Тақырыбы: Экономикалық теорияның пәні мен әдістері



бет1/3
Дата24.10.2022
өлшемі21,93 Kb.
#154711
  1   2   3
Байланысты:
экон теория пәні


Тақырыбы:


Экономикалық теорияның пәні мен әдістері.
Орындаған: Келжанова П
Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті
Тексерген: Ыбышова С.Т
Кез келген ғылымның зерттеу пәні болады. Экономикалық теория пәнінің көптеген анықтамалары кездеседі. Бұл ғылым-ның пәні өте күрделі және сан қырлы, өйткені адам өмірі, соның ішінде экономикалық өмірі күрделі. Сондықтан оған қысқа да нұсқа анықтама беру қиынға соғады. Экономикалық теорияның анықтамалары оның пәнінің түрлі жақтарын ашып көрсетеді.
К. Макконелл мен С. Брюдің "Экономикс" атты оқулығын-да келесі анықтама келтірілген: "Экономикалық теория – бұл шектелген ресурстар әлемінде материалдық игіліктерді өндіру, бөлу және тұтыну үрдісіндегі адамдардың мінез-құлқын зерттеу".
Ресей ғалымдары экономикалық теорияның пәніне берген кейбір анықтамаларын қарастырып өтейік. Н.С.Чернецова В.А.Скворцова, И.Е.Медушевская "Экономическая теория" оқу-лығында келесі анықтаманы келтіреді: "Экономикалық теория – категория, заңдар мен үлгілер және олардың даму заңдылықта-рымен айқындалатын экономикалық құбылыстар мен процестер туралы білім жиынтығы".
Г.М.Гукасьян "Экономическая теория" оқу құралында бе-рілген анықтама: "Экономикалық теория – шаруашылық жүр-гізудің заңдарын және түрлі деңгейдегі шаруашылық жүргізуші субъектлердің рационалды мінез-құлқын зерттейді, оның объек-тісі ретінде әлеуметтік-бағытталған аралас экономиканы қарас-тырады".
В.И.Видяпин, Г.П.Журавлева "Экономическая теория (по-литэкономия)" оқулығында экономика ғылымдарының докторы, профессор А.И.Добрыниннің экономикалық теорияның пәніне берген анықтамасын ең ауқымды және дұрыс деп санап, оның анықтамасын келтіреді: "Жалпы экономикалық теория – бұл бә-секені тудыратын шектелген ресурстар жағдайында қажеттілік-терді қанағаттандыру мақсатында материалдық игіліктерді өнді-рудегі, бөлудегі, айырбастадағы және тұтынудағы адамдар мен топтардың мінез-құлқын зерттейтін қоғамдық ғылым".
Қазақстандық ғалымдардың оқулықтарында да экономи-калық теорияның пәніне түрлі анықтамалар берілген. Соның ішін-де, Ө.Қ.Шеденов, Ғ.Н.Сагындыков, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов және т.б. "Жалпы экономикалық теория" оқулығында "Эконо-микалық теория – бұл іргелі экономикалық ғылым, әлеуметтік-гуманитарлық және кәсіби экономикалық білімнің негізі. Осы тұрғыдан, экономикалық теорияны қоғамдық байлықты және экономикалық қатынастар мен экономикалық заңдарды реттей-тін ғылым" деп қарастырады.
Ал, Б.Бихондиев "Экономикалық теория" оқу құралында экономикалық теорияның пәніне келесі анықтаманы береді: "Сан-алуан тарихи кезеңдерде және түрлі деңгейде шаруашы-лықты жүргізетін тұлғалардың қызметі мен шаруашылықты ұтымды басқару заңдарын зерттейтін ғылым".
Экономикалық теорияның пәні – бұл ресурстардың шектеулігі мен адам қажеттіліктерінің шексіздігі арасын-дағы қайшылықтар жағдайында материалдық игіліктер мен қызметтерді өндірудің тиімді жолдарын іздестіру үрдісіндегі адамдардың арасындағы қарым-қатынастар".
Бұдан адам қажеттіліктері мен ресурстар ұғымдарын қа-растыру қажеттілігі туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет