірімділігі артық етпес.  Қартайғанда немере-шөбере қызығын көрудің ор­ны­на қабырғаларын қайыстырып, өмірлері өксіп отырған қарттар үйіндегі әже аталарымыз осы тастанды балаларды көріп қайғы мұңын бір сәтке ұмытар еді деп ойлаймыз. Және осы екі жақ бір бірін жақсы түсінеді, себебі олар тастанды болудың қандай екенін біледі. Олар жақындарын көруді аңсайды, армандайды. Тағдырдың тәлкегіне түскен бұл екі жақ тез тіл табысып, бір шаңырақ астында бір бірімен үйлесімді, тату да тәтті өмір сүретінін біз жүргізген сауалнамалық әдістер қортындысы растап отыр. Біздің ендігі мақсатымыз осы мәселе жабулы қазан күйінде қалмай, жоғарғы билік өкілдеріне жеткізу. Осы мәселені қоғам деңгейіне көтеру.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет